Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет138/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Кітап Тәрбие

Қызық кітап

Баланың кітап таңдауы балабақшада-ақ басталады. Бала қиялы көркем суреттің мән-мәнісін айнытпай таниды. Сондықтан түрлі түсті, көркем суреттермен безендірілген кітаптарды бала қызыға парақтап, жақсы сөздерді жаттап алуға құштар болады.


Оқыту кезеңдерінің алғашқы мерекесі-әліппемен қоштасу, кітапханадан кітап алу сәті. Бұл кезеңдер – баланың ғұмыр бойы есінде қалатын қызықты кезеңдер. Сондықтан бұл мерекелі сәттерді шеберлікпен ұйымдастырып, қызықты өткізу оқытушы ұстаздың тәжірибелігіне байланысты. Балаға кітаптардың барлығы да қызықты көрінеді, әсіресе, көркем безендірілген кітаптар оған бәрінен де бағалы, көз тартарлық.
Кітапханадан оқушының алғаш кітап алып оқуын мәнді өткізу үшін, оқытушы қандай қызықты кітаптар бр екендігі, кітапты қай уақытта, қалай оқу керек екендігі туралы оқушылармен әңгіме өткізеді. Ол әңгіменң басы сыныптағы сабақтардан баталады да, оқушының кітап алып оқу кезінде толықтырылады. Әңгіме көрнекі де тартымды болу үшін, көркем кітаптар пайдаланылады.
Оқытушы Раушан апай 1-сынып оқушыларының кітапханадан алғаш кітап алып оқу сәтін қызықты өткізу мақсатында әліппемен қоштасу мерекесінен соң, оқушыларды мектеп кітапханасына ертіп келіп,оларға:
- Бүгіннен бастап кітапханадан кітап алып оқуларыңа болады, - деді.
Оқушылардың жүрегін қуаныш кернеп, олар ду қол шапалақтады. Бүгін Ажардан басқа оқушылар әліппемен қоштасу салтанатына түгел келген болатын. Ажар ауырып қалған еді. Оның досы Баян аянышпен: «Қап, Любаның ауырып қалғанын-ай, мынау қуанышты мерекеге бәріміз түгел қатысқанымызда, жақсы болатын еді», - деп күбірледі.
- Кітап алушы оқушының қолы таза, тырнақтары алынған болу қажет, - деді оқытушы. Баян оқытушыға қолын көрсетіп:
- Раушан апай, мен қолымды сабындап жудым, қолым таза, - деп мақтанышын жасыра алмады.
Тазалықшы бүгін Асхаттың қолын тексергенде, оның ұқыпсыздығын көріп, бүкіл сынып оқушылары ренжіді. Ол қолын жумай келіпті. Ондай кір қолмен кітапты ұстауға болмайды. «Асхат кітап ала алмайтын болды-ау» деп ойлап, достары өкініште қалды. Ал, Асхат болса, көзі жасаурап, мұрнын тарта береді...
Раушан апай кітапханаға келген оқушыларға:
- Кәне балалар, қызықты кітапты өздерің таңдаңдар, - деді.
Рет-ретімен бес оқушыдан топтап бөлініп шығып, кітап таңдаушылар кітап сөрелеріне көз жүгірте бастады. Баян көркем кітаптарға төнеді. Қолы таза, тырнақтары өспеген, кітап алуға еркі бар. Енді қандай кітапты таңдау керек? Ол үстел үстіндегі суретті кітапшаларды жайлап ақтарды, жүрегі лүпіл қағып, қолы дірілдейді. Өзі кітапты бірден таңдай алмай, ұялғаннан терлеп кетті. Көп уақыт алмау керек, басқа достары да кезек күтіп тұр. Ол үш мысық пен екі балапан туралы кітапты таңдады, оның Әсем «Гүл мен жеміс» деген суретті кітапшаны алды.
Бірінші сынып оқушылары тұңғыш рет оқырмандар тізіміне іліккендерін мақтаныш етіп, маңғазданып тұр. Баян кітап алғандығы туралы оқырман кәртішкесіне инабатпен қол қойды да, өзіне-өзі сенбегендей, «жазуымда қате-кеміс жоқ па екен» деген оймен қағазға тесіле қарады. Аты-жөні өз қолымен қатесіз, таза жазылғанын көріп, масаттанды.
Келесі күннен бастап бірінші сынып оқушылары кітапханадан тағы да кітап алып оқу үшін, келе бастады, кітапханашы Ажар апай олардан оқыған кітаптарының мазмұнын қысқаша айтып берулерін өтінді. Баян да оқыған кітабының мазмұнын айтып беріп, екінші кітап алды да, қуаныш сезіміне бөленді...
Оқушы кітапханадан алғаш кітап алып, оқи бастағаннан-ақ, оқытушы оның кітапқа деген ынта-ықыласын, қызығуын арттырып отыру үшін, кітап жайында тартымды әңгіме, диспут, оқырмандар конференциясын, кездесу және хат алысу т.б.жұмыстарды ұйымдастырады. Оқырмандардың кітапқұмарлығын арттыру ісіне кітапханашы да белсене еңбек сіңірмесе, оқу- тәрбиелік көп мақсаттар орындалмай қалады. Жеке оқырманның кітапқа құштарлығын кәсіптік бағдармен байланыстырып, бақылай дамту сынып жетекшісінің, ата-ананың, кітапханашының, саяси-көпшілік ұйымдардың жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.


3-бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет