«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі


кимешегін желкесіне қарай бір тартып, жампаңдап, құлағын таяй береді



бет5/6
Дата03.08.2023
өлшемі57.47 Kb.
#475930
1   2   3   4   5   6
Қазақ әйелі

Бозінген әлдебір қызық өсек айтады екен депкимешегін желкесіне қарай бір тартып, жампаңдап, құлағын таяй береді (Сонда, 196-б).

Пеш алдында ұршығының ұшымен ортаға салынған шоқты шұқып үнсіз апам отыр (Д. Исабеков. Гауһартас).

Шешесінің қасында тұрған Ұлпанды көздерімен ғана жанап өтті. Қыз балаға одан артық көңіл аудару ерсілік болатын. Қыз да бұлардың әрқайсысына көз қиығын серпе тастап, көзімен ғана амандасты (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Қыз Мүсірепті көрді де тұра қалдыЕркек алдынан өтпейтін салты бар екен (Сонда 97-б.)




  • Келдім ғой, әрең шықтым, - деген қызүнін сыбызғыдай сызылтты.


Маржан үнсіз кеп, кең етегімен тізесін қымтай отырды (С.Сматаев. Елім-ай).
Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге шытырманға толы, аса күрделі. Әйелдер жаратылысынан ерлерге қарағанда анағұрлым сезімтал. Осыған байланысты «әйелдік интуиция» деген жеке ұғым да қалыптасқан. Әйелдерде бейвербалды белгілерді олардың ұсақ-түйегіне дейін бірден байқап, тез арада айтылмақ ой мен емеурін, ишараны шешетін туабітті қабілет ерекше дамыған:
Орыс жырларындағы Владимир Красное Солнышконың немере қарындасы Любава Грекия жерінен келген ер адамның әйел екенін бірден таныған. Оның түсіндіруінше, гректің жүрісі майда, адымы жиі, ал отырғанда екі тізесін бірге жинап әйел адам ғана отыратындай қалыпта отырады [16, c.173].­
Мұндай көріністі атақты сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесінен де кездестіруге болады:
Қысқа қарай төрт қос жылқысына жайлы қоныс іздеп шыққан Есенейге арызын айтып келген батыл да балаң жігіттің қыз екенін ешкім сезбегенмен, ақынжанды түрікпен Мүсіреп қана байқап қалады:

Есеней ұзап бара жатқан бала жігітке әлі қарап тұр..


  • Қап, құйрығын түріп жіберіп дүрелеп алу керек еді өзін! – деді аңшы Мүсіреп қайта қызына бастап..


  • Апыр-ау, бұл кімнің қызы болды екен? – деп түрікпен Мүсіреп Есенейге қарады.


  • Қыз? – күні бойы Есенейдің аузынан шыққан екінші сөз осы еді.


  • Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» – дегенде 

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет