Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы


-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік



бет4/12
Дата12.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#130599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік
тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына
конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер
      129. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауын көрсетілген маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурста (бұдан әрі - Конкурс) жеңген тасымалдаушылар, тасымалдаушылар мен жергiлiктi атқарушы органдардың арасында жасалған жолаушылар мен багажды автомобильмен тиiстi тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негiзiнде жүзеге асырады.
      130. Конкурсқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелiк ететін, осы Қағиданың талаптарына сәйкес осы тасымалдау түрін ұйымдастыратын және "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысына сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
      131. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негiзiнде бөлінеді. Конкурсқа жеке маршрут та, бiрнеше маршрут та бiр лотпен шығарылуы мүмкiн. Лотты қалыптастыру кезінде маршруттардың маңыздылығы мен рентабельдiлiгi ескерiледi. Лотқа едәуiр рентабельдiлермен қатар рентабельдiлiгi төмендеу, бiрақ әлеуметтік маңызы бар маршруттар кiредi.
      132. Конкурстың ұйымдастырушылары:
      1) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалық қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады;
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамалары бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген жол жүру кестесін береді:
      бастапқы және соңғы жүру пункті бойынша маршруттың нөмірі және атауы;
      паритеттік қызмет көрсету тәртібін көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету кезеңі;
      маршруттағы аралық пунктердің атаулары мен санын және тікелей және кері бағыттағы қозғалыс жылдамдығын орташа пайдалануын көрсете отырып, маршрут бойынша қозғалыс кестесі;
      жолаушылар орындықтарына арналған орындар бойынша паспорттық сыйымдылығын көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету үшін қажетті автобус класстарын, сондай-ақ жылжымалы резервтік құрамды есепке алғанда қажетті автобустар санын;
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауға конкурс бекітілген жүру кестесін алғаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.
      2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
      Ескерту. 132-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      133. Нақты маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығына арналған Конкурстың жеңiмпазы болып жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудi және осы маршрутта (маршруттарда) тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ескере отырып, тасымалдаудың ең жақсы шарттарын ұсынған және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тиісті бағалау шкаласы бойынша есептелген ең жоғарғы балл алған қатысушы танылады.
      134. Егер екi және одан да көп қатысушы бiрдей барынша жиынтық балл алса, онда отандық өндірісті автобустары және шағын автобустары бар, ең төменгi жол жүру тарифiн ұсынған тасымалдаушыға жоғары баға берiледi, осыған сәйкес тасымалдау жүргiзiлетiн болады.
      135. Жергiлiктi атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынғаннан төмендеу тарифтерді белгiлеуi мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген тарифтер осы тармақта көрсетiлген тасымалдаудың шығындарын жаппаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар тасымалдаушыға белгiленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы тиiстi бюджет қаражатының есебiнен өтейдi.
      136. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүруге арналған белгiленген тарифтер өзгерген жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар көрсетiлген өзгерiстер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей хабарлайды.
      137. Конкурс, оны жариялаған күннен бастап және конкурстың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күнге дейін, кемiнде күнтізбелік 30 және ең көбi 45 күндi қамтиды.
      Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Конкурстық комиссия
      138. Конкурстық ұсыныстарды, олардың бағаларын қарау және Конкурстың жеңiмпаздарын анықтау үшiн жергiлiктi атқарушы орган конкурстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
      Комиссияның құрамы қала (аудан, облыс) әкiмiнiң өкiмiнде белгiленедi.
      139. Комиссияға:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың;
      2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;
      3) жол полициясының аумақтық органдарының;
      4) жолаушыларды автобуспен тасымалдаушылар қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi.
      Ескерту. 139-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      140. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығы жоқ Комиссия жұмысын ұйымдастыру функциясы жүктелетiн Комиссия хатшысы көзделуi керек.
      141. Комиссия бес адамнан тұрады.
      Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы
      142. Конкурсты өткiзу алдында жергiлiктi атқарушы орган Комиссиямен келiсiлген лоттарды құрайды және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дайындайды.
      Бұл ретте құрылған лоттарды келiсу жөнiнде шешiм қабылдауды, мәжiлiс хаттамасында шешiмдi бекiтумен, Комиссия жүзеге асырады.
      143. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы:
      1) конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршруттарының негiзгi сипаттамаларын, оларға сондай-ақ маршруттардың схемалары мен қозғалыстар кестелерi осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес қоса берiледi;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) Комиссия мүшелерi санына осы Қағидаға 6-қосымшасына сәйкес конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды (бұдан әрi - Конкурстық ұсыныстар) толтыру үшін нысандар;
      4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шартының жобасы;
      5) осы Қағидаға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушы туралы ақпарат бланкiсiн;
      6) бағалау шкаласын;
      7) конкурстық ұсыныстарды беру үшiн бiр үлкен конверттi (егер конкурсқа маршруттардың бiр лоттан артық шығарылса, онда әрбiр лотқа жеке конверттер болуы тиiс) қамтиды.
      Ескерту. 143-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      143-1. Қатынас түрлері бойынша конкурсқа бөлек лоттармен қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалааралық облысаралық маршруттар қойылады.
      Ескерту. Қағида 143-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Конкурстық ұсыныстардың мазмұны
      144. Конкурстық ұсыныстар Комиссия Конкурстың қорытындылары бойынша қатысушыларды бағалауды жүргiзетiн мынадай өлшемдердiң жинағын қамтиды:
      1) ұсынылатын жылжымалы құрамның, соның ішінде отандық өндірісті (автобустардың, шағын автобустардың маркасы мен саны, меншiктiң түрi, пайдалану мерзiмi, паспорттық сыйымдылығы);
      2) тасымалдаушының жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
      3) елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның (меншiктi, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететiн) болуы;
      4) автобустарды, шағын автобустарды маршрут бойынша қозғалыс кезiнде оларда ақаулық пайда болған жағдайда ауыстыру бойынша ұсынылатын шаралар жүйесi;
      5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша қосымша ұсыныстар.
      Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      145. Жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық қайталап көрсетуге рұқсат берiлмейдi.
      Қатысушылар жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық көрсету фактiлері анықталған жағдайда неғұрлым кеш тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептеледi.
      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      146. Қатысушы Конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенiмдi ақпаратты ұсынуы тиiс.
5. Конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу
      147. Осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган Конкурс өткiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей, Конкурстың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын, Конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарттарды, өтiнiмдердi қабылдау орны мен мерзiмдерiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      148. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде Комиссия конкурс алдындағы Конкурс өткiзу мәселелерi бойынша конференция өткiзедi.
      149. Комиссия төрағасы Конкурсқа қатысушылар ұсынған мәлiметтердiң растығын сол жерге шығып тексерудi ұйымдастыру үшiн (бұдан әрi – Тексеру) Комиссия құрамына кiрмейтiн жергiлiктi атқарушы органдардың, көлiктiк бақылау органдардың және жол полицияларының өкiлдерiнен конкурс алдындағы комиссия құрады.
      Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешiмді уақытында қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, Комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады.
      150. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттаманың жиынтығын алуға өтiнiмді жазбаша нысанда немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта бойынша ұсынады. Конкурстың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімді үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сұрау салған адамға ұсынады.
      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      151. Конкурсқа қатысушылар үшiн дайындалған конкурстық құжаттама жиынтығының осы Қағиданың 143-тармағының 1) және  4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.
      Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін он жұмыс күн ерте аяқталады.
      Ескерту. 151-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      152. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн тиiстi лот бойынша Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдi (бұдан әрі – өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берiлген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкiсiн;
      2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;
      5) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы куәлiктердiң көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;
      6) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);
      7) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;
      8) «Автокөлiк құралдарының техникалық пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекiтiлген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн, оның iшiнде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өнеркәсiптiк-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшiрмелерін;
      9) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пункттері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пункттері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;
      10) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;
      11) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрiмен расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.
      Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда бiркелкi, түзетулерсiз және өшiрулерсiз ресiмделедi.
      Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының мөрімен бекітіледі.
      Ескерту. 152-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2014 N 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      153. Комиссияның хатшысы мерзiмiнде берiлген өтiнiмдердi қабылдайды да, қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) берiледi, содан кейiн конкурстық ұсыныстарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат етiлмейдi.
      Конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмдерi бұзылып берiлген өтiнiмдер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды комиссия хатшысы қабылдамайды және комиссия қарамайды.
      Ескерту. 153-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      154. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағиданың 152-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағиданың 152-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 5 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаға жазбаша хабарлама береді.
      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      155. Қабылданған өтiнiмдермен қатар конкурс алдындағы комиссия немесе Комиссия хатшысы Тексеру кестесiн жасайды және 3 күннен кешiктiрмей әрбiр қатысушыны Тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Қатысушы тексеру күнi конкурс алдындағы комиссияға барлық қажеттi материалдарды ұсынады және оларды талап етiлетiн объектiлермен таныстыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
      156. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және тіркеу нөмірінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өндірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.
      Тексеру нәтижелерi бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкiсiне белгi қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағиданың 1-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтаманы (бұдан әрi – анықтама) қоса бередi.
      Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшiн конкурстық ұсыныстарда берілген мәлiметтердiң дәйектiлiгi туралы пiкiрлер қалыптастыру мақсатында объектiлер және тексеру түрлерi бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерiн бөлуге рұқсат етіледі.
      Көрсетiлген құжаттар қатысушы ұсынған өтiнiм мен құжаттар бар тиiстi конвертке жабылады.
      Ескерту. 156-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      157. Конкурс өткiзiлетiн күнi Комиссия мүшелерi қатысушылардың өтiнiмдерi мен қоса берiлген құжаттары бар конверттердi кезекпен ашады да, конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тiркеу тiзiмiне сәйкес қарайды.
      Комиссия мүшелерi бағалау шкаласына сәйкес осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды қояды.
      Конкурстық комиссия қатысушылардың өтiнiмдерi мен қоса берiлген құжаттарын қарау кезінде конкурста қатысу үшін өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратады.
      158. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      159. Тасымалдаушыға өтінішті қараудан мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) ұсынылған құжаттардың толық емес және белгіленген талаптарға сәйкес еместігі;
      2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігі;
      3) осы Қағиданың талаптарына жылжымалы құрамының сәйкес еместігі;
      4) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруға мүмкiндiгi болмаса;
      5) осы Қағиданың 178-тармағында көрсетілген шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.
      Ескерту. 159-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      160. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттары бар барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейiн Комиссия хатшысы тиiстi қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды балдарын қосады және жалпы жиынтық балды анықтайды, ол хаттамаға тiркеледi.
      Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      161. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижелерi бойынша Комиссия мүшелерi барынша жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның iшiнде Анықтамасын қарайды.
      Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағиданың 1-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиiстi лот бойынша Конкурстың жеңiмпазы деп танылады.
      Конкурс алдындағы комиссия терiс қорытынды шығарған жағдайда, Комиссия мүшелерi жоғарылығы бойынша келесi жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын қарауға көшедi.
      Ескерту. 161-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      162. Егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады.
      Егер қандай да болмасын лот бойынша бiр де бiр қатысушы тiркелмесе, Конкурс өтпеген деп танылады және Конкурсты ұйымдастырушы осы лот бойынша негiзгi талаптарды өзгертеді немесе басқа лот жасайды және келесi Конкурсқа шығарады.
      Егер паритеттік жақтан қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына өтініштер түспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган екінші паритеттік тасымалдаушыға барлық маршрутқа қызмет көрсету құқығын ұсынады.
      163. Өткiзiлген Конкурстың нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия мүшелерi қол қояды да, Комиссия төрағасы бекiтедi. Комиссияның әрбiр мүшесi өзiнiң айрықша пiкiрiн жазбаша жазады және оны хаттамаға қоса береді.
      Комиссияның шешiмi, егер оның отырысына мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса, заңды деп танылады.
      164. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс қорытындысын өткізгеннен кейін күнтiзбелiк 10 күн iшiнде өздерi ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерiн барлық қатысушыларға жазбаша жiбередi.
      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      165. Конкурс нәтижелерi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.
      166. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерiн сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда, қайта Конкурс алдыңғы Конкурстың нәтижелерiн жою туралы сот шешiмi қабылданғаннан немесе оны өтпеген деп танығаннан кейiн 30 жұмыс күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Ескерту. 166-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет