1989 жылы «Қызыл ту » газетінің
60 жылдығына арналған құттықтау хаттары.
«Қазақстан коммунисі» журналының ұжымдары Павлодарлық әріптестерін, оның қалың
оқырмандар қауымын төл газетінің торқалы тойымен құттықтай отырып, «Қызыл туға» зор
шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейді.
Алматы облыстық «Жетісу» газетінің ұжымдары.
Ертіс өңірі өмірінің шежіре айнасы болып отырған «Қызыл ту» алпысқа толған күні. Сіздерді осы
мүшелмен шын жүректен құттықтап, қуаныштарыңызға ортақ екенімізді білдіреміз.
Ауылы аралас, қойы қоралас дегендей, іргелес жатқан екі облыс еңбекшілері көптен бері өзара жарыста.
Ежелгі Ертіс өңірінің бүгінде қуатты индустрия аймағына айналғанына қазыналы Қарағанды өлкесінің
еңбекшілері де достық көңілмен қуанышты. Облыс еңбекшілерінің серпінді еңбек тынысын, күнделікті
өмірін, тамаша дәстүрлерін шынайы көрсетуде қаламдарыңыз бүгінгі қайта құру талабына сай қарқымды
да ұшқыр болуына тілектеспіз.
Тарихи Шолу.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында болған елеулі оқиғаның бірі- алғашқы қазақ
газеттерінің шығуы болды. Бұл кезеңде патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде татар
тілмаштарының көмегінен бас тартып, қазақтың ұлтық бұржуазиясына арқа сүйей бастағаны белгілі.
Патша әкімшілігінің бұйырық- жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, өкілеттік
құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми
көзқарастарын халық арасына кең тарату мақсаты тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп ел басқару
ісіне жеңілдету ниетімен алғашқы қазақ газеттері шығарыла бастады. Ташкентте 1870 жылдан бастап
Түркістан уәләятының газеті, Омбыда 1882 жылдан бастап Дала уәләятының газетті шыға бастады. Бұл
газеттер қазақ әдебиетін дамытуға, оның бір тармағы-ресми іс қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес қосты.
Газеттің негізгі мақсаты- үкіметтің бұйырық , жарлықтарының, сот органдарының өкімдерін, сауда
хабарларын, Рессей және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық
хабарларын жазып тұру болды. Алғашқы қазақ газеттерінің жарияланған ресми құжаттар тілі газеттердің
қазақ ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі туралы «XIX II жартысында шыққан алғашқы қазақ
газеттердің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында жан – жақты сөз болды. Сонда
XX ғасырдың басында шыққан « Айқап» журналының ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі
жайлы да айтылады.
Берілген қолхаттың аудармасы:
Мен Татар уезінен Абдулла ұлы Дәулет Павлодар имамы Файзоллаһ ұлы Фехтулаһқа 1871 жылы
21 мааусымда қызым Насиманың тууына байланысты қолхат беріп отырмын
1.Куәгер Хамит ұлы Ибрагим.
Достарыңызбен бөлісу: |