ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек. ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.).
ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.
Әзіл сурет (шарж) - әзіл сықақтық бейне.
Барельеф (рельеф) - бедер, тегістік бетіндегі мүсіндік бейнелеудің түрі
Батальды жанр - соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма.
Батик матаға - бояуумен салынған сурет.
Блик - жылтыр
Бюст - кеуделік мүсін.
Вернисаж - көркем шығармашылық көрменің салтанатты ашылуы.
Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын.
Гармония - бояу үйлесімділігі.
Геометриялық манер - геометриялық ою-өрнектер мен әшекейлік заттар,буйымдар.
Глазурь – қыш ыдыстардың сыртына пайдаланатын шыны теріздес жылтыр.
Достарыңызбен бөлісу: |