9
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ
Жазуда қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға арналған әріптердің ретретімен тізілген жиынтығы.
Көптеген түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының әліпбиі 1929 ж. дейін араб графикасына
негізделіп жасалды
(қ. Байтұрсынұлы әліпбиі). Одан кейін латын әліпбиі қабылданды. 1940 ж. ҚазКСР
Жоғ. Кеңесінің сессиясы қаулысымен орыс графикасына негізделген қазіргі Қ. ә-не көшті. Орыс тіліндегі
32 әріп, оған қоса қазақша дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынып (қ,ғ,ә,ө,ұ,ү,і,ң,һ),
бұл таңбалардың
орыс графикасындағы әріптерге (к,г.о,у,н) ұқсас келуі ескерілді. Орыс графикасына негізделген жаңа
әліпби
қазақ жазуында араб, латын әліпбиіндегіәріптердің жетіспеуінен туған қиындықтан құтқарды,
сондай-ақ орыс тілінен және орыс тілі арқылы тілден енген сөздер
мен терминдерді цитаталық
принциппен жазуға мүмкіндік берді. Қазіргі Қ. ә. 42 әріптен тұрады. Әліпбидегі әріптердің баспахана
жұмысына бейімделген баспа түрі, қолмен жазуға лайықталған жазба түрі,
бұлардың әрқайсының бас
әріптері, кіші әріптері бар. Қ.ә-нде әрбір әріп, негізінен бір ғана мағыналы дыбысты белгілейді. Қосарлы
дыбыстарды белгілейтін біраз әріптер бар (я,ю,ә,қ,щ,ц,ч,т.б.). «ъ», «ь»әріптері
ешқандай дыбысты
білдірмейді, олар қатар айтылған дауысыз бен дауыстыдыбыстардың жіңішкелігін білдіру үшін
(бандероль, артель) алынған шартты таңбалар. Бұл әріптер цитаталық принцип бойынша орыс тілінен
енген сөздерде ғана қолданылады.
Павлодар Уездінде1920 жылдың 29 қазан айында Тоқжигитовтың ұсынысы бойынша ең алғаш рет
мемлекеттік тілде іс жүргізуге байланысты курстар өткізіле бастады. 1924ж 21 желтоқсан айында
Павлодар Уездік басқармасында қырғыз тілінде іс қағаздарын жүргізуді
енгізу туралы шешім
қабылданды. 1933 жылдың 17 мамыр айында Орталық Атқару Комитетінің шешімі бойынша қай қала,
ауыл кеңестерінде іс жүргізу мемлекеттік тілде өткізілуі туралы өкім шықты. Олар: Ермак қаласы, Ермак
ауданы,
Қызылжар колхозы, Бірлік колхозы т.б. 1940 жылдың 16 қазан айында Павлодар Уезді латын
әріптен орыс графикасына
негізделген жаңа әріпке көшіп, жаңа графиканы меңгеріп алу үшін курстар
ашты. Педагогикалық кадрларды дайындау мақсатында 1940 жылдың бірінші желтоқсанынан оныншы
желтоқсанына дейін мектеп мұғалімдеріне арналған онкүндік семинар өткізілген, әр ауданнан төрт бес
адам жіберіліп отырған. Он бесінші желтоқсан айынан бастап аудан орталықтарында және басқа да ірі
тұрғылықты пунктерде мұғалімдерге арналған семинар ұйымдастырылған.
Өткізілетін семинарларда
мұғалім ретінде облыстық семинарда дайындалған мұғалімдер дәріс берген. Отызыншы желтоқсаннан
екінші қаңтарға дейін барлық аудан орталықтарында ауыл мектептеріндегі
мұғалімдерге арналған
семинар өткізілген. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында ОблОно өз өкілдерін жіберіп отырған. Екінші
жартыжылдықтың басында (13 қаңтардан бастап) қазақ мектептеріндегі 1 – 4 сыныптарда аптасына бір
рет жаңа әліппені үйренуге арналған сабақтар енгізілген.