Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ



бет60/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Кітап Тәрбие

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ


Этнопедагогика (халықтық педагогика), негізінен, ұлттық тәрбие туралы ғылым. Сондықтан, біз ең әуелі ұлттық тәрбиенің этнопедагогикалық негіздерін айқындап алуымыз керек.
Тәрбие – жеке адамның тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру үшiн мақсатты түрде жүргiзiлетiн қоғамдық өмiрдегi ең басты әрекет.
Жеке тұлғаны өмiрге беиiмдеп, жан-жақты дамыта даярлау үшiн, бұл қасиеттi әрекетке жеке адам, ұжым, топ, жалпы әлеумет жауапкершiлiкпен қатысады. Тәрбиеге халық тәжiрибелерi (халық педагогикасы), әдебиет, өнер, кино, радио, теледидар, табиғат мүмкiндiктерi пайдаланылады.
Тәрбие – ағарту iсi мен оқытудың алтын арқауы. Әлемнiң екiншi ұстазы әл-Фараби: «тәрбиесiз бiлiм адамзаттың қас жауына айналады» деп, тәрбиенiң дүниетаныммен, бiлiм берумен, ағарту iсiмен бiртұтас әрекет екенiн жоғары бағалап, оның ғылыми, әлеуметтiк мәнiнiң зор екенiн дәйектi дәлелдеген.
Тәрбие жеке адамның дүниетанымын, адамдық бейнесiн, көркемдiк талғамын, физикалық, психологиялық, тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.
Тәрбиенiң мазмұны жеке адамдар мен қоғамның, ұйымдар мен ұжымдардың, топтардың мақсаттарына және қоғамдық құрылыстың түп-тұғыры мен құрылым ерекшелiктерiне байланысты болады да, тәрбиенiң нәтижелерi жеке адамның, қоғамның дамуына (болашағына) зор ықпал етедi, сонымен қатар қоғамның экономикалық арқауына, еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына әсерiн тигiзедi.
Тәрбие жеке тұлғаға тән оның адамдық болмысын, ақыл-ойын және тұлғалық қасиеттерiн дамытуымен қатар мiнез-құлқын (жан дүниесiн) қалыптастырады.
Тәрбие үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, қызықтыру, әсерлендiру, талап ету әрекеттерi арқылы iске асырылады.
Тәрбиенiң мазмұны тұрмыстық, болмыстық, қоғамдық-экономикалық құрылыстың заңды ерекшелiктерiне байланысты болады. Мысалы: алғашқы қоғамда тәрбие аға ұрпақтың тәжiрибелерiне сәйкес жеке адамдарды еңбекке баулуға лайықталып жүргiзiлдi. Әртүрлi әдет-ғұрыптарды ойын арқылы көрсетiп, баланың тұлғалық болмысын қалыптастыруға қажеттi әрекеттер мен тәсiлдер қолданылды. Тәрбие әрекеттерi тұрмыстық ережелерге, жыныстық ерекшелiктерге сәйкес құрылады.
Қоғамдық таптардың пайда болуына байланысты тәрбие әрекеттерiне таптық ой-мақсаттар әсерiн тигiздi. Өндiргiш күштердiң даму дәрежесiне және өндiрiстiк қатынастардың сипатына, өндiрiс тәсiлiне сәйкес жеке адамдардың еңбекке әзiрлiгiн ұйымдастыру, адамгершiлiкке баулу – тәрбиенiң басты мақсаты болды.
Қоғамдағы қарама-қайшы таптардың өкiлдерi өз ұрпақтарын таптық мүдделерге бағдарлап тәрбиеледi. Мысалы, құл иеленушiлер балаларын өнер үйренуге, ғылым оқып, бiлiм алуға, жаугершiлiкке (соғыс өнерiне) баулыды. Құлдық қоғамда құл иеленушiлердiң тәрбиесiнде ақыл-ой тәрбиесi (оқу, жазу, есептеу), эстетикалық тәрбие (музыкаға, ән айтуға үйрену т.б) басым болды да, олардың балалары құлдарға және дене еңбегiне деген жиренiш рухында тәрбиелендi. Ал құлдар балаларын еңбекке, батылдыққа тәрбиеледi. Оларда еңбек тәрбиесi мен дене тәрбиесi басым болды. Феодалдық қоғамда өндiрiс сипатына сәйкес тәрбие феодалдардың ерекшелiктерiне лайықталып (ақсүйектердiң «артықшылықтары», бiлiмдiк әзiрлiктерi, т.б.), шаруалардың күнкөрiс, өмiр сүру қажеттiлiктерiне (еңбекке, iс-әрекетке) баулуға негiзделiп құрылды.
Қанаушы қоғамда капитал иесi мен жұмысшылар арасындағы экономикалық қайшылықтар, өндiрiстiк даму мен өркениеттiк өрiс, өндiрiс иелерi мен шенеулiктердiң ұрпағын неғұрлым қанауға (пайда табуға) тәрбиелеу, өндiрiс бәсекесiнде «жеңiске» жету мақсаттары үшiн сұраныстарға кәсiптiк ғылымды пайдалана бiлу, соғысқа әзiрленiп жеке билiк пен демократиялық құрылымдардағы қилы қырқыстар өндiрiс иелерiнiң халықаралық бәсекелерi – бәрi ұрпақты қоғамдық сұраныстарды өтеуге (өндiрiс тетiктерiн, экономиканы бiлу т.б.) тәрбиелеудi көздейдi.
Демократиялық қоғамдық құрылысын мақсат еткен тәрбие мақсаттары, гуманды (адамдық) негiзде құрылып, көптеген мақсаттарға жеткенмен, әлеуметтiк-саяси тәрбиенiң бiржақтылығы, түпкi нысанаға жетуге кедергi келтiргенi айқындалып, демократиялық қоғамдағы тәрбие өркениеттiк өмiрге сәйкес (әлемдiк техника жетiстiктерiн меңгеру, жаңаша өндiрiс тетiктерiн игеру, әмбебап бiлiмдарлық т.б.) жүргiзiле бастады. Яғни, тәрбие қоғамдық дамудың нысанды қажеттiлiктерiне лайықталып, ұлттық, қоғамдық, жалпы адазаттық тәлiм тәжiрибелерiне сәйкес жүргiзiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет