Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет41/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Мотивациялық компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға байланысты жағымды қарым-қатынастарын мен мотивтерінде көрінеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық сипаттамасына келесілер жатады:
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін түсінуі;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген қызығушылығы;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы жауапкершілігі;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың жаңа амал-тәсілдерін меңгеруге ұмтылысы.
Когнитивтік компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда арнайы әдістемелік білімдерінің жиынтығын қамтиды:
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажетті жобалар әдісі бойынша технологиялық білімдерінің жүйелілігі;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастыру формалары мен мазмұны туралы білімі;
Іс-әрекеттік компонентті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық іскерлік және дағдыларының игерілуі:
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда практикалық іскерліктері мен дағдылары;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жобалау іскерлігі;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру шараларын өңдеу іскерлігі;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды құштарлығын артыру іскерлігі.
Рефлексивтік компонент өздік баға беруімен сипатталады:
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелеріне өздік бақылау;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелерін өздік талдау;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелеріне барабар баға беру;
– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың кемшіліктерін анықтау, жетілдіру жолдарын болжау.
Төртінші нәтиженің атқарылуы диссертациялық жұмыста келтірілген теориялық қағидаларды негізге ала отырып, сондай-ақ, өзімізге тиесілі диагностикалық зерттеу жүргізу нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасу деңгейлерінің жалпы сипаттамасымен дәлелденеді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің қалыптасуының алғышарттары және педагогикалық процестің сыртқы жағдайларының жиынтығы ретіндегі педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуымен қамтамасыз етілді:
- бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға деген ішкі мотивациясын дамыту;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмыстың (оқу және оқудан тыс) әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін бірлескен жобалық іс-әрекетке жұмылдыру;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда профессор-оқытушылар құрамының, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру және желілік өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Бесінші нәтижені шешу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі дайындалды.
Зерттеудің айқындаушы кезеңінде алынған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жағдайының сандық және сапалық сипаттамалары проблеманың өзектілігін айғақтады және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін растады. Зерттелушілер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселелеріне қызығушылық танытты, бірақ бұл жағдайда жұмыс істеуге дайын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің саны аз болды. Мұның себебі-болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі болып табылды.
Эксперименттің қалыптасу кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мақсатында 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына негізделген сәйкес кәсіптендіру пәндер циклының (КП) таңдау компонентінде жоспарланған модульдік білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Математиканы оқыту әдістемесі» «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәндерінің әлеуетті мүмкіндіктері пайдаланылды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өндірістік практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстардың және аудиториядан тыс іс-әрекетінің (студенттердің ғылыми жобалары, конкурстар, жарыстар, баяндамалар, тәрбиелік іс-шаралары т.б.) даярлықтың біз іздестіріп отырған аспектісіне ықпал ететін әлеуетті жүзеге асырылды; «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективтік курсы меңгертілді және сынақтан өткізілді.
Сонымен қатар «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективті курсының оқу-әдістемелік кешені әзірленді.
5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша әзірленген «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсының мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың теориясы, ұғымдық аппараты, ғылыми және әдіснамалық қағидалары туралы ұғым-түсініктерін қалыптастыру, практикалық және әдістемелік жолдарын меңгерту.
Элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білуі тиіс:
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы педагогикалық-психологиялық тұжырымдамалардың дамуы бағыты;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қазіргі жағдайын;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, формасын;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мазмұныны мен мәнін;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру технологияларын;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нормативтік-құқықтық базасын.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің біліміне, іскерліктеріне, дағдыларынына, құзыреттілігіне қойылатын талаптар элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде айқындалды.
Төртінші міндет әзірленген өлшемдер мен ұсынылған құрылымдық-мазмұндық модельге сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруден өткізумен байланысты болды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігі біздер анықтаған көрсеткіштер бойынша қаншалықты жоғарылағанды математикалық әдістермен расталған үш кесінді нәтижелерімен анықталды. Нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың деңгейлерін сипаттайтын төрт көрсеткіштер, атап айтқанда, мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттер бойынша мәліметтер алдық.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибелік-экспериментке қатысқан эксперимент тобындағы студенттер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Сонымен, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырумен жүзеге асырылса, онда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасы артады, өйткені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталады, білім беру мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін, кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыру қабілетіне әсер етеді деген болжамымыз расталды.
Математикалық-статистикалық өңдеу алынған нәтижелердің айқындығы мен тиімділігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеудің өзектілігі және зерттеу жұмысының алдағы болашағын анықтауға тәжірибелік-эксперимент нәтижелері септігін тигізеді. Алға қойған міндеттердің барлығы тең дәрежеде шешімін таба алмады. Сондықтан да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемасын зерттеу жалғасуы тиіс. Сол себептен құрылымдық-мазмұндық модельдің компоненттерінің әрқайсысын зерттеу, сонымен қатар біздер анықтаған педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуы жеке-жеке дербес ізденіс жұмыстарының келешегіне сенімдіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет