Қазақ жырларымен ұқсастық-айырмашылықтары
Оғыз шапшаң өседі, бірақ ертегілердегідей кереметтік жоқ;
Қалыңдықтарын батырлар жырындағыдай емес, кездестіре салады, оп-оңай ала салады және ол жай хабарлау түрінде беріледі (эпоста бір-ақ рет үйленеді, атастырып қояды, басқа жерлерден әкеледі);
Оғыздың жол серігі-көк бөрі (Таукөтерер; Желаяқ сияқты;
Соғыстар тек аталып өтеді;
Қыраубаева:Композииялық құрылымы эпостық жырларға тән:
1. Баланың тууы, тез өсуі
2. Алғашқы ерлігі
3. Үйленуі
4. Жорықтары
5. Еліне қайта оралуы
Зерттелуі, басылуы, аударылуы. Оны көп зерттеген француз ғалымдары Паул Пельо, Бложе, Италия ғалымы Этторе Росси, Германия ғалымдары Диц, Н. Хаутсма, орыс ғалымдары В.В.Бартольд, А.М.Щербак т.б.
Араб әдебиетшісі Риза Нұра жырдың стилі, тілі, кқріктеу құралы, композициясы турасында құнды пікірлер айтқан.
Ең алғаш орыс тіліне аударып, кеңінен таралуына академик В. Радлов үлес қосқан.
Қазақ тіліне аударып, тілдік жағынан зертеуге көп еңбек сіңірген Қ. Өмірәлиев, әдеби-тарихи ескерткіш жөнінде Ә. Марғұлан, М. Жолдасбековтерді атаған жөн. В. Бартольд пен П. Пельо: " Бұл дастан қазақ сахарасынан шыққан болу керек".
Аударма жасау 19-ғасырда-ақ қолға алынған. Солардың бірі-Диц жасаған неміс тіліндегі аудармасы.
Кейін орыс тіліне жолма-жол аударғандар, ,ылыми түсінік бергендер А. Щербак пен В. Радлов.
Қазақ тіліне аударғандар Ә. Дербісәлин, Ө. Күмісбеков, Жармұхамедов, Қ. Өмірәлиевтер.
Жанры. Қара сөздің өзі белгілі бір ырғаққа, сөздің ішкі ұйқасына бағынатын сияқты. М. Жолдасбеков: «Мифтік сюжеттегі ерлік жыр». Стилі Орхонға үндес. Оқиға баяндау, жорықты суреттеу, батырлардың жауды жеңуі бір типтес.
Орхон жазбаларында:
Қырғыз ханын бастық,
Ханын өлтірдік.
Елін алдық.
Оғыз туралы жырда:
Жүржат қағанды басты,
Өлтірді басын кесті,
Ел-жұртты өқз аузына қаратты.
Қара сөзбен жазылған, дегенмен, қара сөзбен қоса кейіпкерлер диалогтарында 7-8 буынды жыр үлгісіндегі жолдар ұшырасады. Прозаның өзінде поэзияға тән ішкі ұйқас, ырғақ бар.
Достарыңызбен бөлісу: |