Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет6/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
новая лекция

Тілі, көркемдігі. А. Қыраубаева:"Тілі жағынан қазіргі қазақ, түрікпен, әзірбайжан тілдерімен жақын". Қазақ тіліне аудармасыз түсінікті. Араб, парсы сөздер сирек кездеседі.
1294 эпитет, 73 теңеу, 174 метафора кездеседі, метонимия, эллипсис, синекдохалар жоққа тән (Ш. Ыбыраев). Эпикалық қайтлаулар жиі кездеседі.
Соғыс картинасы жасалған тұстарда қазақтың ежелгі әскери сөздерін еркін пайдаланады: ұран, ер, алып, жарақ, қалқан.
Үй тұрмысы, тағам атауларына, көшіп\қонуға қатысты сөздер қазақ тілінің элементтері болып келеді: юрт, орда, қойма, қоңсы, айран, қымыз т.б.
Малға байланысты атаулар: күлік, бөрі, құлын, шопан т.б.
Сондай-ақ жырдағы адам аттары мен топонимия да бұл шығарманы қазақ халқына жақындастырады: Алатау, Көкше теңіз (Балқаш), Қаратау, Қазығұрт т.б.
Бастапқы дыбыстардың аллитерациясы жиі ұшырасады:
Сенен кейін бір де бір жігітті,
Сүйе алмаймын мен енді.
Анафора:
Аппақ қолдарың артыңа байлаулы дейін бе ?
Ақ мойныңа қыл арқан салыпты дейін бе ?
Эпитеттер, теңеулер:
«Жауға тау қыранындай қарсы шабатын батыр», «жел жетпейтін тұлпар» т.б.
Кейбір сөздердің құрылысы Орхон жазындағы Білге қағанның сөзіне өте ұқсас. Ажал әкелге Әзірейілмен айқасқа шыққан Домрул былай дейді:
Менің көрер көзім көрмейтей болды,
Тұтар қолымтұтпастай болды.
Білге қаған:
Інім Күлтегін керек болты,
ӨЗім сақынтым.
Көрер көзім көрместей болты,
Өзім сақынтым.
Мақал-мәтелдер, нақылдар көп кездеседі. М: Көп қорқытады, терең батырады; Топырақ төбе болмайды; Дәулетті ұл ошақтың қоры, дәулетсіз ұл атаның көрі. "Аталар сөзі" деген 400 шақты мақалын Х. Диц Берлинде бастырып шығарған.


"Оғыз қаған" жыры

Түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын шығарма, әрі көркем, әрі тарихи туынды.13-ғасырдың аяғы мен 14-ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын Орта Азияда, Сыр бойында эпос дәстүрімен айызша айтылып келген аңыз-жыр. Қ. Өмірәлиев: "Оғыз қаған" жыры ежелгі ғұндардың ұрпақтары Ашина түріктерінің тарихи аренағашыққан кезінен бұрын 6-5 ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек. 12-13 ғасырларда жазуға түскен, бірақ 13-ғасырдың мұрасы деуге болмайды. Дәлел:



  1. Түркі қағанатына тән оқиғалар әсері тимеген;

  2. 6-8 және 9-11 ғасырларда тарих аренасына шыққан ірі түркі тайпалары аталмайды, оның орнына Қыпчақ, Қарлұғ, Қаңлы, Қалач сияқты тайпа аттары кісі аттары (эпоним) болып келеді.

  3. Бұл аттардың кейбірі "Оғыз-қағандаңы" модель-үлгісімен, мотив түрімен 11-ғасыр жазбаларында-ақ келтіріледі. Мысалы, Қашқарида Қалая есіміне байланысты аңыздың бір варианты келтірілген.

4. 6-8 ғасырларда түркілер көп соғысқан Табғач, Соғдағ т.б. жұрттың аты және бұлар аттаса қағандар кездеседі. Үрім қаған да 6-8 ғасырларда түркілердің жазба деректерінде ескерілмеген. Оғыздың Ітілдің (Еділ) батыс жағасынан өтіп барып, Урум қағанмен соғысы 5-ғасырға дейінгі ғұндардың батысқа жасаған жорықтарын мегзейді.".
"Миф атаулыдан таза, ертегілік элементтер жоқ, бір кездегі эпостық жырдың қиялға құрылған пафостың сипаты бәсеңдеп, байырғы сипатынан айрылып, хронологиялық баяндау формасына түскен эпостық әңгіме"
Тарих. Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков 9-10 ғасырдағы Оғыз мемлектінің құрылуымен, Х.Сүйіншәлиев Қарахан мемлектеінің тарихымен байланыстырады. А. Қыраубаева:"Жырдың негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер Оғыз-Өгіз тотемінің пайда болу замандарынан шығып, хатқа түскенге дейінгі аралықтардағы түркі тайпаларының тіршілігіне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысынани өтіп келген. Оған 8-9 ғасырлардағы Қыпшақ, оғыз, қарлұқ, қаңлы ру-тайпаларының қалыптасу оқиғалары да кіреді".
Оғыздар. Оғыздар-ертедегі түркі тайпалардың бірі. Олар көбінесе, дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген.Ұзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады.
Қыпшақтардың тегеурініне төтеп Бере алмаған оғыздар 11 ғасырдың ортасында Дешті қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте түркі тілдес тайпаларымен араласып, солардың этникалық құрамына сіңісіп кеткен.
А.Қыраубаева:Оғыз қаған жорығын былай елестетуге болады: Оғыз қаған әскері Мұзтауға (Алтайдың оңтүстігі) қырық күншілік жерден шығып, Еділге қарай жүріп отырып, күшті көрші Византия-Үрім қағанмен соғысып жеңеді. Еділ Жайықтағы Бұлғарияны, Ежелгі қыпшақ руларын бағындырып, қаңлыларды біріктіріп, сонаднәрі шығысқа қарай қарлұқ тайпаларымен бас қосып, одан кейін қазіргі Қытай жеріндегі таңғұт (Тибет),шүршіт, масар, барақаларды қаратып, еліне қайтып оралады.
М. Жолдасбеков: «9 ғасырда Орта Азия мен Шығыс Түркістанды оғыз, ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қарлұқ сияқты тайпалар бірігіп, Түркі қағанатының орнына Қараханид деген мемлекетке бірігеді. Ол 10-ғасырда өзіне Сыр, Жетісу өлкелерін қосып алады. Шығармадағы Оғыз жорықтары негізінен осыған байланысты деуге болады.
М. Жолдасбеков. Екі бөлімге бөлуге болады:

  1. Оғыздың өсуі, билікке келуі халық аңыздары мен мифтерге сәйкес;

  2. Оғыздың жорықтары, соғыстарынан тарихи деректер елесі көрінеді

Жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.
Сыр жағасында қоныстанған оғыз\қыпшақтар арасында 2 күшті тайпа жасаған: үш оқ (қазақтың арғы тегі саналады/үш жүз) және боз оқ.
Ертедегі түркілердің жазба және ауызша жасалған тарихи деректерінің басы Оғыз қаған деген тарихи тұлғаға тіреледі. Түркілердің арғы аталарының тарихи әдебиетте көрінуінің өзі Оғыз қағанның тарих сахнасына келуімен тұстас. Түркі тектес халықтар тарихынан бізге жеткен мәліметтердің баы Оғыз қаған жайлы жылнама. Ол туралы аңыз әңгімелер түркі халықтар тарихына тән аңыз-әңгімелердің бізге жеткен ең ежелгі түрі.
"Оғыз қаған" тарихи негізі бар форльклорлық шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет