Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет66/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Кітап Тәрбие

Аға тәрбиесі. Қазақ халқында «аға – зордан, іні – бордан» деген мақал бар. Аға басқарушы, іні оның айтқанын орындаушы болуға тиіс. «Ағасы бардың жағасы бар деп, іні ағаға сүйенеді, одан үлгі алады, жақсы ағаны сүйіп, оның тәлім–тәрбиесіне мойынсұнып, ағаға ұқсап, «адам болып өсуді арман тұтып, абыройлы жолға түседі.
Аға – қамқоршы, тәрбиеші, үлгі-өнеге көрсетуші. «Кіп–кішкентай інім бар – күлімдеген күнім бар» деп, аға ініні жанындай жақсы көріп, оған қамқоршылық жасайды. Тазалығына, іс-әрекетіне, жүріс–тұрысына, үлкендермен, айналасындағылармен, адаммен қарым–қатынасының әдетті, әдепті болуын үйретеді, талап етеді.
Ағаның ініге, қарындасқа деген тәрбиесі – инабаттылықтың, игіліктің, қайырымдылықтың, мейірімділіктің - әдептіліктің белгісі. Тәрбие тәлімгері үлгілі - өнегелі болуға тиіс. Ол үшін ардақты аға тәрбие тәсілдерін жан–жақты жақсы білуге тиіс. Іні мен қарындастың әдептілігін барлап, дарын–нышандарын танып, оны дамыта білу үшін де ағаның адами қасиеттері болуға тиіс.
Аға – ініге үлгі-өнеге көрсететін үлгілі, әдепті, білімдар, өнерпаз, мейірімді, қайырымды, іскер тұла болуға тиіс. Ағаның әдепті жүріс–тұрысы, игілікті іс-әрекеттері, еңбегі, оқуы, шынығуы бәрі–бәрі өзінен кішілерге үлгі. Игілікке тәрбиелеу үшін тәрбие ісі сол игіліктерді ізгі ниетпен кішілерге көрсете білуі – қажеттілік.
Ініні, қарындасты тәрбиелеу үшін ағаның адамгершілігі мен кішіпейілділігі өте қажет. Өте қатал болып, өзінен кішілерді жасқанту – ыңғайсыз тәсіл. Тәрбиелеу үшін тәрбиеленушінің жақсылықтарын тауып, кемшіліктерін мойындата білу керек. Өзін-өзі тәрбиелей білген аға – нағыз қазақи аға болады.
Әпке тәрбиесі. Қазақ халқы әпкенің рөлін жоғары қойып, оның тәрбиелік құзырларын қалыптастырған. Әпке анадан кейінгі отбасындағы жауапты тәрбиеші болып есептеледі. Яғни отбасындағы тәрбиеде әпке ана қалыптастырған тәлім–тәрбиелік үрдістерді толықтыра жалғастырады.
Ең әуелі әпке (ана-ене) ананы сыйлау рәсімдерін жақсы меңгеріп, анаға ең жауапты қамқоршы болады, көмекшісі, сүйеніші, шәкірті, оқушысы, мұрагері болады.
Әпке ініге тірішіліктегі тірліктерді, сіңліге қолөнерін, сән өнерін, киім мен үй заттарын, тазалықты сақтауды үйретеді. Ол анаға көмекші бола жүріп өзі үйренген «қыз тірлігін» сіңлісіне үйретеді. Ең әуелі заттарды күтіп ұстауды, тазалықты сіңлісіне, інісіне үйретумен қатар, сіңлісіне тамақ дайындаудың, дастархан мәзірін жасаудың жолдарын үйретеді. Жаңа технологиялық тетіктерге байланысты үй шаруашылығын істеудің жолдарын сіңлісіне де, інісіне де үйрету тәсілдерін әпке жақсы білуге тиісті. Электротехникаға байланысты барлық «шараушылық» пен іс-әрекеттерді ең әуелі әпке үйренеді, оны өзінен кішілерге үйретіп, өмір қолданыстарын талап етеді.
Әсіресе отбасындағы өнер өрнегі әпке арқылы өркендеп, отбасын иелерін қуанышқа бөлейді. Өзі үйренген өнерін сіңлісіне, інісіне үйрете білу - әпкенің әдіптілік міндеті. Дарын – нышандарын айқындап, оны дамыта білуде әпке ата- анаға әрі көмекші, әрі үйретуші болады.
Әпке өзінен кішілердің мінез–құлқын, іс-әрекеттерін, оқуын, ойынын қалт жібермей қадағалап, оларға жолбасшы, кеңесші, көмекші, әріптес, әдептес болады.
Кей жағдайларда тікелей ананың рөлін атқарған әпке отбасындағы «екінші ана» міндеттерін атқарады.
Өзін-өзі тәрбиелеу. Әрбір адам басқалардан (атадан, әжеден, әпкеден, анадан, ағадан, әпкеден, жолдас–жораларынан, айналасындағы-лардан, қоғамнан) тәрбие алумен қатар, өзін-өзі және үйелмендердің бірін-бірі тәрбиелеуі арқылы адамдық санатқа ие болады. Өзін-өзі тәрбиелеу жалпы тәрбиеден бастау алады.
Бала өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең әуелі өзінің кім екенін (кімнің баласы, ата тегі кімдер, ұлты, отбасында кім?) жақсы білуге тиіс. Ондай танымды ата – аналар қалыптастырады.
Өзіндік тәрбие жан–жақты, толымды болу үшін, тәрбиеленуші алдымен ана тілін, ұлттық әдебиеттің тәрбиелік, тәлімдік тұстарын танып білуге тиіс.
Әсіресе, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет–ғұрып, әдеп, дәстүр, салт, салт–сананың ұлттық негіздерін танып–біліп, сол қалыптасқан тәлім–тәрбиелік негіздердің қолданысын үйрену керек. Әрине, өсе келе бала жалғыз өзі ұлт құндылықтарын ғана күйттемей, жалпы адамзаттық адами қаситтерді таңдап, талғап игеруге тиіс. Бұл жерде «еліктеу» сияқты жұқпалы әрекеттердің зияндық жақтарын ажырата біліп, адам баласының асыл қасиеттерін талғап, таңдап қабылдауы керек. Оны ұлттық құндылықтың құрамына сіңістіре пайдалану керек. Өзара тәрбие – отбасының асыл қасиеті.
Бала үлгі-өнеге, әдеп, рәсім арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге бейімделеді. Өзіндік тәрбиенің қозғаушы күші – ықыластық, ынталылық, ар–ұят, намыс, талап–талғам, жігер-қайрат жалпы тәрбие арқылы қалыптасады.
Отбасындағы тәрбие балабақшадағы тәрбиемен сабақтасып, жалғасады. Балабақшадағы тәрбие жұмыстары отбасындағы тәрбиемен тiкелей байланыста ғана өз нәтижелерiн бере алады. Балабақшада, көбiнесе, эстетикалық, еңбек, адамгершiлiк тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiнедi. Бұл ретте де тәрбиешiлер тәрбие iсiнде халық педагогикасына, жалпы педагогикалық құндылықтарға, ата-аналардың тәжiрибелерiне, өркениеттi өмiр сұраныстарына сүйенедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет