Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет136/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143
Кітап Тәрбие

Ата-ана да ұстаз


«Еңбек адамының уақыты есептеулі, егер дұрыс пайдалана алмаса, бала тәрбиесіне «жетпейді» деген сылтауды ата-аналар көбірек айтады. Бала тәрбиесі – игілікті істердің ең бағалы, жауапты кезеңі. Сондықтан оған ата-ананың «қалған» кақытын арнауы әбестік болады. «Бала тәрбиесіне балабақша, мектеп жауап береді» деп, өзінен жауапкершілікті қашықтатқан ата-ана қателеседі. Тәрбие – қоғамдық, әлеуметтік процесс. Ол отбасында, балабақшада, мектепте, шаруашылық және өндіріс орындарында жүзеге асырылады.
Жеке адам ең алдымен өзіне-өзі тәрбиеші, содан кейін айналасындағылардың бәріне де тәрбиеші. Ал ата-аналардың тәрбиелік рөлі барлығынан да асып түседі. Балаға, әсіресе, ана етене жақын. Отбасының тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Бұл екі тәрбиеші өзінің қоғам алдындағы, отбасындағы тәрбиешілік ауқымдарын кеңейтіп, нағыз ұстаздық дәрежеде тәжірибелерін кемелдендіре бермесе, ата-ана беделінің асқар биігіне шыға алмай қалады.
Ана мен әке өздерінің үлгі-өнегелері, гуманистік бейнелері арқылы әдептілігімен, өнерпаздығымен, бір-біріне деген өзара қарым-қатынастығымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі-өнеге көрсете алады.
Егер оқытушы маманданған ұстаз десек, ата-ана өздерінің өмірлік іс тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс-әрекеттерін қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз ісінің шебері, білгір адам болуы қажет.
Отбасылық өмірдің алуан қырлы құбылыстарында ата-аналар сан рет жаңылыс басып, іс-әрекетін қайта түзеумен қажырлана береді. Кейде тез байқап, дер кезінде түзелмесе, кездейсоқ кемшілік отбасын үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін.
Біздің ауылда Асылбек ағайдың алты баласы болды. Мақпал мен Асқар – оның ең кіші тетелес ұл-қыздары. Отбасында бұл екеуі бір-біріне тиіскіш-ақ. Ұсақ түйекке таласып, қағысу, қасарысу бірін-бірі тілдей салу басқа балалар үшін ауыр айып көрінгенмен, бұл сегіз, он жастағы бала үшін үйреншікті әдетке айналып кеткен сияқты еді. Бір сәтте керісіп, екінші сәтте екеуі құлын-тайдай айқасып, табысып, ойнап жүретін.
Бір күні күтпеген оқиға болды. Түнгі сағат оннан асқанда күндегі әдетінше балалар төсекке бет қойып, алды ұйықтай бастады. Бала саны алтау, балаларға арналған төсек төртеу. Амал жоқ, мақпал мен Асқар бірге жату керек. Бұлар тыныш жата алмады. Қағысып-қасарысып, шымшыласып-шырылдасып, үйдегі тыныштықтың шырқын бұзды. Оларға таяу жатқан қарт әже мына екі баланың осынша «қырсыққанына» кейіп-ақ қалды. Шымшыласуды Мақпал бастап еді, Асқар оның бүйірінен түйіп қалып, өз «өнерін» асырып жіберді. Ол ол ма, мектептегі әдетінше тұра қалып, Асқар қарындасын бокстап-бокстап жіберді. Оның сүйріктей жұдырығы Мақпалдың жүрек тұсына оқыстан қатты тиіп, қыз «талып» қалды. Қара қасты қабағы айқыштана түйіліп, тәмпіштеу мұрны тыжырынып, Асқар состиып тұра қалды. Қарындасына оның жаны ашып-ақ тұр. Оны көріп тұрған әжейдің зәресі ұшып, көрші бөлмеден келінін – балалардың шешесін- Әлиманы шақырды. Әлима келіп, сұлқ түсіп жатқан Мақпалды көріп, төбе шашы тік тұрды. Дабыр-дұбырды, айғай-сүреңді естіген әке Асылбек те жазып отырған жұмысын тастап, абыржи енді. Мынау жайды көріп, оның жүрегі алқынып кетті. Мақпал Әлиманың екі қолының үстінде қимылсыз жатыр. Әкенің әкелік аяғыштығы мен қылмыстыға деген қаталдығы қатар қозды. Тегіс жиналған үй іші тым-тырыс әкенің үкімін күтті.
- Асқар, бұл не істегенің? Жайрағыр, сен енді адам өлтіруге дейін бардың ба? Саған мен талай рет ескертіп едім ғой. Енді шыдауға болмас... Ки киіміңді! Сен, ақыры мені тыңдамадың... Кет үйден!
Ашуға булыққан әке қызының есі жиналғанын көрді де, оған сусын берді де, ентігін баса алмай, төргі бөлмеге еніп кетті. Оның қабағынан қар жауғандай, бет әлпеті ызбарланып, кетіпті. Ұйып істеп отырған жұмысы қалды... Ол үстелінің қасына келіп, денесі қалшылдап, түтіккен беті тершіп, әрі-бері тағатсыз жүрумен болды...
Асқар Мақпалдың ес жиғанын көріп, қайраттана бастады. Ол әкесінің ашумен айтқан сөзін кек тұтып, зығырлана түсті. Әкесіне келіп, кешірім сұраудың орнына тез киініп далаға шықты. «Былтыр бір «екілік» баға алғаным үшін «Колонияға жіберемін» деп қорқытты. Биыл «үйден кет» дейді... Кетсе, несі бар». Оның сыртқа бет алғанын қос ана байқамай да қалды.
Асқар шешесінің: «Әкеңнен кешірім сұра» деген сөзіне құлақ аспай, үйден шықты да, бет алған жағына кете барды. Сарт еткен сыртқы есіктің қатты жабылғанын естіген әкенің жаны шыдамады. «Шынымен-ақ Асқардың көшеге шығып бара жатқаны ма? Тыста қалшылдаған аяз, таң атқанша оның күні не болмақ?». Ол тездетіп балалар бөлмесіне енді.
- Асқар қайда?
- Саған кеткен сияқты еді ғой...
Асылбек сұп-сұр боп, киім киюге дәті шыдамай, жеңілтек киімімен көшеге жүгіріп шықты. Ол көшеде аяңдап кетіп бара жатқан Асқардың артынан қуып жетті, түн ортасында ұрсып қайтсін? «Асылбек түн ортасында шу шығарып, баласын көшеде ұрып жүр» деген сөздің өзі жетіп жатыр емес пе?.. Ол ентігін баса алмай, баласының қолынан мықтап ұстап, үйге ертіп әкелді.
- Сен кінәңді түсініп, менен кешірім сұрайды деп, ойлап едім... Сен мені қатыгез, мейірімсіз деп, ойлама!..
Ол Асқарды тік тұрғызып қойды, өзі де дір-дір етіп, баласына төніп тұр. Қызыл аязда жан ұшыра іздеп, ертіп келген әкесінің ішкі жан дүниесін баласы енді түсіне бастады... «Қамқоршым, әкешім-ай! Сені аязға ұрындырып, осынша әуреге салдым-ау, неге кешірім сұрамадым екен?» деп, ойлана түйіліп, көзіне жас алды ол. Бірақ, қалай екені белгісіз, дәл қазір кешірім сұрап, «сыпайлық» көрсету оған ауыр көрінді. Ол мұрнын тартып, жасын сорғалатып, тұра берді. Күйінген әке «ұрсып-ұрсып», оны төсегіне жатқызуды әжесіне тапсырды да, өз бөлмесіне кетті. «Баланы тәрбиелеуден қиын нәрсе жоқ екен-ау» деп, ойға батып, ол көпке дейін көз ілмеді... «Бүгін бірнеше тал шашым ағарған шығар»... Ал Асқар болса, ойында ешнәрсе жоқ, ұйықтап жатыр.
Ертеңінде Асылбек жөтеліне буынып, ерте оянды. Қысқы аязда көшеге желбегей шыққандықтан, оған суық тиген еді. Оның өкпесі шаншып, маңдайы тершіп, денесі қызды. Ол балалар бөлмесіне келіп:
- Асқар тыныш ұйықтады ма? – деп сұрады. Сөйтті де, тәтті ұйқыға батып жатқан баласының көрпесін қымтап қойды...
Бала психологиясын терең біліп, педагогтік тәсілдерді игере білмеген ата-ана осылай жаңылысып, опық жейді. Ата-ана тәрбиелеу әдістерін жан-жақты жақсы білуі керек. Өйткені ата-ана да ұстаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет