Автопортрет



бет2/6
Дата05.05.2024
өлшемі96.87 Kb.
#500604
1   2   3   4   5   6
глоссарий саби

АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу. 

ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті. 

БИБЛИОГРАФИЯ – баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру). 

БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып-үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады. 

ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO– асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды. 

ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA) – үндестік, үйлесім. Мысалы, алдыңызға қойылған натюрморттағы заттар жиынтығы үйлесіп, тұтастай көз қызығарлық тартымды көрініс тудырса, оны біз үйлесімді деп бағалаймыз. Ондағы заттардың формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі, реңктерінің үндестігі бәрі-бәрі «гармония» туғызады. 

ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады

ДРАПИРОВКА – шаршалау, перделеу. Натюрморт қойылымын әсерлеу. Сурет өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау жиі қолданылады. Шаршалау натюрмортта заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс. 

ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ – картинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке ұшырасады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады. 

ЖИВОПИСЬ ӨНЕРІ – суреттегі нәрсені өмірдегідей қып тірілте бейнелеу. Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші суретін мольберт, станок деп аталады, тиянақ қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. «Станоктік живопись» деп аталады. «Монументтік живопись» үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет