Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет46/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

ҚОСЫМША В

Жаратылыс пәнің оқыту әдістемесі бойынша жобаның түрі


Жоба типі- практикаға-бағытталған


Жобаның пәндік-мазмұндық бағыт: Бастапқы білім беру стандарты, оқу бағдарламасы.
Жобаның үйлестіру сипаты: Ашық, айқын үйлестірілген жоба.
Жобаның мерзімі, ұзақтылығы: Қысқа мерзім (1 апта).
Жобаға қатысушылар саны: Топтық.
Жоба түрі: Оқу, ақпаратты жоба.
Оқу жобасының тақырыбы: «Тірі организмдердің эволюциясы. Жобаның дидактикалық мақсаты-негізгі кілтік түсініктерді анықтау, жобамен жұмыс жасаудағы арнайы құзреттіліктерді қалыптастыру.
Жобамен жұмыс жасау барысы: Оқытушы студентке жоба туралы ақпаратпен танысады, оның теориялық негіздемесін айтады. Түйінді ойларды береді, Берзилин Н.Н. Безилин Н.М. «Биосфера, ее настоящее, прошлое и будущее» деген еңбегін талдау жасау.
Жобаның мақсаты: Тірі және өлі организмдер арасындағы айырмашылықты және оның неден пайда болғандығын, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту.
Жобамен жұмыс жасау барысы:
1.Топ микротоптарға бөлінеді (4 адамнан артық болмау), Н.М. Везилин бойынша «Биосфера, ее настоящее, прошлое и будущее» деген ғылыми конференциядағы мақалаларды талдауға тапсырмалар беріледі, әр микротопта жетекші тағайындалынады.
1- микротоп. Мектептегі агробиологиялық бұрыш.
2-микротоп. Мектеп ауласында оқушылармен жұмыс жасау әдісі.
2.Жобада тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулықтарды көрсету. Жоғарыда ұсынылған ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, қажетті ақпараттарды жинақтау, интернет желісінен ақпарат іздеу, сайттарға сілтеме жасап үйрену.



Тірі табиғат

Өлі табиғат

Адам қолымен жасалатын заттар

Табиғаттан адам не үйреніп жасады?

Жоба бағдарламасын жасау:


Микротоптар жүйелі түрде алынған ақпараттар бойынша ой бөлісіп отырады, презентацияның формасын талқылайды, жоба тапсырмаларын рәсімдеуді талқылайды. Әр микротоптың жетекшісі жасалған жұмыс бойынша есеп береді, жобаның презентациясын бағалаудың критерииін жасайды.
Жоба тапсырмаларын орындауды бағалау критериилері өңделеді, мақаладағы негізгі ойды олар қалай түсінді, оларды қысқаша сипаттаулары, тақырыптың мазмұның жеткізе алу, сипаттау шеберлігі, топтарға берілген жұмыстарды орындаудағы қолданған әдістер, техникалар.
Оқу жобасы презентация жасау сабақта қорғалынады, оған 1- сағат беріледі. Студенттер берілген ғылыми мақалаларды талдаудағы негізгі ойларды, кілтік сөздерді қалай бөлгендіктері, тапсырмаларды қалай жасағандықтары туралы экранда көрсетіледі. Эксперт қызметін оқытушы атқарады.
Жасалған жұмысты бағалау: Жобаның жазбаша нұсқасы пәнді беретін оқытушыға рецензияға беріледі. Студенттердің оқу құралдарымен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауы, проблеманы түсінуі, әдістерді қолдануы, оны жеткізе алуы. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нақтылығын анықтау мақсатында қосымша: анкета, тестілеу, өзін бағалау әдістері қолданылды, оларды бағалау үшін: а) танымдылық (жоба әдісінің ерекшелігі туралы хабардар болуы), ә) эмоционалды-тұлғалық (жоба әдісіне деген қызығушылығы), б) іс-әрекеттік-тәжірибелік әдіс (тәжірибе барысында жоба әдісін қолдана алу шеберлігі) көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет