Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидасын бекiту туралы


§13. Металды және металл бұйымдарды тасымалдау



бет4/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#131362
1   2   3   4   5   6   7   8
§13. Металды және металл бұйымдарды тасымалдау
ерекшелiктерi

      325. Қағиданың осы параграфында металдың және металл бұйымдардың мынадай топтарын тасымалдау шарттары көзделедi:


      1) автокөлiк құралының көлемiн және салмағын ескере отырып, заңнамада белгiленген рұқсат етiлетiн салмақ пен көлем өлшемдерiнен аспайтын;
      2) ұзындығы 8 м артық
      3) бiр орынның салмағы 3 тоннадан артық./
      326. Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар тиеу жұмыстарын металдарды және металл бұйымдарды тасымалдау кезiнде механикаландырады.
      Тасымалдаушылар өздерiнде өзi түсiретiн автокөлiк құралы немесе механизация құралы болған кезде, тасымалдау шарты бойынша металдардың және металл бұйымдардың механикаландырылған түсiрiлуiн өздерiне алуы мүмкiн.
      327. Жүк жөнелтушi түрлi ұзындықты металды және металл бұйымдарды тиеу кезiнде, автокөлiк құралының шанағына анағұрлым қысқаларын үстiне салады.
      Ұзын көлемдi металл бұйымдарды ұзартылма тiркемелерге тиеу кезiнде жүк жөнелтушi автокөлiк құралы кабинасының артқы қабырғасы мен жүктiң арасында, тiркеме автокөлiк құралға қатысты әрбiр жаққа 90 градус бұрышқа еркiн бұрыла алу үшiн саңылау болуын қамтамасыз етедi.
      Цилиндр түрiндегi металдарды және металл бұйымдарды жүк жөнелтушi автомобильдер мен тiркемелерде тростармен, сондай-ақ ағаш сыналар сала отырып бекiтедi.
      Ұзын көлемдi және ауыр салмақты металдарды және металл бұйымдарды тиеу немесе түсiру жұмыстарын орындау алдында жүк жөнелтушi немесе жүк алушы жүк автомобильдерi мен тiркемелердiң алдыңғы және артқы доңғалақтарының астына сыналар салады.
      328. Тасымалдаушылар жүргiзушiлердiң техника қауiпсiздiгi және ұзын көлемдi және шомбал металдар мен металл бұйымдарды тасымалдау технологиясы жөнiндегi арнайы нұсқауын өткiзедi.
      329. Енi және ұзындығы бойынша шанақ көлемдерiнен шығатын, бiрақ жүгi бар автокөлiк құралының заңнамада белгiленген габариттiк өлшемдерiнен аспайтын ұзын көлемдi металдар және металл бұйымдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң негiзгi ережелерiн және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Көлiгi арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықталуға және арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша боялуға тиiстi жедел және арнайы қызметтердiң тiзбесiне сәйкес алдыңғы және артқы жағынан белгiленедi.
      330. Ұзын көлемдi және шомбал металдарды және металл бұйымдарды кран жабдығының көмегiмен тиеу немесе түсiру кезiнде жүргiзушi автокөлiк құралы кабинасында болмайды, ал жүк жөнелтушi мен жүк алушы жүктi автокөлiк құралы кабинасының үстiмен жылжытпайды.
      Автокөлiк құралы шанағының алдыңғы бөлiгiне тасымалдаушы кабинаны жүктiң зақымдауынан қорғайтын болат қалқан қояды.

§14. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды
тасымалдау ерекшелiктерi

      331. Тасымалдаушылар ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау үшiн тасымалдауға ұсынылатын ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың ұзындығын ескере отырып, кониктерi, тiркемелерi, ұзартылма жартылай тiркемелерi бар автомобильдер немесе ернеулi платформалары бар автомобильдер бөледi.


      Жүк жөнелтушi тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралдарын ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдардың кабинаға сырғу мүмкiндiгiн болдырмайтын кониктермен және құра-жабдықтармен (сырғанауға қарсы шиналармен немесе жалдармен) жабдықтауы тиiс. Кабинаның артынан оны бөренелер мен шыбықтар бастарының соққыларынан қорғау үшiн қалқан орнатылуы тиiс.
      332. Ағаш таситын жолдар бойынша ағаш дайындауды жүзеге асыратын мекемелермен, жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша ағаш тасу кезiнде автокөлiк құралының барынша енi 3,2 м, барынша биiктiгi 4 м ретiнде қабылданады. Автопоездың жалпы ұзындығына шек қойылмайды. Жүк жөнелтушi тиеу пункттерiнде және барлық автомобиль ағаш тасығыш жолдарымен қиылыстарда сымдардың, электр кабельдерiнiң және тағы басқа кемiнде 4,5 м биiктiкте iлiнуiн, сондай-ақ кез келген жүк көтергiштiктi ағаш тасығыштардың еркiн маневр жасауы мен айырылысуын қамтамасыз етедi.
      333. Тасымалдау қашықтығы 10 км дейiн болған кезде, ағаш тасу негiзiнен жартылай тiркемелердi алдын ала тиеу арқылы жүргiзiледi.
      Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды автокөлiк құралына тиеу мен бекiтудi – жүк жөнелтушi, ал түсiрудi және бекiткiштерiн алуды жүк алушы жүзеге асырады. Жүргiзушiнiң тиеу-түсiру жұмыстары мен бекiтуге қатысуына рұқсат етiлмейдi. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды кранның көмегiмен тиеу және түсiру кезiнде жүргiзушiнiң автокөлiк құралының кабинасында болуына рұқсат етiлмейдi. Жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) жүктi автокөлiк құралы кабинасының үстiмен жылжытуына рұқсат етiлмейдi.
      334. Жүк жөнелтушi ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк автомобилi мен тiркеме кониктерiнiң арасына бiркелкi орналастырады. Автокөлiк құралындағы жүктiң биiктiгi ұзартылмадағы жүктiң биiктiгiнен сортаменттер тасылатын болса 100 мм-ден, ал шыбықтар тасылатын болса 300 мм-ден аспайды.
      335. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдар тiркемелерi бар жүк автомобилiмен тасыған жағдайларда жүк автомобильге тiркеменi тiркеудi жүк жөнелтушi жүргiзедi. Тiркеушi автопоезд жинақтарының арасында жүргiзушiнiң рұқсатымен ғана болуы мүмкiн.
      336. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар орындардың көлемi мен саны бойынша жүзеге асырады. Жүктiң салмағын жүк жөнелтушi есептеу арқылы анықтайды және орындардың көлемi мен саны бойынша тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетедi.
      337. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдауға тасымалдаушылар қауiпсiздiк техникасы және осындай тасымалдың ерекшелiктерi бойынша нұсқаудан өткен жүргiзушiлердi ғана жiбередi.

§15. Жүктердi контейнерлер мен тегендерде тасымалдау

      338. Жүктердiң ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңiлдетiлген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететiн жүктердiң жеке түрлерiн тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлiк және өнеркәсiп тауарлары, өнеркәсiптiк және басқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүлiктерi тасымалданады.


      Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.
      339. Жүктердi автомобильмен тасымалдаулар үшiн қолданылатын әмбебап контейнерлер және тегендер ұлттық стандарттарға сәйкес келедi, олардың кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан мынадай таңбалары болады:
      1) Қазақстан Республикасы;
      2) контейнер тиесiлi адамның шартты (қысқартылған) атауы;
      3) контейнердiң нөмiрi;
      4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг;
      5 iшкi көлемi, м3;
      6) жасалған орны, айы және жылы;
      7) соңғы күрделi жөндеуден өткен орны, айы және жылы.
      Ескерту. 339-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      340. Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердiң негiзгi үлгiлерi, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрi – т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.
      341. Контейнерлер мен тегендердi тасымалдау үшiн тасымалдаушылар жүк автомобильдердi, ернеулi платформасы бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердi немесе мамандандырылған автокөлiк құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледi.
      342. Контейнерлер мен тегендердi автокөлiк құралдарына тиеу кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуiнен (қабырғасынан) бастап оның бойлық бiлiгiне симметриялы түрде бiркелкi орналастырылады;
      2) контейнерлер мен тегендердiң санын және оларды автокөлiк құралында орналастыру схемаларын жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы бiрге белгiлейдi, бұл ретте контейнерлердiң немесе тегендердiң брутто жалпы салмағы автокөлiк құралының жүк көтергiштiгiнен аспайды, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдерi автокөлiк құралдарының көлемдерiнен шықпайды, сондай-ақ жол белгiлерiнде көрсетiлген көлемдерден аспайды;
      3) қалааралық тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi контейнерлердi автокөлiк құралында есiктерiн платформаның iшiне қаратып орналастырады;
      4) қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезiнде, шартта автокөлiк құралынан контейнерлердi алмай жүктердi тиеу мен түсiрудi жүзеге асыру көзделетiн болса, контейнерлердi жүк жөнелтушi есiктерiн ернеулерге қаратып орналастырады;
      5) контейнерлердiң толық емес жинағын тасымалдау кезiнде, оларды автокөлiк құралы платформасының алдыңғы ернеуiне тығыз орналастырады. Бос контейнерлердi есiктерiн ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      343. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар контейнерлер мен тегендердiң алмасу пункттерiн кәсiпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық-техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарында және басқа да жүктердi жөнелту мен алу пункттерiнде жасауы мүмкiн.
      344. Жүктердi контейнерлермен тасымалдауға арналған жылдық шарттарда немесе бiр жолғы тапсырыстарда мыналар:
      1) әрбiр үлгiдегi контейнерлермен жүктердi тасымалдау көлемдерi (оның iшiнде контейнерлердi әкелу және әкету бойынша бөлек түрде);
      2) жүк жөнелтушiге бос контейнерлердi әкелу және жүк тиелгендерiн әкету кестесi;
      3) контейнерлердi тиеу және түсiру тәртiбi (оларды автокөлiк құралдан алып немесе автокөлiк құралдан алмай);
      4) жүк жөнелтушiде контейнерлердi алмасу пунктiн ұйымдастыру, оның жұмыс тәртiбi, айналымдағы контейнерлердiң санын белгiлеу, құжаттарды ресiмдеу тәртiбi және тағы басқа;
      5) контейнерлердiң айналым мерзiмдерi келiсiледi.
      345. Тасымалдаушылар тиеу үшiн ақаусыз, берiлген жүктi тасымалдау үшiн жарамды, жүктiң қалдықтары мен қоқыстан тазартылған контейнерлердi бередi.
      Берiлген жүктi тасымалдауға арналған контейнерлердiң жарамдылығын жүк жөнелтушi анықтайды. Контейнерде, тасымалдау кезiнде жүктiң сақталуына ықпал етуi мүмкiн қандай да болмасын ақаулықтар байқалған кезде, тасымалдаушы мұндай контейнерге тиеуден бас тартуы мүмкiн.
      Жүктердi қаңқасы қисайған, тиек құрал-жабдықтарында немесе пломбалау құрылғыларында ақаулық, көтеру сырғаларында жарықтар немесе айырылған жерлер бар, қаптамасы немесе төбесi зақымдалған және жүктiң жетiспеуiне, бүлiнуiне немесе зақымдануына әкелуi мүмкiн басқа да ақаулықтары бар контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      346. Жүктердi контейнерлерде автомобиль көлiгiмен тасымалдау осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес жасалатын бiр автомобильмен (автопоезбен) бiр жүк алушының мекенжайына тасымалданатын әрбiр тиелген контейнерге немесе контейнерлер тобына жасалатын тауар-көлiк жүкқұжатымен ресiмделедi.
      347. Тауар-көлiк жүкқұжатында жүк жөнелтушi:
      1) «Жүктiң атауы» деген бағанада – жүктiң атауын, контейнердiң нөмiрiн, пломбаның бедерiн;
      2) «Орындар саны» деген бағанада – контейнерлердiң санын (әртүрлi жүккөтергiш контейнерлер үшiн бөлек);
      3) «Салмағы, кг» деген бағанада жүктiң брутто салмағын және контейнердiң өз салмағын көрсетедi.
      Бiр тауар-көлiк жүкқұжатымен ресiмделген бiрнеше контейнердi тасымалдау кезiнде, жүк жөнелтушi онда барлық контейнерлердiң нөмiрлерi мен олардың әрқайсысындағы пломбаларды көрсетедi.
      348. Бос контейнерлердi толтыру үшiн алдын ала әкелу кезiнде тасымалдаушы әрбiр автокөлiк құралына екi данада iлеспе ведомосын осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес жазып бередi, олардың бiреуi – контейнерлердiң қозғалысын есепке алу үшiн, ал екiншiсi бос контейнерлердi тасымалдау кезiнде орындалған көлiктiк жұмысты есепке алу үшiн қызмет етедi.
      349. Жүк жөнелтушiде контейнерлерге жүк тиеу және жүк алушыларда жүктi контейнерлерден түсiру, әдетте, контейнерлердi автокөлiк құралдан алып жүзеге асырылады.
      Тиелген және бос контейнерлердi автокөлiк құралдарынан алуды және қоюды жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүзеге асырады.
      350. Жүк жөнелтушi жүктердi контейнерге толық сыйғанынша, бiрақ оның жүк көтергiштiгiнен асырмай толтыруы мүмкiн.
      Жүк жөнелтушi жүктi контейнерде, тасымалдау кезiнде оның контейнер iшiнде жылжып кету мүмкiндiгi болмайтындай және жүктеме контейнердiң еденiне бiркелкi бөлiнетiндей етiп орналастырады.
      Жүк жөнелтушi жүктi орналастыру кезiнде жүк пен контейнер есiгiнiң арасына 30-дан 50 мм дейiн бос кеңiстiк қалдырады. Жүктердi немесе оларды бекiтуге арналған құрал-жабдықтарды (тiректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердiң қабырғаларына, еденiне және төбесiне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етiлмейдi.
      351. Жүк жөнелтушi жүктердi контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңiлдетiлген ыдыспен тасымалдау кезiнде, жүктердi қажалудан, майысудан, мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердiң қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелердi қою, жүктi жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады.
      Контейнерге майланған күйдегi қосалқы бөлшектердi, метиздердi және басқа өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған өнiмдi тиеу алдында жүк жөнелтушi контейнерге төсеу және контейнердiң қабырғалары мен жүктiң арасына салу үшiн тығыз қағаз қолданады немесе контейнердiң iшкi бетiн ластанудан және зақымданудан сақтайтын басқа шаралар қабылдайды.
      352. Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңiлдетiлген ыдысқа (тор жәшiктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (бөтелкелер, банкалар) ғана жiберiледi.
      Контейнерге тиелуi немесе одан түсiрiлуi тиеу-түсiру механизмдерiн қолданусыз мүмкiн емес ауыр салмақты жүктер тасымалдауға тасымалдау шарты бойынша қабылданады.
      353. Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктердi, өткiр және улы заттарды, сондай-ақ иiсi нашар және контейнердiң қабырғалары мен еденiн ластайтын жүктердi тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      354. Тасымалдаушылар жүгi бар контейнерлердi контейнерлер мен пломбалардың сыртқы тексерiлуi бойынша және жүк жөнелтушi көрсеткен салмақ бойынша жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
      355. Тиелген контейнердi жүк жөнелтушiден қабылдау кезiнде тасымалдаушы контейнердiң сыртқы тексерiлуiн жүргiзедi, пломбаның бүтiндiгi мен жарамдылығын, пломба сымының бүтiндiгiн, сондай-ақ контейнерлердiң нөмiрлерi мен пломбалардың бедерлерiндегi жөнелтушi бақылау белгiлерiнiң тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген контейнердiң нөмiрi мен бақылау белгiлерiне сәйкестiгiн тексередi.
      Пломбаларының бедерлерi анық емес, сондай-ақ пломбалары дұрыс iлiнбеген контейнердi қабылдауға рұқсат етiлмейдi. Контейнердiң немесе пломбаның ақаулылығы, контейнер нөмiрi мен пломбалардың бедерлерiндегi белгiлердiң және тауар-көлiк жүкқұжатындағылардың сәйкес еместiгi байқалған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушiге хабарлайды.
      Мұндай контейнерлер тасымалдауға байқалған кемшiлiктер жойылғаннан кейiн қабылданады.
      Жүк жөнелтушi автокөлiк құралы келгенге дейiн контейнердi тиейдi, оны осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес пломбалайды және iлеспе құжаттарды дайындайды.
      356. Жүгi бар әрбiр контейнерге жөнелтушi тиелген орындардың санын көрсетiп, мөрмен және қолмен расталған жүктiң тiзiмдемесiн салады.
      357. Жүк жөнелтушiнiң зақымданбаған пломбасымен жарамды контейнермен келген жүктер жүк алушыға жүктiң салмағы, жай-күйi және жүк орындарының саны тексерiлмей берiледi.
      358. Жүк алушы жүгi бар контейнерлердi қабылдау кезiнде контейнерлердiң сыртқы тексерiлуiн жүргiзедi, пломбаның бүтiндiгi мен жарамдылығын және контейнерлердiң нөмiрлерi мен пломбалардың бедерлерiндегi жөнелтушi бақылау белгiлерiнiң тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген контейнерлердiң нөмiрлерi мен бақылау белгiлерiне сәйкестiгiн тексередi және тауар-көлiк жүкқұжатында контейнердi қабылдағаны туралы қол қояды. Жүк алушының тауар-көлiк жүкқұжатындағы қолы мөрмен немесе мөртабанмен расталғаннан кейiн ғана жүк алушы пломбаны алуы және контейнердi ашуы мүмкiн.
      359. Жүк жарамсыз контейнерде, сондай-ақ пломбасы бұзылған немесе болмаған контейнерде келген жағдайда, жүк алушы контейнердi тасымалдаушымен бiрге ашады, салмағын, орындар санын және жүктiң жай-күйiн тексередi және жүктiң жоғалғаны, бүлiнгенi немесе зақымданғаны байқалған жағдайда тауар-көлiк жүкқұжатына жазады немесе осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес актi жасайды.
      360. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктер түсiрiлгеннен кейiн жүк алушылар контейнерлердi жүктердiң қалдықтарынан тазартады, ал шикi мал өнiмдерiн және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдаудан кейiн жүк алушы контейнерлердi жуады және қажет болса оларды дезинфекциялауды жүргiзедi.
      361. Жүктердiң темiр жол станцияларынан, теңiз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан орталықтандырылған әкетiлуi кезiнде жүк алушылар өздерiнiң мекенжайына келген жүгi бар контейнерлердi, жүктердi көлiктiң тиiстi түрлерiмен тасымалдау қағидаларында белгiленген мерзiмдерде қабылдайды.

§16. Пакеттелген жүктердi тасымалдау ерекшелiктерi

      362. Өздерiнiң өлшемдерi мен қасиеттерi бойынша пакеттелiп жасалуы мүмкiн, жүктердi жүк жөнелтушi тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.


      363. Пакет деп ыдыстағы (жәшiктердегi, қаптардағы, бөшкелердi және басқалар) жеке орындардан құралған, бiр-бiрiмен бiр рет пайдаланылатын тасымалдау және сақтау үдерiсiнде әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегiш құралдардың көмегiмен байланыстырылатын тегендердегi немесе оларсыз:
      1) механикаландырылған тиеу (түсiру) мүмкiндiгiн;
      2) пакеттердiң бүтiндiгiн;
      3) автокөлiк құралдарының жүк көтергiштiгiн (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететiн iрiлендiрiлген жүк орны түсiнiледi.
      364. Пакеттегi жүктердi бекiту құралдарында жүк жөнелтушiнiң бақылау белгiлерi болады және бекiткiштер мен бақылау белгiлерiн бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкiндiгiн болдырмайды.
      Жүк жөнелтушiнiң атауы бар пломбалар, құлыпқа бекiтiлген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы бақылау белгiлерi болып табылады.
      Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктердi тасымалдауға беруге рұқсат етiлмейдi.
      365. Жүктердi пакеттеудi жүк жөнелтушi оларды тасымалдауға бергенге дейiн жүзеге асырады.
      Жүк жөнелтушi пакетте пакеттегi жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттiң брутто және нетто салмағын көрсетедi.
      366. Жүк жөнелтушi ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес пакеттердi қалыптастырады.
      Әрбiр пакетке бiрдей орамадағы немесе орамасыз, бiр жүк алушының мекенжайына баратын бiртектi жүктi ғана салуға рұқсат берiледi.
      Ескерту. 366-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      367. Тегендердегi пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшiктердегi, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде – берiктiгi жеткiлiктi емес ыдыстағы майда даралы, тiреу беттерi тегiс емес осал жүктер жәшiктi тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсiптiң ұсақ өнiмдерi тасымалданады.
      Кейбiр жүктер (түстi металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендердi қолданбай пакеттелуi мүмкiн.
      368. Көп айналымдық пакеттегiш құралдарды қауiптi жүктер мен өзiне тән иiсi бар жүктердi пакеттеу үшiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегiш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан – олар тазартылғаннан кейiн, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейiн қабылдайды.
      Жайпақ тегендердегi жәшiктердi бекiткiштердiң схемалары осы Қағидаға 11-қосымшада келтiрiлген.
      369. Жүктердi тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүктi немесе тегендi зақымдауы мүмкiн осыларға ұқсас құралдармен бекiтуге рұқсат етiлмейдi.
      370. Пакет құрастыру кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) пакеттiң салмағы тегендiктiң атаулы жүк көтергiштiгiнен аспайды;
      2) жайпақ тегеннiң жан-жағынан пакеттiң жиынтық асылмасы 40 мм аспайды.
      371. Жүк жөнелтушiлерге (жүк алушыларға) тиесiлi тегендер жүктердi тасымалдаудан кейiн, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерiнiң иелерiне қайтарылады.
      Бос тегендердi тасымалдау құны уағдаласу тарифтерi бойынша алынады.
      372. Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе бiржолғы тапсырыста:
      1) пакеттелген жүктердi тасымалдау көлемi;
      2) тегендердiң (пакеттердiң) үлгiлерi мен параметрлерi;
      3) пакеттердi тиеу және түсiру тәртiбi мен тәсiлдерi;
      4) тегендердi қайтару немесе алмастыру тәртiбi мен мерзiмдерi;
      5) пакеттелген жүктердi тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келiсiледi.
      373. Тауар-көлiк жүкқұжатында жүк жөнелтушi:
      1) ұлттық стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес пакеттер саны, жекелеген жерлердi орау түрлерi, теген типтерi;
      2) пакеттегi жүктiң нетто салмағын;
      3) пакеттердiң брутто салмағын көрсетедi.
      Тауар-көлiк жүкқұжатының барлық қалған деректемелерi осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес толтырылады.
      Ескерту. 373-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      374. Жүктердi пакеттермен жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердiң санын сырттай тексеру бойынша пакеттердi бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.
      375. Бекiткiшi бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуi бойынша бөлшектеледi, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегi жүк орындарының санын тексеру арқылы берiледi.
      Тиелген күйдегi ақаулы тегендердi жүк алушы қабылдайды.
      376. Бос тегендердi алуды, пакеттердi құрастыруды, оларды автокөлiк құралдарына тиеудi және бекiтудi – жүк жөнелтушi, ал пакеттердi босатуды, оларды автокөлiк құралынан алуды, тегендердi түсiрудi, автокөлiк құралдарына бос тегендердi тиеудi жүк алушы жүзеге асырады.
      Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердiң механикаландырылған тиелуi мен түсiрiлуiн қамтамасыз етедi.
      377. Ақаулы бос тегендердi тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар қабылдамайды.

15. Халықаралық қатынаста тез бүлiнетiн жүктердi
тасымалдайтын автокөлiктiк құралдарын куәландыру тәртiбi

      378. Куәландыруды ұйымдастыру тәртiбi автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылатын тез бүлiнетiн жүктердiң халықаралық тасымалдары үшiн арналған арнайы көлiк құралдарын тексерудi жүргiзетiн сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) қойылатын негiзгi талаптарды анықтайды.


      379. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарды (сарапшылар) жазбаша өтiнiштiң негiзiнде автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бекiтедi.
      380. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) үмiткердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк көшiрмесi, не салыстыру үшiн түпнұсқасын көрсете отырып көшiрмесi. Куәлiктiң түпнұсқасы сол күнi қайтарылады;
      2) өндiрiстiк база, соның iшiнде оларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына, сондай-ақ ТБТҚ талаптарына сәйкес көлiк құралдарын суытуға немесе жылытуға арналған жабдықтың изотермиялық қасиеттерi мен тиiмдiлiгiн сынақтан өткiзу немесе сараптық тексеру әдiстерiне сай келетiн сынақ құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптары туралы мәлiметтер;
      3) ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргiзу үшiн арнайы бiлiктiлiк даярлығынан өткен және көлiк құралдарын тексеру саласында iс жүзiнде машығы бар персонал туралы мәлiметтер;
      381. Үмiтерлерден өтiнiш алынған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды зерделеудi жүргiзедi;
      382. Үмiткердiң дайындығы оң бағаланған жағдайда, оның көлiк құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестiгiне сынақ және сараптық тексеру жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi орган бұйрығымен бекiтiлуге жатады.
      383. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) функциясын орындауға үмiткер терiс бағаланған жағдайда, үмiткер шешiм қабылданғаннан кейiн 5 жұмыс күнiнiң iшiнде бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде хабардар етiледi.
      384. Уәкiлеттi орган көлiк құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестiгiне сынақ станцияларының тиiстi функцияларын және сараптық тексерулердi орындауға үмiткерлерден мынадай жағдайларда:
      1) ұсынылған құжаттар толық емес немесе осы Қағиданың 380-тармағында көрсетiлген белгiленген талаптарға сәйкес болмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер жалған болса;
      3) үмiткердiң қызмет көрсетушi персоналының мамандығы ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргiзуге сәйкес болмаса, сондай-ақ оларда ТБТҚ мүше елдердiң оқыту ұйымдарында қажеттi емтихандарды тапсырып, сынақтарды өткiзу жөнiндегi арнайы дайындықтан өткендiгi туралы куәлiктерi немесе сертификаттары болмаса;
      4) өндiрiстiк техникалық базасы болмаса немесе ТБТҚ талаптарына сәйкес келмесе бас тартады.
      385. Уәкiлеттi орган сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) көлiк құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестiгiне сынақ және сараптық тексерудi жүргiзу мүмкiндiгiне бес жылда бiр рет қосымша тексеру жүргiзедi.
      386. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда сынақ станцияларының немесе сараптық ұйымдардың iс-әрекетiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды:
      1) сынақ станциясының немесе сараптық ұйымның жазбаша өтiнiшi негiзiнде;
      2) осы Қағиданың талаптары бұзылғанда;
      3) уәкiлеттi органға ұсынылған материалдар мен құжаттардың бұрмалану фактiлерi анықталғанда;
      4) егер көлiк құралдарын сынау немесе сараптық тексеру екi жыл iшiнде өткiзiлмесе;
      5) арызданушылардың сынақ немесе сараптық тексерудi жүргiзу сапасының қанағаттанарлықсыздығына бiрнеше рет берген негiздi өтiнiшi бойынша.
      387. Көлiк құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкес сынақ немесе сараптық тексеру жүргiзу үшiн өтiнiш берушiлер уәкiлеттi орган бекiткен сынақ станцияларына немесе сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) өтiнiш жасайды.
      388. Сынақ станциялары ТБТҚ талаптарына сәйкес көлiк құралдарын сынауды орындайды және сынақ хаттамаларын бередi.
      389. Сараптық ұйымдар (сарапшылар) ТБТҚ талаптарына сәйкес көлiк құралдарын сараптық тексерудi орындайды және сараптық тексеру хаттамаларын бередi.
      390. Көлiк құралының Халықаралық тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн тасымалдау туралы және осы тасымалдауларға (ТБТҚ) арналған арнайы көлiк құралдары туралы келiсiмнiң талаптарына сәйкестiгi туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк (бұдан әрi – Куәлiк) алу үшiн өтiнiш берушiлер осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi, техникалық паспорттың көшiрмесiн, сынақ хаттамасының түпнұсқасын немесе сараптық тексеру хаттамасының түпнұсқасын уәкiлеттi органға жiбередi.
      391. Сынақ станциялары немесе сараптық ұйымдар (сарапшылар) беретiн осы сынақ хаттамалардың оң нәтижелерiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес өтiнiш берушiге Куәлiктi ресiмдейдi және бередi.
      392. ТБТҚ Уағдаласушы тараптар болып табылатын шет елдердiң құзыреттi органдары берген куәлiктер уақытша болып табылады және Қазақстан Республикасында көлiк құралын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн үш айдың iшiнде уәкiлеттi орган берген Куәлiкпен ауыстырылуы тиiс.
      Шет елдердiң құзыреттi органдары берген куәлiктi Қазақстан Республикасының Куәлiгiне ауыстырған кезде өтiнiш берушi уәкiлеттi органға өтiнiмiн, ауыстырылатын Куәлiктi және ауыстырылатын куәлiктiң деректерi негiзiнде толтырылатын Куәлiк бланкiсiн ұсынуы қажет.
      393. Куәлiк алған өтiнiш берушiлердiң көлiк құралының ТБТҚ талаптарына сәйкестiгi туралы iлме-куәлiктi көлiк құралына iлiп қоюына болады. Iлме-куәлiктiң нысаны, жазылуы және орналасқан орны ТБТҚ талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      394. Тез бүлiнетiн жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын және ТБТҚ талаптарына сәйкес келетiн, уәкiлеттi орган берген Куәлiктi алған көлiк құралдарына ТБТҚ талаптарына сәйкес танудың әрiптiк белгiлерi мен жазулары түсiрiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет