Қазақ Әдеби тілінің Әр кезеңдеріндегі жазба ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата14.09.2023
өлшемі0.5 Mb.
#477651
1   2   3   4   5   6   7
1 (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



«Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тарихы. 
1922 жылдың тамыз айында болған Кеңес уездік съезінде Керекуде қазақ тілінде газет ашу туралы 
тұңғыш рет сөз болды. Алайда қағаздың тапшылығы, қазақ тіліндегі шрифтің жоқтығына байланысты бұл 
маңызды іс көпке дейін шешім таппады.Сөйткенмен де 1929 жылға дейін қазақ тілінде үш газет шыққаны 
белгілі болып отыр. Оның бірі – 1927 жылы 7 қарашада Қазан жеңісінің х жылдағы құрметіне «Октябрьдің 
он жылы» және бір жыл өткен соң 1928 жылы қарашада «Октябрьдің он бір жылы» деген атпен екі газет 
жарық көрген. Бұл екі газет те уездік партия комитетінің органы болды. 
Үшінші газет «Сақтықты күшейт» деген атпен 1928 жылдың 17 қазанында жарық көрді. Бұл газет 
Павлодар округтік комитеті ОСОАВИАХИМ бөлімінің органы болды. Аты аталған үш газет те Қазақ 
ССР – нің мемлекеттік кітапханасы палатасында сақтаулы. Жүйелі түрде шығып тұрғанымен, негізінде 
осы газеттер Ертістің Павлодарға қарасты өңіріндегі қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығаштары еді. 
1928 жылы байтақ елімізге маңызды әкімшілік реформа жүргізілгені мәлім. Губерния, уезд, болыс 
жойылып, облыс, округ, аудандар құрылды. 1928 жылы 15 тамызда бұрын Семей губерниясына қарап 
келген Павлодар уезі жеке округ құрды. Бұрынғы 24 облыстың орнына 9 аудан ұйымдасты.
1928 жылдың 21 желтоқсанында Павлодар округтік партия комитеті орыс және қазақ тілінде газет 
шығару туралы қаулы алды. Қаулы қабылданар алдында округтік партия комитетінің бюросында 
газеттердің аты бекітілді. Қазақ тілінде шығатын газет «Кеңес туы» болып аталды. Сол жылғы желтоқсан 
айының аяқ кезінде қазақ тілінде шығатын газеттің редакторы болып өлкелік партия комитетінің 
жолдамасымен Бейсенбай Кенжебаев келді.
1929 жылдың 15 ақпанында «Кеңес туы» газетінің бірінші саны жарық көрді. 
«Кеңес туының» бірінші нөмірінде округтік Кеңес комитетінің төрағасы Кадочкин жолдас «Кеңес 
туын» нығайтайық деген арнау мақала жазған екен.
Газеттің алғашқы нөмірінің жарық көруіне содан кейінгі жылдары да округтік партия комитетінің 
бюро мүшесі Әмірғали Епмағанбетов, округтік партия комитеті үгіт – насихаты бөлімінің меңгерушісі 
Кәрім Әжібеков зор көмек көрсетті. Кейіннен бұлар газет жұмысына белсене араласып, жылдар бойы 
редакция алқасының тұрақты мүшесі болды.
Колхоздастыру Павлодар округінде де кеңінен қанат жая бастады. Осы тұста 1930 жылдың 14 
ақпанынан бастап «Кеңес туы» газетінің аты «Колхоз» болып өзгертілді. Бұл тұста газет редакциясында 
ағайынды Қаиыржан және Қалижан Бекхожиндер, Сағынбай және Зейін Шашкиндер, Ғалым Молдыбаев, 
Ғаббас Әміров, Самат Нұржанов, Жұмат Досқараев, Балтабек Асанов сияқты беделді де білікті 
журналистер еңбек етті. 
1930 жылдың аяқ кезінде округтер жойылып, оның орнына ірілендірілген аудандар құрылды. 
Ертіс өңіріңдегі бұрынғы 5-6 аудан бірігіп Павлодар ауданы болып ұйымдасты. Павлодар округтық 
партия комитеті мен округтік атқару комитетінің органы «Колхоз» газеті бұдан былайғы жерде 
ірілендірілген Павлодар ауданына қызмет етті. Бұл газет осы атпен 1938 жылдың сәуіріне дейін үзбей 
шығып тұрды.
1938 жылы Павлодар жеке облыс болып құрылды да облыстық партия комитеті бюросының 4 
сәуірдегі шешіміне орай Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық және қалалық комитеттері мен 
еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңесінің күнделікті газеті болып «Қызыл ту» газеті бекітілді. «Қызыл 
ту» - сонау отызыншы жылдардың басында жарық көрген «Кеңес туы», одан кейін «Қолхоз» газеттерінің 
заңды жалғасы еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет