Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет63/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Кітап Тәрбие

Қыз баланы тәрбиелеу. Қазақ халқы қыз балаға болашақ ана деп қарап, оған оң жақтан орын сайлап, аялап күте білген. «Қыз - қырық шырақты», деп ардақтап оны жақсы киіндіріп көңіліне қаяу салмай, ізеттілікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа үйреткен. Бұл дәстүр тарихи жалғасын таба береді. «Қыз бала бақытты болса болашақ ұрпақтың бағы өседі» дейді халық. Қыз баланың бақытты болуы оның өз абыройын (арын, намысын, қадір-қасиетін) сақтай білуіне байланысты. Қыз абыройы — отбасының, елдің болашағы — жаңа отау, жас босағаның беріктігі, қыз өмірінің қызығы. Қазақ халқы "Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абырой сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыздың абыройы оның ар-намысын сақтай білуіне, ақыл парасатына, инабаттылығы мен имандылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаз-білімдарлығына байланысты.
Қазақ халқы қыз абыройын жоғары бағалайды, қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, анасын ардақтай білмеген қыз өз абыройын да сақтай білмейді деп тұжырымдайды. Өз намысын берік қорғаған қыз есер жігітке кіріптар болмайды, есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін, оның мінез-құлқы ибалы инабатты, иманды болу керек. "Мін - мінезден» дейді халық. "Кыз қылығымен жағады» деген мақал содан қалған. "Кыздар сұлу болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей көңіл бөлме», — деп, Абай дана ер азаматтарды жаман мінезді қыздардан жирендіреді.
Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оның орындалуын қыздың абыройы деп санаған: әдеп сақтау, ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, салт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан есе білу, мал сауа білу, кілем тоқи білу, кесте тіге білу, т.б. іс-әрекеттер мен мінез-құлықтық қасиеттер иманжүзді, абзал жанды қыздың бойында болу керек деп есептеген. Қызға еркіндік беріп, еңбек үйретумен қатар, халық қатаң тыйым салып, "қызға қырық үйден тыю» деген. Өйткені қыз бала тәрбиелі, тәртіпті болмаса, абыройынан айырылып қалады. Сондықтан қыз баланың қадір-қасиетін арттыру үшін, оның өзін-өзі тәрбиелеуі зор рөл атқарады. Қыз бала - оқуда, өнерде, еңбекте, әлеуметтік тіршілікте ұлттық әдепті қатаң сақтап, ұлттық мәдениеттің үлгісін көрсете білетін нұрлы тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет