— Назад! Назад! – деп айқайлады лейтенант (Т. Ахтанов).
Осы мезетте Мұрат садақ оғынша атылып кетті (Б. Соқпақбаев).
б) Кейбір әскери және спорттық бұйрықтар есімді болып келеді: — Стоп!–
деп команда берді ол. Садыққа бірдеңе деп, мін таққан болды. Бұнысы Мұрат
аздап та болса, дем алып алсын дегені.
— Бокс! (Б. Соқпақбаев).
Сонан соң малын түгендеген бақташыдай «бір», «екі» дегізіп санатады.
Санап болған соң: «Наместо шагом арш!» «Солаяқ!» «Солаяқ!»...
(Б. Соқпақбаев).
Үшінші раунд екі жақтан бірдей шарт–та–шұрт шабуылдасумен
басталды. Тағы да клинч!
— Стоп! Бокс!
Сандересс бұлт етіп бұрышқа қашып шықты (Б. Соқпақбаев).
— Бокс! – деп команда берді рингтегі судья. Әскери бұйрықтар туралы Қ.
Қожағұлова: «Әскери саптық бұйрықтардың термин ретіндегі ерекшелігі – оның
заттық атауы емес, іс-әрекетті танытуы, атауы. Бұйрық беру арқылы белгілі бір
іс-қимыл басталса, бұйрықпен аяқталады. Қазақ тілінде қимылдың, іс-әрекеттің
басталуын, дамуы мен аяқталуын етістіктің қимыл-әрекеттің өту сипаты
категориясының мазмұнына тән грамматикалық мағына білдіреді... (Мысалы: Тік
тұр! – Еркін тұр!; Адым бас! – Тоқта!; Сапқа тұр! – Тара!; т.б.)» (Qozhagylova, 2006:
16),– деп, оның етістіктің бұйрық райлы түрлерін көрсетеді.
Қорытынды
Әрине, бұйрықты сөйлемдердің етістіктің бұйрық райы арқылы
жасалатынына дауымыз жоқ. Дегенмен тілімізде әскерилер қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: |