Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiту туралы



бет1/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#130624
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шiлдедегi N 767 Қаулысы



      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2011 жылғы 2 шiлдедегi 
№ 767 қаулысымен    
бекiтiлген     

Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шiлдедегi № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.


      2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      багаж түбiртегi – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшiн қабылдағанын растайтын құжат;
      борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, мөрмен бекiтiлген және жергiлiктi атқарушы орган тiркеген, автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткенi туралы белгiлер қойылады. Борт журналының қолданылу мерзiмi оны тiркеген күннен бастап күнтүзбелiк бiр жылдан аспауы тиiс;
      жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;
      жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
      қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);
      қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелерi;
      маршрут – автобустың, шағын автобустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;
      маршрут схемасы – аялдау пункттерi, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темiржол өтпелерi, көпiрлер және тоннельдер) көрсетiлген маршруттың графикалық шартты бейнеленуi;
      рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың жолы.
      4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
      5. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) алдын ала анықталады.
      6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресiмдейтiн жол қағазының болуын қамтамасыз етедi.
      7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағида талаптарына сәйкес келетiн автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
      8. Тұрақты емес тасымалдау:
      1) заңды және жеке тұлғалардың бiр жолғы тапсырысы (өтiнiмi) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету жатады.
      Бiр жолғы тасымалдау белгiлi бiр кезең iшiнде шарттық негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн;
      2) таксимен тасымалдау болып бөлiнедi.

3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

      9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралдары жiберiледi.


      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқауды және автобустардың, шағын автобустардың олардың жарамсыздығы кезiнде уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етедi.
      Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың конструкциясы мен техникалық жан-күйi тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi" туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
      1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдауы маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
      2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 150 километрге (бұдан әрi - км) дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi.
      3) тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық және ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобильмен тасымалдау маршруттарына көрсетiлген тасымалдау түрiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жiберiледi.
      11. Республикалық маңызы бар ұзақтығы 150 км астам жолдар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс. Егер маршруттың ұзақтығы 500 км артық болса, онда автобустың салонында ауыстырушы жүргiзушiнiң орны көзделуi тиiс.
      12. Таулы маршруттарда 500 мың километрден артық жүрiсi бар немесе күрделi жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
      Таулы маршруттарда пайдаланылатын автобустар тұманға қарсы алдыңғы фаралармен және артқы жүрiстiң қосалқы фараларымен жабдықталуы тиiс, ал шиналар бұжыртабаны суретiнiң биiктiгi кемiнде 3,0 мм болуы тиiс.
      13. Автобустар, шағын автобустар:
      1) дәрiлер мен медициналық құралдардың қажеттi жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөлiктiк);
      2) авариялық аялдау белгiсiмен;
      3) ақаусыз өрт сөндiру құралдарымен;
      4) жол-көлiк оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру және есiктердi, терезелердi, авариялық люктердi жедел ашудың тиiстi құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен жинақталады.
      14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиiс
      1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
      2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
      3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
      4)жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
      5)тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
      6) Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30%-дан артық жабуға тыйым салынады;
     7)жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
      15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.
      Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейiн өткiзiледi.
      16. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық және халықаралық тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустарда багаж бөлiмшелерi болуы тиiс, сондай-ақ қосалқы доңғалақпен және домкратпен жабдықталады.
      17. Тахографтармен:
      1) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
      2) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданааралық (қалааралық облысiшiлiк) және ауданiшiлiк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар жабдықталуы тиiс.
      18. Автобустардың салонында жүргiзушi кабинасының (орнының) жанында мыналарды қамтитын ақпарат орналасады:
      1) тасымалдаушының толық атауы;
      2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмiрлерi;
      3) жол полициясының, аумақтық көлiктiк бақылау және медициналық қызмет органдары телефондарының нөмiрлерi;
      4) маршрут схемасының көшiрмелерi;
      5) жол жүру құны туралы мәлiмет.
      Тұрақты маршруттар үшiн (қалалық маршруттарды қоспағанда) сапар қашықтығына байланысты жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесi ұсынылады;
      6) ақы төлемей жол жүргенi және/немесе багаж алып жүргенi үшiн айыппұлдың мөлшерi;
      7) жолаушылардың құқықтары мен мiндеттерi.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар дауыс зорайтқыш қондырғылармен, ал басқарудың автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi – БАЖ) жұмыс iстеген жағдайда желiдегi жұмысты бақылау құрылғысымен жабдықталады.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау үшiн осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларының қолданысы тарамайды       19. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмiрi көрсетiлген трафареттер қойылады.
      Маршруттың нөмiрi ашық сары түстi реңде шрифттiң биiктiгi кемiнде 120 мм қара түспен ресiмделедi. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте маршрут нөмiрiнiң астында шрифттiң биiктiгi кемiнде 60 мм қызыл түстi "Жедел" деген жазу ресiмделедi.
      20. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есiктерiнiң бiрi жанында маршруттың нөмiрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетiн негiзгi көшелердiң, қоғамдық мәнi бар орындардың атауы) бар трафарет орнатылады.
      21. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустарда жол жүрудiң бастапқы, соңғы және iрi аралық пункттерi көрсетiлген алдыңғы және бүйiрлiк (оң жағында) трафареттерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда басқа тiлдерде рәсiмделедi.
      22. Алдыңғы және артқы трафареттерде тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандыру болады.
      23. Балалардың ұйымдастырылған топтарын автомобильмен тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болуы тиiс. Бұдан басқа осы автобустардың алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгiлерi мен сары түстi жарқылдауық шамдар орнатылады.
      24. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында "Тапсырыспен" деген жазуы бар трафареттер орнатылады.
      Жазу шрифт биiктiгi кемiнде 120 мм қара түспен ресiмделедi және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.
      25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы жағында мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүктi әйелдерге және мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделедi. Осы орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететiн ақпараттық тақта орнатылады.
      26. Такси төбесiнде орналасқан және 500 метрге дейiнгi қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгiлерiмен жабдықталады. Айырым белгiде "Т" (такси) деген жазу және/немесе өзiне тән шашкалық белдеуi болуы және тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылуы тиiс.
      27. Такси сыртынан жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен бiрыңғай түстi гаммада безендiрiледi.
      28. Такси сыртқы екi бүйiрi бойынша шахматтық тәртiппен орналасқан қара және сары шаршылардан құралған белдеумен мынадай өлшемде ресiмделедi:
      биiктiгi – 30 сантиметр;
      ұзындығы – кемiнде 100 сантиметр.
      29. Такси жарамды, стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi орган тексерген және пломбаланған таксометрмен жарақталады.
      30. Таксидiң салонында жолаушылар көретiндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефонының нөмiрi көрсетiлген ақпараттық тақта орнатылады.

4. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу және тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi

      31. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу бастамашылары бола алады.


      32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесiн әзiрлейдi және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:
      тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға;
      жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;
      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi.
      33. Егер:
      1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
      2) автомобиль жолдарының жай-күйi және оларды жайластыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе;
      3) осы Қағиданың 36-тармағында көрсетiлген шарт орындалса, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудың жаңа маршруттары ұйымдастырылуы мүмкiн.
      34. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiсiн қалыптастырған кезде, жергiлiктi атқарушы органдар кенттермен, ауылдармен (селолармен) аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
      35. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiсiн қалыптастырған кезде, мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етiледi:
      әрбiр маршрут бойынша тасымалдауларда халықтың мұқтажын қанағаттандыру;
      белгiленген нормалар бойынша автобус сыйымдылығын ұтымды пайдалану;
      жүру жолындағы жолаушыларға қажеттi жағдайларды жасау;  жолдардың өткiзу қабiлетiн, аялдама пункттерiн және инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн есепке алу;
      нормативтердi және автобустарды пайдалану қағидасын, жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарын сақтау;
      жолаушылардың жол жүруге жұмсайтын уақытын төмендету;
      барлық түйiндес маршруттар бойынша автобустар қозғалысының мерзiмдiлiгi;
      Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру қағидасына сәйкес жүргiзушiлердiң еңбек режимiн және шарттарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн тахографтарды пайдалану.
      36. Қалыптастырылатын маршруттар желiсi (халықаралық, қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) мынадай шарттарға сәйкес келедi:
      1) қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалы бойынша:
      150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезiнде 1 сағаттан артық
      350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезiнде 2 сағаттан артық
       500 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезiнде 3 сағаттан артық
      500 км артық қосарлану ұзақтығы кезiнде 4 сағаттан артық болуы тиiс;
      2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде (көктем-жаз және күз-қыс мезгiлдерi бойынша бөлек) уақыт бойынша айырмашылығы:
      150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
      350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 30 минутқа дейiн;
      350 км артық қосарлану ұзақтығында 1 сағатқа дейiн қысқартылады.
      37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
      Қосымша қозғалыс кестесiне қызмет көрсету құқығы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушыға берiледi.
      Қосымша қозғалыс кестесiне қызмет көрсетуден тасымалдаушы бас тартқан жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар осы қозғалыс кестесiн конкурстық негiзде осы маршрутқа қызмет көрсету жөнiндегi шарттың қолданылу мерзiмiне бөледi.
      38. Жаңа республикаiшiлiк маршруттарды ашу кезiнде келiсу мынадай сатыға сәйкес жүзеге асырылады:
      қалааралық облысаралық
      ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк);
      қала маңындағы және ауданiшiлiк.
      39. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) маршруттарды ашу кезiнде тасымалдау көлемiн зерделеу үшiн осы маршрутқа екi ай қызмет көрсететiн тасымалдаушыны белгiлейдi.
      Зерделеу нәтижесi бойынша осы Қағидада белгiленген мерзiмдерде осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиiстi конкурс өткiзу туралы шешiм қабылданады.
      40. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесi оң келiсiлген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағиданың 41-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
      41. Маршруттарды ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында:
      автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган – жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарының
      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
      42. Тiзiлiмдер маршруттардың мынадай негiзгi сипаттамаларын:  жүрудiң бастапқы және соңғы пункттерi бойынша маршруттардың нөмiрiн және атауын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршруттағы пункттер бойының санын және атауын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршрут ұзақтығын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршруттағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығын;
      маршрутқа қызмет көрсету кезеңдерiн: жыл бойы, қосымша (белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (қалалық маршруттарда демалыс, мереке күндерi немесе "қауырт" сағаттар), маусымдық (алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, жолаушылар ағыны жоғарылаған кезеңде жұмыс iстеген кезде);
      бiр автобусқа арналған қозғалысты регламенттейтiн қозғалыс графиктерi қоса берiлген (шығуы) жиынтық маршруттық қозғалыс кестесiн (маршрутқа қызмет көрсететiн барлық автобустар үшiн маршруттың аялдау пункттерi бойынша (аялдамалардың) өту уақытын регламенттейтiн құжатты (кестенi));
      жолаушылар ағынын және жолаушылар айналымын;
      жолаушылар және жалпы отыруға арналған орындар бойынша автобустардың маршруттағы автобустардың, шағын автобустардың класы және паспорттық сыйымдылығын (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
      резервтiк жылжымалы құрамды ескере отырып, маршрутта қызмет көрсетуге арналған автобустардың, шағын автобустардың қажет санын;
      тасымалдаушы туралы мәлiметтердi (атауы, мекенжайы, тегi, аты, әкесiнiң аты, тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты адамның және басшының телефондары) және оған берiлген рұқсат құжаттарының қолдану кезеңiн қамтиды.
      43. Облыстық немесе қалалық жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн тiзiлiмдерге станциялық қозғалыс кестесi (нақты пункт арқылы өтетiн (автовокзал, автостанция, бақылау пунктi) барлық маршруттардағы автобустардың келу және жөнелту уақыты көрсетiлетiн құжат), сондай-ақ графикалық қозғалыс кестесi (барлық өтетiн автобустар үшiн маршрутта немесе жолдың жеке учаскесiнде автобустар қозғалысын ұйымдастырудың көрнектi графикалық бейнесi) қоса берiледi.

5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргiзу

      44. Тасымалдаушы жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден, қызметтiң осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жiберiлген, лицензиясының нөмiрi, тегi немесе аты-жөнi көрсетiлген лицензиясы және тиiстi мөртабаны бар медицина қызметкерiнiң (бұдан әрi – медицина қызметкерi) өткiзуiн қамтамасыз етедi.


      45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейiн отыз минут қалғанда жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.
      46. Бiр күн iшiнде бiрнеше рейс орындау қажет кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру бiрiншi рейс алдында бiр рет өткiзiледi.
      47. Жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жеке жүргiзiледi және оған:
      1) сауал беру, тексерiлетiннiң сыртқы түрiн, жүрiсiн, тұрысын, мiнез-құлқы мен көңiл-күй әрекеттерiнiң барабарлығын, сөзiнiң байланыстылығы мен нақтылығын, iс-қимылын, санасын, терi жабыны мен көрiнетiн сiлекейлi жабыны, көз шелiнiң түсiн, көз жанарының мөлшерiн, тыныс алу ерекшелiктерiн қарау және бағалау;
      2) айтылған арыздарды, рейсаралық (ауысымаралық) тынығу мен ұйқы ұзақтығын айқындау және қарау;
      3) қан қысымын, пульстiң жилiгi мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты тексеру, лимфа түйiндерiн, iштi қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа сындарын орындау дәлдiгiн анықтау кiредi. Жүргiзушi ауруының анамнезiнде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерулердiң жеке картасында жүргiзушiнiң негiзгi функционалды көрсеткiштерiнiң рұқсат етiлген параметрлерi белгiленедi.
      48. Арыз, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.
      Медицина қызметкерi жүргiзушiлер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде - борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын жүзеге асырған кезде жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерiнiң қолы қойылады.
      49. Алькогольдiк, нашақорлық, токсикомандық күйде (ауыздан алкоголь иiсiнiң шығуы, тұру орнықсыздығы, сөздiң бұзылуы, саусақтардың нақты дiрiлi, терi беттерi түсiнiң өзгеруi) екенiне жеткiлiктi негiз бар адамдар көлiк құралдарын басқаруға жiберiлмейдi.
      Осы қорытындымен келiспеген жағдайда, бұл адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы жүрген заңнамасына сәйкес психактивтi затты қолдану және мас күйiнде екенiн айғағын анықтау үшiн медицина қызметкерiнiң ерiп жүруiмен медициналық куәландыру жүргiзуге уәкiлеттi жақын арадағы медициналық ұйымға жiберiледi.
      50. Жарақат табылған және қатты ауыру немесе ескi аурудың күшеюi белгiлерi - қан қысымының қалыпты немесе жеке рұқсат етiлген параметрлерден сынап бағанасының 20 мм-ге артық болуы, брадикардия минутына 55 соғудан кем, тахикардия минутына 85 соғудан артық (жүргiзушi пульсiнiң жеке рұқсат етiлген параметрлерiн қоспағанда), артериялық гипертония, қатты инфекциялық ауру белгiлерi, ауыру синдромы, естен тану және денсаулық жай-күйiнiң басқа бұзушылықтары байқалған кезде, жүргiзушiлер емдеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау үшiн маманға қабылдауға жiберiледi. Қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыру қамтамасыз етiледi.
      Уақытша еңбекке жарамсыздық белгiлерi амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмыс iстемейтiн уақытта анықталған жағдайда, науқасқа қажеттi медициналық көмек көрсетiледi және тексеру күнiн, уақытын, болжанған диагнозды және көрсетiлген медициналық көмектiң мөлшерiн мiндеттi түрде көрсетiп, маманға жолдама ресiмделедi, ол дәрiгердiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын беру үшiн негiз болып табылады.
      51. Медициналық қызметкер жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын басқаруға жарамдылығы туралы рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргiзу сәтiне қорытынды бередi.
      52. Медициналық қызметкер тасымалдаушыны тексерулерден бас тарту жағдайлары туралы, науқастану, жарақаттар, психактивтi зат қолдану белгiлерi байқалған кезде жүргiзушiлердiң көлiк құралдарының басқарудан шеттетiлуi туралы тасымалдаушыны дереу хабардар етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет