Бірінші стратегия – қатаң басқаруды жорамалдайды. Бұл стратегия түрі берілген процесс жүрісі аз өзгеретін, жүйеге типтес болып келеді. Ақпаратты көрсеткіштер бұл жерде оның кейбір ауытқушылығын реттеуді қосып ала отырып, басқару объектісінің жағдайын және процестің күнделікті ережесін анықтайды.
Екінші стратегия – басқарудан ауытқып кетеді, жүйенің мақсатқа бағыттылығы және мақсатқа сәйкестігі сақталғанда, өзгерген жағдайға тез бейімделеді. Бұндай жағдайда шешімнің оптималдығын іздеу варианттары орын алуы мүмкін.
Қазіргі педагогикалық ғылым тәжірибені кибернетикадан (басқарудан) адамды оқыту және тұлғаны қалыптастыру синергетикалық (өздігінен ұйымдасқан) қабілетіне итермелейді.
Синергетикалық білім оқу курсымен, әртүрлі білім облысының интеграциясын талап етеді. Ол әртүрлі пәндерді зерттеу базасында туындамайды, қайта олардың интеграциясын қазіргі өркениеттегі глобалды мәселелерге жорамалдайды. Білімнің жаңа дүниетанымдық парадигмасын міндетті түрде өңдеу керек, үрдістен оқушының білімінінің интенсивті өсіп жетілуін адамның қоғаммен, табиғатпен арақатынасы мәселесімен толтыру.
Осыған орайда білім берудің келесі синергетикалық ережелеріне баса назар аудару керек:
Білімнің ашық жүйесінде жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған азаматтардың оқуға мүмкіндігі болу керек, мысалы, мүгедектер, физикалық дамуы және ақыл-ойы жетілмеген жасөспірімдер, арнайы мектеп түлектері, жұмыссыздар және әлеуметтік көмекті қажет ететін басқа категориядағы адамдар және т.б. Бұндай мағынада барлық әлеуметтік стратегасының өкілдері үшін білімнің жоғары сапасы, элиталық білім идеясы ауқатты болып табылады.
Білім жүйесінің ашықтығымен көпфункциялы оқыту мекемелерінің тұтас байланысы бар. Бұл – жалпы білім беру мектептерінде профилдік бағдарламаны таңдау, бұл- жастарды әртүрлі білім цензысымен кәсіптік оқыту бағдарламасы, бұл – қайта даярлау, жалдау арқылы ересек топтың квалификациясын жоғарлату және дайындау, елге білім және басқа да көмек көрсету, күндізгі, кешкі және сыртқы оқыту түрлерін дамыту, экстернат, қосымша білімдер және т.б. Көпфункционалдық оқу-тәрбиелік процесінің дифференциясына негізделеді, білімде оқу профилі мен әртүрлі бағытын көрсетуге рұхсат беретін, әртүрлі дәрежедегі білім бағдарламасын құрастыру және оқу-тәрбиелік процестің әдісін ұйымдастыру.
Білім жүйесінің ашықтығы иілгіштік сияқты оның ерекше жалпы белгісін ескертеді, яғни оның құрылымдық элементтерінің «қайта құрылу» қабілеті әртүрлі функцияларды орындауға және әлеуметтік-экономикалық спецификасын қайта құруда өзгеруіне тәуелді ашық дәрежені сақтап қалу.
Бұндай жағдайда, білім синергетикасының ашықтық категориясы негізгі болып табылады, педагогикалық жүйенің маңызы, оның сызықты жәнә біркелкі емес, әртүрлі жоспарлығына, әртүрлі деңгейіне негізделеді.
Қазіргі білім стратегиясының негізгі концептуалды идеясы, толығымен қоғам сияқты, адамзатта даму сценарииінен қаша алады, деп Фермидің парадоксінде жазылған. (өздігінен жойылуға техникалық цивилизацияның тенденциясы). Қазіргі қоғам және цивилизациясының мақсаты стратегиялық, кәсіптік және өмірлік таңдауды жүзеге асыруға қабілетті адамды тәрбиелеу. Бұл таңдауды авторлар әртүрлі атайды: «өмір сүру стратегиясы» (М. Месарович., Э Пестель), «тұрақты даму» (ООН терминологиясы бойынша), «өсумен бірге даму» (Дж. Шелл), «адамзаттық стратегиясы» (Я. Моисеев). Бұндай стратегия үлгісі өзінің қайшылықтарында ашық білім жүйесін қалыптастыруды жорамалдайды.
В.Г. Афанасьвтің, басқарудағы тұлға рөліне сипаттама бере отырып, «барлық жерде және әрқашан, кез келген әлеуметтік жүйеде, адам басты компонент болып табылады» деп атап өтті.
Әлеуметтік басқаруды адамзат іс-әрекетімен қарастырған, Чех зерттеушісі И. Кхолланың ойынша, үш өлшем бірлікті көрсетуге болады. Біріншісі - адамды басқару объектісі ретінде зерттеу, мазмұны таным процессін, шешімді қабылдау мен өңдеу, басқару стилін анықтайды. Екіншісі, басқарудың объектісін зерттеу болып табылады. Үшіншісі, басқарудың субъектісі және объектісі арасындағы қатынасты зертейді.
Басқарушылық ара-қатынас әрбір әлеуметтік іс-әрекет сияқты пән болып табылады. Педагогикаға бұндай қатынасты көпшілігі мойындады (Ю.К. Бабанский, А.А. Бодалев, В.В. Краевский, В.И. Загвянский және т.б.). Басқарушылық іс-әрекеттің пәндік мазмұны субъектімен құрылған және іске асырылған, басқарушылық әрекеті болып көрінеді. Басқару басқарушылық әрекетке сәйкес және субъектінің басқарушылық әрекеті синтезі ретінде алға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |