Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет100/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143
Кітап Тәрбие

а) "Батыр Баян" дастанының және ол туралы түсірілген телефильмнің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
ә) Батыр Баянның ел намысы үшін күрескер екенін көрсететін көріністерді сипаттап айтыңыз.
б) Өмірде болған Ноян жігіттің махабатты ел тағдырынан биік қоюының трагедиялық мәнін ашып айтыңыз.
в) Батыр Баянның басынан өткен трагедиялық жағдайлар кинофильмде (телефильмде) қалай көрсетілген?
г) "Батыр Баян" кинофильмінің (телефильмінің) этнопедагогикалық мәнін ашып айтыңыз.
Талдау, пікірлесу тәсілі бойынша әңгіме өткізген соң ғалым-ұстаз сол пікірлесу кезіндегі студенттердің ғылыми талдау жасап, ой қорытып айта білу, таңдау, талғау, тұжырымдау қабілеттері мен біліктіліктері туралы өз пікірлерін ортаға салып, пікірлесу тәсілі бойынша жүргізілген әңгімені қорытындылайды.
Мұндай тәсіл, көбінесе, семинарлық сабақтарда, немесе арнайы кештерде жоспарлы түрде ұйымдастырылады.


Ұлттық тәрбиеге экрандық шығармаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Кинофильм мен телефильм — оқу-тәрбие ісінің қуатты құралдары. Мысалы, "Батыр Баян" кинофильмін көруді ұйымдастырған оқытушы ең әуелі сол тақырыпта өткен лекцияда Мағжан Жұмабаев сияқты ұлы ақынның бұл поэмасының отансүйгіштік тәрбиелік мәнін аша түседі. Халықтың дөстүрі бойынша, әрбір азамат "Жаным-арымның садағасы" деген қағиданы нысана тұтуға тиіс. Кинофильмді көрген соң, оқытушы студенттермен жоспарлы әңгіме өткізеді. Әңгіменің мәтінін біз жоғарыда көрсетіп отырмыз. Әрбір студент кинодан алған әсері туралы, Батыр Баянның ұлттық намысы мен ерлігі және махаббат құдіреті туралы шығарма жазады.
М.Жұмабаевтің "Батыр Баян"* поэмасы мен, сол поэма бойынша түсірілген кинофильмді (телефильмді) көріп, жоғарыда біз айтқандай поэманы талдаған соң, студенттер мына тақырыптар бойынша шығарма жазуына болады:

  1. Батыр Баянның батырлығы және ұлттық намыс.

  2. Махаббат халық мүддесінен асқақ бола ма?

  3. Абылай хан ерлік пен ел бірлігін қорғады. Студенттердің бұл тақырыптарда жазған шығармалары семинарлық дәрістер кезінде талданып, шығармалар мазмұнын студенттер және ұстаз-оқытушы бағалайды.

Телефильм арқылы халқымыздың әдет-ғұрпына, мейрам наурыз тойларына байланысты көрсетілген фильмдерді талдап, пікірлесіп, әңгіме өткізу арқылы ұстаз студенттердің патриоттық сезімін арттырады.
Мысалы, телефильм етіп түсірілген "Наурыз тойы" фильмін студенттердің телефильм арқылы көруін ұйымдастырып, ол туралы (бақылау сабағында) талдау, пікірлесу тәсілдерін ұйымдастыру үшін студенттерге мына төмендегідей сұрақтар қойылады:

  1. "Наурыз тойын" өткізу дәстүрінің мазмұнын айтыңыз.

  2. "Наурыз тойы" дәстүрінің тәрбиелік мәні туралы айтыңыз.

  3. "Наурыз тойы" мектепте қалай өткізіледі?

  4. "Наурыз тойы" жоғары оқу орындарында қалай өткізіледі?

  5. "Наурыз тойы" жеке ұжымдарда қалай өтеді?

  6. "Наурыз тойы" отбасында қалай өткізіледі?

  1. "Наурыз тойының" саяси әлеуметтік, ғылыми теориялық мәнін айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет