Автокөлік психологиясы



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#131391
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

2.5.6 Түйсік қасиеттері

Түйсіктердің әрқандай турі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге іе Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекеңдігі.

Түйсік сапасы - нақты түйсік турінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберіңде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалык көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.

Түйсік карқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіреп, өз кезегінде әсер етүші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.

Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарымдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркеңдіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етумен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің лагенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.

Түйсіктің тітіркеңдіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап турған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орныңдағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.

Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная локализация) де тән қасиет. Әрқаңдай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные) түйсіктер тіркеңдіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.

Түйсік табалдырықтары Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градус көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.

Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркеңдіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргішті түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезетте түсіп, қонып жатқан көз көрінбес шаң-тозаң түйіршіктерін келтіруге болады.

Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шын шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырық-пен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі котерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс кұлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз). Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты озгеріп отырады: қызмет турі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б.

Икемделу (адаптация) құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, соңдықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсеріне түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа шыққаңда не жарықтан күңгірт жайға сезгіштігі енгенде байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағдайда - керісінше, аса жарық жерден жарығы солғын бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м. уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мушелерінін тітірткендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.

Түйсіктердін өзара ыкпал жасау қасиеті.

Түйсіктердің қарқыңдылыгы тек қана нақты тітіркендіргіштердің мен икемделу деңгейіне тәуелді больш қлмастан, бір уақытта сезім мүшелдігіне әсер етіп жатқан басқа да тітіркеңдіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшесріне түсіп жатқан әерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі түйсіктердің зара ықпалы деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық әсер (ысқырық) керу түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не елсіретуі ғылымда дәлендеген (С. В. Кравцов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді -бұл жалпы заңдылық.

Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы -сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р.Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъект кейіпіне, физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосып болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің сезімталдығын артгыруға себеп болады. Әдетте, қызыл адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологиада синестезия деп аталды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тагам жөнінде әңгімісін естіп отырып, бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.

Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының от, тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнеллеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.


2.5.7 Қабылдау түсінігі

Жоғарыда айтқанымыздай, түйсіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды.Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан анағұрлым бай келеді. Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам белектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен бірігуі күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің (синтез) мұндай турі бір сезімдік қызмет аймағында да (суретке қарай, біз әр-түрлі кор әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ, бірінші сезімдік қызмет ауқымымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипай сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттсрі бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.

Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың еш-бір қиындығы жоқ қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объекттің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаные заттардыц қабылданып, танылуы әлдеқкайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құспған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат агымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркеуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәңді тетіктерін байқастыру үшін заттарды туртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуеңдеп не күбірлей қайталау. Сондықтан психикалық қабылдау процесін субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарас-тырған жөн.

Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъекттің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объект неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.

Міне сондықтан да, қабылдау барысыңдағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады және бір маңызды жағдай: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жәй деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалық іс-әрекеттіңең Жоғары сатысы тілмен тікелей байланысты.



3 Зейін мен ес жөнінде түсінік

3.1 Зейін жөнінде түсінік
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның тур-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысы шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сездерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарын аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгіш мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады

Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объектті күлі бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралыгаңда өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды Зейінді болу үшін қандай да бір істің турін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың, белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдыңда тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, салудың күші де кемірек қеледі.

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқыңдалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-эрекетті бақылау және реттеу қызметін атқарады.

Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тындап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интелектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, озге танымдық процестердің қосалқы иттерін атқаратынын дәлелдейді.

Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын тұсіңдіруде Н.И.Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:

1. Зейін кимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.

2. Зейін сана аумағынын шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін тұсіндіріп жатпастан, И.Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.

3. Зейін- көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейінің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.Миль «ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас - екеуі де бір нэрсе» деп тұжырымдайды.

4. Зейін өткен тәжиребенің нәтижесі,яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.

5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылыс ының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндірүге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.

6. Зейін жүйке тітікендіргендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жуйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріліді.

7. Жүйкелік тежелу теориясы зейінің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиололгиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындады.

Қазіргі заман психологтарының зейінді тұсіндіруге байланысты пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келісідей:

-зейін бағыттау зертеушілік іс-әрекеттіңбір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтауға бағышталған психологиялық әрекет.

-өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам эрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктеріне тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады.

-белгілі өнім шығаруға бағытталған эрекетттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды.

-психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған кұбылыс тұрғысынан зейінің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.

Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсіну мумкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы қабылданған.

зейін - бұл кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдык белсінділігін көтеруге қажет дүниелік не идеялды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы.


3.1.1 Зейін түрлері

Өзінің пайда болуымен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екі турге бөлінеді. Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар (пассив), еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тэуелсіз туындайды әрі эрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды езінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері эртұрлі, олар іс-әрекет иесінің дене тәндік, психофизиологаялық және психикалық кейіп қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға келтіріп қарастыру мүмкін.

Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқыңдылығы (интинсивность). Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау-мынау жеңіл сыбдыр шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, "тарс" ете қалған заттың дыбысы, оны ерксіз мойын бұруға мэжбүр етеді. Әрдайымым күшті тітіркену әсері, айқай-шу, коз қамастырар жарық, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы зейініміздің аударылуы әсердің шектсн тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан. Мысалы, үйде ванна құбырларыңдағы ұдайы болып тұратын су гуілін күндіз тіпті байқамаймыз да аңғармаймыз, ал сол гуіл тұнде күшейіп кететіндей, кейде үйқы бермейді.

Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосыңдылығы (необычность) да кіреді. Бұл тұргыдан жаңалық деп бүрын білмеген, көрмеген зат,құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаган тітіркендіргіштерді танимыз.

Адамньщ көңіл-күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне сәйкес тысқы ттркеңдіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тагам женіндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.

Зейін себептерінің, тортінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Міне осыдан, кеше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа тұседі тәртіп сақшысы орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал, архитектор не суретші ежелгі ғимраттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағат-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді езгеріске тұсіретін заттар, жағдайлар, құбылыс тар.

Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі опии саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл тұрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларыныи нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсеңді, ниеттелген деп те сипатталады. Қаңдай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәөжбүрлейміз. Ырықты зейініңі басты қызметі - психикалық процесс ағымын белсенді турде реттеп.бару.

Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмсн бірге берілмейді, сэбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л.С.Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысаңды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым, ишараны байқаумен, затты танып. не сөзді қайталап, сигналға жауап қайырады. Осылайынша, қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз қылық-әрекетін үлкендердің ауызша нүсқауларына бағындыруына тәуелді , ал содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты.

Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесімен орайлас келеді. Бірақ бұл факторлардыц ырықты зейін кезіндегі әсері тікелей емес жанама, яғни ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зеійін тікелей әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мәні мен кейінгі нәтижесіне бұрылады. Ал іс-әрекетболса, өздігінен емес, оның осы мақсат жолыңда қажеттілігінен ғана адамды қызықтырады.

Ғалым-психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір турін айырып қарастырады. Бұл зейін турінде адам толығымен іс-эрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып қөрінеді. Мұндай зейін турін орыс тілді әдебиеттерде "послепроизвольный" (Н.ФДобрынин) деп атаса, қазақ тіліндегі оқұлықтарда "үйреншікті зейін" атауымен баламаланған (Қ.Жарықбаев, А.Алдамуратов). Қай іс-әрекет болмасын алғашқы қезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа тұсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі,ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттіңнәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен езі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.

Үйреншікті зейін өзінің саналы мақсат пен қызығуларға тәуелділігінен ырықсыз зейіннен ажыралса, еріктік, күштер қатысынсыз жүзеге асуынан ырықты зейіннен ерекшеленеді.

Педагогакалық процеске орай үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой қуатын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезімнен еңбек ләззатына бөленуі керек.

Үйреншікті зейін өзінің ұзақ уақыт тұрақтылығы, үстемелі ақыл-ой қызметімен және Жоғары еңбектік нәтижесімен сипатталады.
3.1.2 Зейіннің физиологиялық негізі

Зейіннің физиологаялық тетіктер арқылы қажетті мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.

Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуат анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең үйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабыр сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергсі жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін гана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерге ғана жауап беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен, терең үйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз.

Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстін рөлі өте кушті. Бұл құбылыс тың негізі адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті: Мысалы, сәл ғана. сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарам құлағын туреді . Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған окушылар кенет есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.П.Павлов "немене?" рефлексі деп атаған.

Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып туратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (тұйсік) мүшелерінің икемдесу эрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттср құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға ететін жағымсыз әсерді басады.

Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіз деу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт-бағдарыы айқындап отырады. Сонымен бірге, бір-біріне қуат қосатын бір уақыттағы элденеше тітіркендіргшггердің бірігіп, эрекетке тұсуі де мүмкін Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажеті болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағыттаі жүруіне негіз қалайды.

Зейін эрекетінің физиологиялық көрінісін тұсінуде Ч.Шерингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінін индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукцңя), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған ерекетімен байланысьш жатады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаң түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтпрының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп турган импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының эрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бүрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.

Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылыс ын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән бол-маған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналды жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн себебі қозу тілдік (екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде алғашқы тітіркеңдіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.

Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін тұрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет