Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы


Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік



бет5/12
Дата12.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#130599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік
тасымалдауын ұйымдастыру шарттарын жасасу, орындау және бұзу
      167. Хаттаманың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар күнтiзбелiк 10 күннен кешiктiрмей Конкурстың жеңiмпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасады. Шарт кемiнде үш жыл мерзiмге жасалады (қолданылып жүрген маршруттар бойынша қосымша қозғалыс кестелерiне қызмет көрсету құқығы жөнiндегi шарттарды қоспағанда).
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шарты Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты негізінде жасалады.
      168. Шарт жасасқан Конкурс жеңiмпазына маршрутта жұмыс iстеу құқығын растайтын Жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) берiледi (Шартты қолданудың барлық мерзiмiне). Көрсетiлген тасымалдауды Куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
      169. Жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық тасымалдауына Шартты жасасқан және Куәлікті бергеннен кейін жергілікті атқарушы органдар 5 жұмыс күннен кешіктірмей автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға Куәліктің және тасымалдаушы мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға жасасылған Шарттың көшірмелерін береді.
      170. Куәлікті облыстың (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдары осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес типографиялық тәсiлмен дайындайды, ол кемiнде 3 қорғаныш дәрежесi бар және қатаң есептiлiк бланкі болып табылады.
      171. Куәлiктер тасымалдаушыға, маршрутта пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тиiстi санына сәйкес келетін мөлшерде берiледi және тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiнде болады.
      Егер куәлiктiң түпнұсқасын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган берген болса, тасымалдаушы (жүргiзушi) маршрутта осы орган растаған куәлiктің көшiрмесiн қолдана алады.
      Ескерту. 171-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      172. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      173. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығын үшiншi тарапқа беруге рұқсат етiлмейдi.
      174. Осы маршрутта паритетті тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бар кезінде жергілікті атқарушы орган анықтаған тасымалдаушылар барлық тасымалдаушылар арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасайды.
      Рұқсат құжаттары берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi, жолаушыларға қызмет көрсету пункті жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      Ескерту. 174-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      175. Егер автомобиль көлігі саласындағы заңнамада өзгеше көзделмесе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаiшiлiк ұйымдастыру шарты қолданысы тоқтатылғанға дейiн күнтiзбелiк 60 күннен кешiктiрмей жергiлiктi атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетiлетiн маршруттарға конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңiмпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шарты жасалады, ол осы маршрутқа қолданылатын шарт аяқталған күннен бастап күшiне енеді.
      Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан куәліктерді береді.
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      176. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шарты бұзылған жағдайда, соңғысы жергiлiктi атқарушы органдарды күнтiзбелiк 45 күннен кешiктiрмей ол туралы хабардар етедi.
      177. Шартты мерзiмнен бұрын бұзған жағдайда конкурстардың ұйымдастырушысы осы Қағидада белгiленген мерзiмдерде және шарттар бойынша жаңа конкурс өткiзгенге дейiн маршруттарға үздiксiз қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн 80% артық тасымалдауды орындау жиiлiгiмен басқа маршруттарда тасымалдау тәжiрибесi оң болған басқа тасымалдаушыны белгiлеуге құқылы.
      177-1. Осы Қағиданың 175-тармағында көрсетілген мерзімдерде тасымалдаушы айқындалмаған жағдайда, маршрутты ұйымдастырушы тасымалдаушы айқындалғанға дейін маршрутқа қызмет көрсетуді бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушыға оның келісімімен береді.
      Ескерту. Қағида 177-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      178. Тасымалдаушының шарттың елеулi талаптарын бұзғанына байланысты конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, тасымалдаушы шарт бұзылған осы маршрутқа шартты бұзған күнiнен бастап алты ай бойы конкурсқа қатыспайды.
      Конкурс ұйымдастырушының шартты мерзiмінен бұрын бұзуына әкелетін шарттың елеулi талаптарының бұзылуы мыналар болып табылады:
      1) жиiлiктің төмендігі (айына жетпiс пайыздан аз);
      2) бір маршрутта бір жыл ішінде жүргізушінің (жүргізушілердің) кінәсінен адам өліміне әкеп соққан үш және одан көп жол-көлік оқиғасының (ЖКО) болуы;
      3) шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн автобустарды маршрутта бiрнеше рет пайдалану;
      4) маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығын үшiншi тарапқа беру;
      5) тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмiне әкеп соққан «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамаумен байланысты жол-көлiк оқиғаларының болуы;
      6) осы Қағиданы бұзу (бір жыл ішінде үш және одан көп) фактілерінің жүйелі түрде анықталуы.
      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      179. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      179-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауға берген куәліктердің қолданысын осы орган:
      1) тасымалдаушының жазбаша өтініші;
      2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізсе;
      3) егер тасымалдаушы куәліктің қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
      4) төмен жиілік (айына жетпіс пайыздан кем);
      5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының болуы;
      6) маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган берген куәліктерде көзделмеген автобустарды пайдалану;
      7) маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беру жағдайларында тоқтатады.
      Ескерту. Қағида 179-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      179-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық
(ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау
1. Жалпы ережелер
      180. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.
      181. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      182. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      183. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және
қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi
      184. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:
      1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 м дейiн болуы тиiс;
      2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.
      185. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:
      1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
      2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе "қауырт" сағаттар) қосымша;
      3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;
      4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және
қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi
      186. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:
      1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
      2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
      3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.
      187. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      188. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.
      189. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында "сұрау бойынша" аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.
      190. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:
      1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
      2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
      3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
      4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
      5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
      6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.
      191. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:
      1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
      2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсiпорын белгiлеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етiледi.
4. Қол жүгi мен багажды алып жүру
      192. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етiледi (автобустарда ғана).
      193. Осы Қағиданың 192-тармағында көрсетiлген өлшемдерден асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      194. Қол жүгiнiң орамасы мен тасымалдануы басқа жолаушыларға және автобус, шағын автобус салонының жарағына қандай да болмасын залал келтiру (ластау немесе зақымдау) мүмкiндiгiн толық болдырмауы тиiс.
      195. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға рұқсат етiледi.
      196. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тасымалдануы мүмкiн.
      197. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ жедел режимдегi жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын және багаж бөлiмшесi бар автобустарда жолаушыларға өзiмен бiрге багаж бөлiмшесiнде әрбiр орынның өлшемi 120х60х40 см аспайтын багажды белгiленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      198. Жолаушыға тасымалдауға қабылданған багажына қалалық (ауылдық) қатынаста – бiр жолғы бақылау билетi, қала маңындағы қатынаста багаж түбiртегi берiледi.
      199. Багажды тасымалдауға тапсыру кезiнде жолаушы белгiленген алымды төлеу арқылы оның бағасын көрсетуi мүмкiн. Бұл ретте багаж түбiртегiне тиiстi жазу жазылады.
5. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы
жол жүру және багажды алып жүру төлемi
      200. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады.
      201. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, белгіленген нормадан артық қол жүгін, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.
      Ескерту. 201-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      202. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      203. Бiр жолғы бақылау билетi бiр маршруттағы, жолаушы жүрiп өткен қашықтыққа қатыссыз бiр маршрут бойынша сапар кезiнде ғана жарамды.
      204. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған  жағдайда, жолаушыларға берiлген бiр жолғы бақылау билеттерi осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.
      205. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес төлейдi.
      Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      206. Қала маңындағы қатынаста жол жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға мынадай ақпаратты:
      1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) төленген жол жүру құны;
      4) жол жүру күнi мен уақыты бар жол жүру құжатын (билетiн) берумен белгiленедi.
      207. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы жолаушыға мынадай ақпаратты:
      1) түбiртектiң нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) багаж орындарының саны;
      4) багаждың құндылығы (жолаушы оны жариялаған жағдайда);
      5) төленген багаж алып жүру құны;
      6) жол жүру күнi мен уақыты бар багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
      208. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiн сатуды алдын ала, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар кондукторлар немесе жүргiзушiлер арқылы жүргiзедi.
      Жеңiлдiктi көп реттiк жол жүру билеттерiн сату сатып алушының өзiнiң жеңiлдiктерiн растайтын құжаттарын көрсетуi бойынша жүргiзiледi.
      209. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.
      210. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге тарамайды.
      211. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi.
      212. Егер жолаушы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, онда сонымен қатар ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.
6-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық
(қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау
1. Жалпы ережелер
      213. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елдi мекендердiң тұрғындарына көлiк жеңiлдiгiн қамтамасыз ету негiзiнде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.
      214. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiлерiн салу мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;
      2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елдi мекендердi қамтудың барынша мүмкiндiгi;
      3) тасымалдаудың сапасы мен қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерiн төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс iстеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгiсiн (класын) пайдалану.
      215. Маршрут бойынша 400 километрден астам тоқтаусыз жүрген жағдайда тасымалдаушы жолаушылардың демалуы және қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн кемiнде он минут технологиялық аялдаулар көздеу тиiс. Технологиялық аялдауларда қосымша жолаушыларды отырғызуға тыйым салынады.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық
облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға
қойылатын талаптар
      216. Жолаушылар мен тұрақты тасымалдаудың маршруттары ең төменi V санаты бар республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жасалады.
      217. Маршруттардың ұзақтығы 100 км артық кезде, оларды жасау жүру жолы бойынша телефон байланысының болуы ескеріледі. Осы талапты қанағаттандыру мүмкiн болмаған кезде, осындай маршруттарға қызмет көрсететiн тасымалдаушылар автобустарды сенiмдi ұялы байланыспен қосымша жабдықтайды.
      218. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және iрi ауылдық елдi мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттерi автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде болуы тиiс.
      Ескерту. 218-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      219. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдары, автостанциялары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ елді мекендерде орналасқан аралық аялдама пункттерi осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталады.
      Ескерту. 219-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық
облысішілік) тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі
      220. Автобусқа, шағын автобусқа, троллейбусқа отырғызу кезiнде жолаушының жол жүру құжатының (билетiнiң) болуы тексерiледi. Автовокзалдарда, автостанцияларда тексеруді отырғызу бойынша кезекшi, ал жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде және осындай кезекшiлер жоқ аялдама пункттерiнде – жүргiзушiлер немесе кондукторлар жүзеге асырады.
      Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 220-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      221. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруты бойынша жол жүру билеттерi, оларда көрсетiлген күн мен рейстiң нөмiрiне ғана жарамды болып табылады.
      222. Жолаушылар жол, электрондық жол жүру құжатынан (билеттен) басқа жүру құжаттарын (билеттердi) бүкіл сапар уақыты бойы сақтайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамдардың бiрiншi талабы бойынша тексеру үшiн көрсетедi.
      Ескерту. 222-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      223. Жолаушы билетте көрсетiлген нөмiрге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезiнде жолаушыларды, автобустың отыратын орындар санынан асатын мөлшерде тасымалдауға жол берiлмейдi.
      224. Жолаушымен 7 жасқа дейiнгi бiрнеше бала жүрген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке орын берiледi.
      225. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттарында сапарды жүзеге асыру кезiнде:
      1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгiзуге;
      2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
      3) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
      4) жүргiзушiнi әңгiмемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезiнде салон iшiнде жүруге;
      5) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, уытты және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және дәрiмен атылатын iлеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет