- Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
- Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
- Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- - Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
- Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- - Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
Қазыбек бидің көңіл сұрауы - Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
- Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда
- Қазыбектің берген жауабы:
- - Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
- Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
- Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
- Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
- Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
- Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
- Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |