Зерттелуі. Орта ғасырда-ақ Ан-Надим(10), Әл-Байһаки (10), Ибн Саид әл Кифти (13), Хиджа Халифа (17) т.б. еңбектерінде ол туралы бар.
Әбу Фирас (араб ақыны, 932-968): "Поэзия дөңгеленген алтын түйе, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке, өркеші Әбу Науасқа, иығы-Омар ибн Рабиаға, кеудесі-Әбу Таммаға тиді, қалғаны-ішек-қарын оны екеуіміз (сарайдың шысы екеуі) бөлісіп отырмыз)
Әл Фараби туралы ілкі мәлімет Берген Әбу әл-Хасанәл-Байхаки(996-1077) кітаптарында Фарабидың поэзияға үлес қосқандығы сөз болады.
Ибн Аби –Усайба өзінің 1882 жылы Мысырда жарияланған кітабында Фарабиды ұлы ақын деп атайды және оның өлеңдерінен үзінділер келтіреді.
Оның көп трактаттары 12-13 ғасырларда-ақ көне еврей және латын тілдеріне аударылған және кей еңбектері бізге осы аудармалар негізінде ғана жеткен.
19 ғ. неміс ғалыИ.Г.Л. Козегартен мен Г. Зутер арнайы еңбек жазған. 1888-1904 жылдары Фридрих Диетерици (неміс) "Әл Фарабидың философиялық трактаттары) атты жинақты жарыққа шығарды. Бірақ олар ғылыми өмір жолын түзе алмады. Бұл тұрғыда әсіресе, ертедегі мұсылман шежірелер Халликан (1211-1282), Ибн Әбу Усайбиға (1203-1270) секілді шежірешілердің ғұлама жайлы айтып кеткендері таптырмас қазына.
Американдық ғалым Николас Решер-"Әл Фараби библиографиясы"; неміс ғалымы Герман Лей "Орта ғасыр материализмінің очеркі";түрік ғалымы Нихат Кеклик "Ислам логикасы және Фараби логикасының тарихы" т.б. М.М. Хайроллаев "Фарабидың дүниеге көзқарасы және оның философия тарихындағы маңызы" (Иашкент, 1967) кітабында ғұлама еңбектерін арнайы зерттеп шықты.
1944 жылы Бейрута шыфққан "Әл Фарабиын" ( Фараби мен Ибн Сина) монографиясында Махмуд Аббас Әл Фараби Сирия әкімі Сайд Адланың айналасына топтасқан білімпаздар шоғырының ішіндегі шоқтығы биіктігін растайды.
Совет ғалымдарынан В.В.Бартольд, Ғафуров, С.Н. Григорьян, А. Сагадаев, Ю. Заводовский.
Белгілі түрколог Е.Э. Бертельс өзінің "Тәжік-парсы поэзиясы тарихы" кітабының бірінші томында Фараби еңбектерін арнайы сөз қылған еді (М,1960)
Қазақстанда әл-Фараби еңбектерін зерттеу1960-жылдардан кең өріс алды(1100 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары кезінен) . Ә. Марғұлан, А. Машанов, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көб. Жарықбаев т.б. бастамасымен Қаз ССр ҒА жанынан Фарабитану тобы құрылды.
Қазақ ғалымдарыАқжан Машанов ("Әл Фараби"-тарихи деректі кітабы, 1971 ж), А. Көбесов, А. Қасымжанов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев (1980, "Әл-Фарабидің эстетикасы) т.б. Аян Нысаналин 1944 жылы Бейрута шыққан Аббастың кітабынан алып, 1971 жылы төрт жолды он шақты өлең шумақтарын аударды.
А. Машанов жарты ғасырға жуық Фараби мұраларын зерттеумен айланысты.
Ақынның көркем мұрасы (поэзиясы) аз сақталғандықтан көп зертеулерде аталмайды да. Ғұлама шығармашылығының бұл қыры 20-ғасырдың ортасына дейін зерттелмей келді. 1947 жылы ғалым Декхода Тегеранда бастырған "Лұғатнаме" деген энциклопедиясында әңгіме көтеріліп, оның бірсыпыра өлеңдері келтіріледі. Е.Э.Бертельс парсы-тәжік поэзиясы тарихына арналған еңбегінде, түрік зерттеушілері Ахмет Әтеш, Хафиз Данышпан еңбектерінде Фарабидің шайырлығы, әдеби мұрасы туралы көп жаңалықтар келтіреді. Бұлар және басқа оқымыстылар Фарабидің араб, прарсы, тұрік т.б. тілдерде әр түрлі жанрда жыр жазғандығын растайды, үзінділер келтіреді. 1950 жылы Түркияда Фараби өлеңдері туралы Н. Данишманның мақаласы шықты, ал 1975 жылы ақынның 1100 жылдың мерейтойына байланысты Ташкентте А. Ирисовтың Фараби өлеңдеріне талдау жасалған "Фараби-әдебиетші" атта еңбегі жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |