Автомобиль көлiгi туралы


қалалардың, астананың, аудандардың



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#174136
1   2   3   4

              қалалардың, астананың, аудандардың,
              облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi
              өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:


      1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның iшiнде ауданiшiлiк және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын бекiтедi;
      2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
      3) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекiтедi;
      4) әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекiтедi;
      5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тiзбесiн айқындайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
      2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
      3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келiседi;
      4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
      5) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      7) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзiрлейдi;
      8) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның iшiнде ауданiшiлiк және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын әзiрлейдi;
      9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
      10) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      11) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
      2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
      4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
      5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының


               автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк
               бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарын тоқтатуға;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
      4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетiлген, тексеру жүргiзуге қажеттi құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға құқығы бар.
      2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.
      Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау

      Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

      17-бап. Сәйкестiктi растау

      1. Автомобиль көлiгi саласындағы автокөлiк құралдарының, автокөлiкке арналған жабдықтардың, олардың өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi


               сақтандыру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.


      2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
      3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң  актiлерiмен белгiленедi.

      19-бап. Тарифтер

      1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауға еркiн (шарттық) тарифтер белгiленедi.
      2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифiн жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшiн бiрыңғай белгiлейдi.
      3. Жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифi жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тарифтер желiсiне сәйкес жолдың қашықтығына қарай белгiленедi.
      4. Жолаушыларды әлеуметтiк мәнi бар тұрақты тасымалдау тарифтерiн жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгiленетiн тарифтер жергiлiктi өкiлдi органмен келiсуге жатады.
      6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгiленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельдiлiгiн қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 2-1-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк


                 бақылаудың мәнi мен мақсаты

      1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшiн жүргiзiледi.


      2. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 19-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-2-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк


                 бақылаудың түрлерi

      1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:


      1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
      2) автомобиль көлiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын халықаралық шарттар талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
      3. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 19-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерi


                мен кезеңдiлiгi

       Ескерту. 19-3-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
                 автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын
                 көлiктiк бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарында жүзеге асырылады.


      1-1. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      2. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерi арнайы лайықталған ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуға тиiс. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының аумағында көлiктiк бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
      Ескерту. 19-4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша


                автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына
                көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары

      1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарының орындалуы көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:


      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлiнбейтiн жүктi тасымалдайтын iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттың болуын;
      3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;
      4) рұқсат алмай жүрiп-тұру жүйесi әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарының болуын тексеру арқылы жүргiзiледi.
      5) алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын көлiктi бақылау посттарда тахографтың болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегi мен тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
      3. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерiн тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген өлшемдерден асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелi ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен көлем рамкаларын қолдана отырып жүргiзiледi.
      Ескерту. 19-5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар



      1. Шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:
      1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;
      2) белгiленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшiн қажеттi (куәлiктермен, қозғалыс кестелерiмен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен және автостанциялармен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келiсiм-шарттармен);
      3) қауiптi жүктердi тасымалдау (тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауiптi жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкiсi, авариялық карточкалар, жүргiзушiлер мен мамандарды даярлау туралы куәлiктер, жүргiзушiнi қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберу туралы куәлiк, автокөлiк құралының қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсаты);
      4) тиiстi автокөлiк құралдарына арналған (белгiленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көлiктiк құжаттармен, билеттiк-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен) құжаттармен танысады.
      2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
      3. Автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
      1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған  қызметтiк үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтауын;
      2) автокөлiк құралдарының техникалық пайдаланылуының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн;
      3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргiзушiлердi рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргiзуге арналған қызметтер мен бiлiктi қызметкерлердiң не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестiгiн;
      4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостанциялар) жүйесiндегi жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидасы талаптарының орындалуын;
      5) автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiнiң белгiленген талаптарының орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлетiн параметрлерге сәйкес болуын;
      6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi қағида талаптарының орындалуын;
      7) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде тахографтармен жабдықталуға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
      8) Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдау қағидасы , олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы талаптарының және қауiптi жүктi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарының орындалуын;
      9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың орындалуын;
      10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi құжаттама мен аспаптардың болуын;
      11) жүргiзушiлер құрамы үшiн жол-көлiк оқиғалары мен Жол қозғалысы қағидасын бұзу туралы ақпараттың әдiстерi және жеделдiгiн, жүргiзiлген нұсқаманы, жол-көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын тiркеу жөнiндегi журналдардың болуын;
      12) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату жөнiндегi талаптардың орындалуын тексередi.
      Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi


                 уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:


      1) автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi шараларды қабылдау;
      2) автомобиль көлiгi саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының орындалуын бақылау;
      4) тасымалдаушылардың Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
      5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн сақтауын бақылау;
      7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;
      9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
      10) халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;
      10-1) республикаiшiлiк қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдау шартының болуын тексеру;
      11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
      12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгiленбеген өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;
      13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарын беру;
      14) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру;
      15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру;
      16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
      17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      18) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау.
      Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiндегi бақылау функцияларын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 7), 11), 14), 15), 16), 18)–21) тармақшаларында көзделгендерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша


                 жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.


      2. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кiрген кезде көлiктiк бақылау посттарында берiлетiн шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талоны негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.
      4. Уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргiзуi мүмкiн.
      5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға  рұқсат сұраған жағдайда уәкiлеттi орган оған Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн мұндай рұқсатты бередi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу құқығын куәландыру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.
       Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша


                 шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру
                 тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттер арасындағы жүктердiң, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиiс.


      Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
      2. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар мен жүктердi тасуына жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
      Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу және айырма белгiсi болуы мүмкiн.

      19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан


                  Республикасының аумағынан шығу және оларға
                  шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi

      1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетелдiк мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.


      Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
      2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
      3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
      Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.
      Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 19-10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша


                  отандық және шетелдiк iрi көлемдi және
                  (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
                  құралдарының жүрiп-тұруына арналған арнайы
                  рұқсаттарды беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына берiлген арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган жүру маршрутын белгiлегеннен және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн бередi.
      3. Егер жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемесi бойынша артық болса, арнайы рұқсат осы автокөлiк құралы бөлiнбейтiн, мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу қаупiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлуге келмейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана берiледi.
      Бөлiнетiн жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп-тұруы айқындалған жағдайда оны тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiне сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралынан жүктi түсiргенде және маршруттың нақты жүрiп өтiлген бөлiгi үшiн iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасын төленгенде тасымал арнайы рұқсат берiлмей жаңғыртылуы мүмкiн.
       Ескерту. 19-11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет