Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет103/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143
Кітап Тәрбие

Пікірлесу, пікіржарыс ретінде өтетін семинар сабағы арнайы және өткенді пысықтау, қажетті тақырыпта пікірлесу түрінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, "Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні" деген тақырыпта өтетін ғылыми тақырыптық мазмұнда пікірталас ұйымдастыру үшін, студенттерге мына төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Табиғат туралы жұмбақ айтысу жарысы (бірінші топ жұмбақ айтады, екінші топ жұмбақ шешеді және бұл үрдіс ауысып отырады).

  2. Жан-жануарлар туралы жұмбақ айтысу жарысы.

  3. Теледидар, зымыран, ұшақ т.б. басылымдық техникалық құралдар туралы тақпақ айтысу жарысы.

  4. Адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді тауып айту жарысы.

  5. Туған ел, туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдерді тауып айту жарысы.

  6. Отбасындағы сыйласым туралы мақал-мәтелдерді тауып айту жарысы.

  7. Еңбек, тірлік, бірлік, дене тәрбиесі туралы мақал- мәтелдерді тауып айту жарысы.

Ұстаз-ғалым екі топқа бөлінген студенттердің тапқырлығын талғап, әрбір әрекет сайын өз бағасын (көбінесе балл есебімен) беріп отырады. Айтыста жеңіп шыққан топ және айтысқа белсенді қатысып, білімділігін көрсеткен студенттер марапатталады.
Мұндай жұмыстар, көбінесе, студенттерге реферат, автореферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс істеудің алғышарттары ретінде ұйымдастырылады.

  1. Студенттердің ғылыми пікірталасы белгілі бір ғылыми теориялық тақырыпқа сәйкес ұйымдастырылады. (Мысалы, "этнос" ұғымының ғылыми дәйектемелері). Қазақ халқының этностық қалыптасуы туралы қандай ғылыми пікірлерді білесіз? Этнопедагогика ұғымының барлық ұлттарға тән мағыналық мәнін ашыңыз. Қазақ этнопедагогикасының басқа ұлттық этнопедагогикалардан қандай айырмашылығы бар? Бұл сұрақтарға жазбаша жауап беру үшін студенттер бірсыпыра ғалымдардың ғылыми еңбектерін зерттейді. Өздерінің ғылыми зерттеу қабілеттерін байқатады.



Семинарлық сабақтар:
Ұлттық тәрбиені сахна арқылы жүргізудің әдіс-тәсілдері Ұлттық тәрбиені экскурсия арқылы жүргізудің әдіс-тәсілдері Ұлттық тәрбиеде студенттердің шығармашылығын арттыру әдістері Ұлттық тәрбиеде көркемөнерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Ұлттық тәрбиеде жаңа технологияны пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Ұлттық тәрбиеде анкета әдісін қолдану тәсілдері
Ұлттық тәрбиеде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері
Ұлттық тәрбиедегі аудиториядан тыс жұмыстардың әдістемесі
Тәрбиеде ұлттық жанрларды пайдаланудың дидактикасы
Ұлттық тәрбиеде экранды пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Ұлттық тәрбиеде пікірталас ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет