«Сарыарқа самалы»- облыс шежіресі
Осыдан 70 жыл бұрын 1929 жылдың 15 ақпанында «Сарыарқа самалының» тұңғыш мақаласы
жарық көрді. Ол әуелі «Кеңес туы», 1939 жылдан 1991 жылға дейін «Қызыл ту» деген аттармен шықты.
Еліміз өзінің дербес тәуелсіздігін жарияланған кейін 1991 жылдың екінші жартысынан ол «Сарыарқа
самлы» деген атпен жарық көруде.
Өткен уақыт газетінің өміріндегі елеулі атпен, айтулы белес, өсіп-өркендеудің, өз оқырмандары
жүрегіне жол табудың қиын да қызықты жолдары.
Газет әр кезде өз дәуірінің, сол заманның, уақыттын тынысын қағаз бетіне түсіріп, жылнамасын
жазып келеді. Сарғая бастаған 10,20,30 жылдар бұрынғы жылдырынан облысымыздың тарихы, өсіп-өніп
көркеюі, дамуы, қиын-қыспақ мезгілдерді кешуі көз алдыңыздан өтеді.
Газет дәстүр жалғастығын сақтай отыра, қоғам алдындағы, оқырмандар алдындағы өз парызын
адал атқарып келеді. «Сарыарқа самалы» бүгінде Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуына,
халықтар арасындағы достықтың нығаюына қомақты үлес қосуда. Газет беттеріндегі экономикалық
реформаның жайы, нарықтық қатынастардың дамуы, жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу, яғни –
бүгінгі күннің көкейтесті мәселелері тұрақты түрде жарық көруде.
Өткен жылдарға көз тастап, ой жүгіртсек, газетті ұйымдастырып, тұңғыш сандарын шығарған
қазақ журналитикасындағы алдыңғы толқын ағаларымыздың есімдері еске оралады. Сол себепті
газетіміздің бүгінгі мерекелік санында жалпы әр жылдарды редакцияда қажырлы қызмет атқарған
қаламгенрлерді атап өтуді жөн көрдік.
«Сарыарқа самалы» редакциясын көптеген қаламгерге өмірге жолдама берген құтты босаға, тәлімді
ұжым. өздерінің еңбек жолын біздің газетте бастаған қаламдастырдың бірқатары кейінде республикаға
әйгілі ақын, жазушылар, ғалымдар болды. Газеттің алғашқы редакторы Бейсенбай Кенжебаев бертін
профессор, филология ғалымдарының докторы атанды. Сол сияқты қазақтың белгілі ақындары Қалижан
Бекхожин, Мұзафар Әлімбаев, жазушылар Әзілхан Нұршайықов, Рамазан Тоқтаров, Мейрам Асылғазин
бір кезде осы редакцияда қызмет еткен журналистер еді.
Газетте көп жылдар жұмыс істеп жүрген аға буын журналистер Төлеубек Қоңыр, Қажымұрат
Смағұл өз шығармашылық туындыларымен оқырманға жақсы таныс. Одан кейінгі орта буын журналистер
Бақыт Баймұратұлы, Өскенбай Тастемханов, Сүлеймен Баязитов, Сәлімбай Ермұратов, Ғалымбек
Жұматов, Фарида Бықай және басқалары газетте бұрыннан қалыптасқан жақсы дәстүрді жалғастырып
келеді.
Редакция ұжымының алдағы тұрған мақсаты халқымыздың ұлттық дәстүрін, ата салтын қайта
жыңғырту, жастарымызды тәзімділікке, іскерлікке, қолға алған ісінің көзін таба білуге тәрбиелеу басты
мақсатымыз. Бұл тұрғыда атқаратын жұмыс ұшан қиыр. Оған жұмыла кіріскенде ғана мақсат орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |