19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсерiне төзiмдi болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөлiктерi мен қоспалар жол берiлетiн нормадан аспауға тиiс.
4-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығы болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы жол жүрiсiн тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;
2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде төлеуді жүргізуге;
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, төлемақы алу пункті арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |