Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет11/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
новая лекция

Музыка. "Музыканың үлен кітабы".. Төрт тараудан тұрады: Музыка ғылымына кіріспе, музыка ғылымының негіздері, музыкалық аспаптар, музыкалық компазиция. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті т.б. талданған. Дыбыстың нотаға бөліну заңы, күйші шеберлігі жайында ғылыми тұжірымдар айтқан. 15-ғасырда латын тіліне аударылған.
Философиялық мұрасы аса ірі метафизикалық күрделі тақырыптарды барынша жан-жақты қамтиды. Бұлар- Құдай мен ғалам, субстанция мен оның атрибуттары, қозғалыс пен тыныштық, уақыт пен мәңгімік секілді ұғымдардың өзара қатынасы туралы мәселелер.
"Жоғары табиғатты тану негізі" еңбегі бүкіл шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбегі.
Бұдан басқа "Ақылдың мәні туралы трактат", "Данышпандықтың інжу-марзаны", "Ғылымдардың шығуы", "Философияны оқу үшін алдымен не білу керек", "Аристотель еңбектеріне түсіндірме" ("Поэтика", "Риторика", "Софистика" т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. Аристотель, Платон т.б. еңбектеріне комментарийлер жазды.
"Бақыт жолын сілтеу", "Азаматық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері", "Бақытқа жету жайында" деген еңбектері осы мәселелерге арналған.
."Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары". Бұл шығармасын мамыражай, құт-берекелі елді аңсай жазған. Бірқатар қоғамдық-әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттік пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бей!несі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әр адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып, бірігп т іршілік етуі керектігі т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады.Халық бақытты өмір сүлуі үшін елді жақсы әкім басқару керек деп түсінеді. Ал жақсы әкім - әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыр жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс деген талап қояды.
Физика
Жаратылыстануға қатысты мұрасы табиғатты тәңірінің туындысы деп есептейтін ортағасырлық жаратылен тамырлас.
Медициналық көзқарастары да жіті назар аударуды қажет етеді. "Адам тәнінің мүшелдері жайлы", "Жануарлардың тән мүшелері, олардың атқаратын қызметі мен потенциясы" сияқты т трактаттарында тек медициан, жаратылыстану мәселелері жалпы дүниетаным праблематикасымен байланысты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет