МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.
МОДЕЛЬ (фр.MODELA) – үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).
МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ. ө.с. нидерл. Суретшілері Ван-Эйктердің атымен байл. Тәжірибеде жасап бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтайды. Ондай майларға еріт. бояу тез құрғайды, ажарлы болады.
МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат. Көлемі жағынан сурет, суретші елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.
НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын оюлап нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан жасалынған кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола, күміс, алтын, жақып аса құнды бұйымды жасалатын.
НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде кездесіп жүретін зат, жеміс, гүлдерді немесе балықтан дайындалған түрлі тағам бейнеленетін картина.
ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет пен сызықтар, белгілі бір тәртіппен орналасқан, латын «ornamentum» - әшекей. Ою-өрнек: сызық, геометриялық пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.
ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.
ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент ұнтақталған бормен балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Суға езіп акварель, гуашь секілді пайдаланады. Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды.