«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі



бет3/6
Дата03.08.2023
өлшемі57.47 Kb.
#475930
1   2   3   4   5   6
Қазақ әйелі

Қара бір шашым жаяйын,

Жаяйын да жияйын.

Құнарлы бармақ жез тырнақ

Күнде қанға бояйын.

Албыраған ақша бет

Сүйегіне тояйын!

Мойындаған қаракөз

Жаспенен оны ояйын,
Алшаңдап жүрген жас төрем
Орныңа кімді қояйын (Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары).
Көне замандарда, көне түркі кезеңі саналатын У УІІІ ғасырларда түркі тайпалары қайтыс болған адамға қатты қайғырып, «өлген адамның тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын» әдет болған. Оның мәнісі: «Өлген жақсы адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар?» – деп қараудан шыққан [37, 12 б.]. Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда, бетін тырнап, айғыздаумен бірге шашын жұлып немесе тақырлап алып тастайтын болған. Кейбір тайпаларда ері қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны күйеуімен бірге жерлеген.
Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау жырларын айтқан кезде қолданылуы сол кезден қалған болуы керек деп топшылаймыз.

Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан сөлден айрылып, сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді. Екі бетінің ұштары жылап жыртқан тырнақтың табын сақтап, жарадар боп тұр (М.Әуезов. Абай жолы).

Қарт ана оқыс есін жинап алды.


  • Ойпырм-ай!.. – деп өкіріп, жас жуған бетіне тырнақ салып, қанын ағыза осып-осып жіберді. Қанша кісі жабылса да, күйік көтерген әйел қолда тұрмай, жұлқып шықты. Ажал шеңгелі жалғыз баласын бүріп алып, жұпыны жер үйдің бір жағын омсырайтып ойып әкетіп бара жатқанын көрді. Қара шашы жайылып кеткен. Үрей қаптаған көздерінің ағы айналып, ұясынан шыға ақшаңдап: «Жан ботам-м!» - деп зарлап, қос қолын созып ұмтыла берді де, құлап түсті. Үй ішінде жыламаған жан жоқ. Еламан да жылады (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).


  • Өткен көктемде «Майданда ерлікпен қаза тапты» - деп артынан қара қағаз келген. Қатын, бала-шағасының көзінен жас емес, қан ағып, кәрі шешесі жер тоқпақтап, бетін тырнаған (Д.Исабеков. Біз соғысты көрген жоқпыз).

Ауыр қайғыны, зор қасіретті білдіретін аталған бейвербалды әрекеттерді күнделікті өмірде, жайшылықта қазақ қыздары мен әйелдерінің қолдануына тыйым салынып, жаман ырымға баланған.


Ал орыс халқының әйелдері жақындары өліп, о дүниелік болғанда өздерінің қайғылы, шерлі екендіктерін білдіру үшін қара киініп жүреді. Сонымен қатар олар туыс адамын жоқтағанда қолын қусырып алып, жеңіл түрде теңселіп, басын шайқау қимылдарын қолданатын көрінеді.
Кейбір бейвербалды амалдар бірқатар ұлттың, этникалық ұжымның мүшелеріне тән болғанымен, олардың білдіретін мағыналары бірдей болмауы мүмкін. Ұлттық дүниетаным мен көзқарастың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, сезім мен сенімнің, өмір сүру ерекшелігінің асыл сынығы болып саналатын ондай кинемаларды ұғыну ұлттық аялық білім негізін игеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Мысалы, жоғарыда көрсетілген қос бүйірін таяну қазақ халқы үшін ауыр қайғы-қасіретті білдіріп, дүниеден өткен адамды жоқтау барысында ғана қолданылса, орыс ұлтының әйелдері үшін «бүйірін таяну» кинемасы ашуланған кездегі, біреумен ұрысқанда немесе бір шешімге келіп, оны айтар сәттегі, кейде қалыпты жағдайдағы, ешкімге ерсі көрінбейтін, көз үйренген қимыл түріне жатады.

«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты бейвербалды амалдардың ең көп тарағаны – «ернін сылп еткізу», «аузын сылп еткізу» сияқты тұрақты сөз тіркестеріне сай келетін ым-ишараттар. Олар көркем шығармадағы кейіпкерлердің таңырқау, жақтырмау сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады.
Мысалы, Мұртазаның бір қарындасын Сүттібек ағам алған, Енді Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы. Сонда айырбас па, немене өзі? – Айша ернін сылп еткізіп қойды (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).


Ұзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет