Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет36/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

«Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсының «Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар сабағын біздер коучинг-әңгімелесудің түрінде өткіздік. Ол үшін ең алдымен талқылау проблемасы анықталды, оның түпкі мақсаты белгіленді, нақты жағдайды бағалауға, проблеманың оңтайлы шешімін таңдауға, іс-қимыл жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ мүмкін болатын кедергілерді еңсеру жолдарына мүмкіндік беретін сұрақтар жиынтығы құрастырылды. Алынған мәліметтер әрине, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін мәселеге деген көзқарасын ғана емес, сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі мерзімді өзгерістерге сәйкес педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстарының белсене түскендігін және дайындық деңгейінің жоғарылағандығын дәлелдейді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компонентінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген диагностикалау нәтижелері бастапқы және бірінші, екінші кесінділерде алынған мәліметтерге қарағанда айтарлықтай сандық жоғарылаған көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік берді.
Келесі кестеден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бақылау және эксперименттік топтарда бірінші көрсеткіштің қалыптасу деңгейі бойынша айырмашылықтарын көреміз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында әдіскермен мұғалімдердің дайындықтарын тексеруде құрастырылған сауалнамалар қолданылды.
Кесте 19 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық компонентінің деңгейлері (үшінші кесінді)



Топтар

Студенттер саны

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

саны

%

саны

%

саны

%

БТ

28

20

71,42

7

25

1

3,58

ЭТ-1

29

2

6,89

21

72,42

6

0,69

ЭТ-2

33

0

0,00

28

84,85

5

5,15

ЭТ-3

30

0

0,00

21

70

9

30

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтауда эксперименттің осы бөлігінің нәтижесін толығырақ анықтау үшін біз тәжірибелік эксперименттің анықтау кезеңінде қолданған үш блоктан құрастырылған сауалнаманы қайталап жүргіздік
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің мотивациялық компонентінің деңгейін анықтауға арналған сауалнама нәтижелері олардың өз құзыреттіліктер туралы мағлұматтарының басымдылығын көрсетті. Сауалнаманың алдыңғы мәліметтерін және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру контекстіндегі өз құзыреттілігіне деген қарым-қатынасы барын айта аламыз. Сонымен қатар, біз сұрақтарды талдау барысында сыналушылардың өз құзыреттіліктеріне қатысты ішкі позициясында белгілі бір қарама-қайшылықтар байқалды. Алдымен сыналушылардың арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы қарым-қатынасын зерттей отырып, біз мынадай деректерді алдық: сыналушылардың 86,9% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы ақпаратқа қызығушылық білдіреді және оның өзі үшін пайдалы екендігін сезінеді.
Сыналушылардың берген жауаптары бойынша біріншіден, арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыратын ақпараттың маңызды және пайдалы деп есептей отырып, оларға қол жеткізуге мүдделі екендігін және өздерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың амал-жолдары туралы ақпаратқа қызығушылықтарының жоғары екендігін білдірді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздерін бойынша алынған мәліметтер оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіби қолдануға даярлығын арттырудың аса маңызды алғышарттары бар екенін сипаттайды. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы жұмыс түрлеріне қандай баға беретіндіктері туралы ақпарат алу үшін келесідей сұрақтар ұсынылды. Бұл сұрақтарды өңдеу бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруа әсерін кешенді бағалауға мүмкіндік берді [216].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет