Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет98/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143
Кітап Тәрбие

Жарнама жасаудың да этнопедагогикалық мәні зор. Көркем безендірілген "Отаның үшін отқа түс - күймейсің", "Баска елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол" деген сияқты мақалдардан көрнекті жарнама жасап, көз түсетін орындарға іліп қоюға болады. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын осындай жарнамаларды оқу-тәрбие ісіне қисынды пайдаланудың мәні зор.
Жарнаманы, көбінесе, студент жасайды, содан кейін белгілі бір тақырыптарда (әуелі дәптерге, содан соң арнайы ақ қағаздарға) студенттердің жарнама жасауын талап еткен жөн. Әрине, ол үшін ұстаз оларға алдымен жарнама жасаудың жолдарын үйретеді, дағдыландырады, ол істі дәстүрге айналдырады. Жарнама "ірі блок" тәсілімен білімді бекіту, тәрбие ісін әсерлі ету үшін де өте қажет болғандықтан оқыту ісінде оны кеңінен қолдану керек. Жарнама егер жақсы жасалса, көбінесе көрнекті жерде ілулі тұрады да, студенттердің көзіне жиі шалынып, ондағы өнегелі сөздер, ғылыми түйіндер әрбір студенттің есінде қалады.
Жарнама, көбінесе, бейнелі суреттермен, шешендік, өнегелі, түйінді сөздермен безендіріледі. Сондықтан оны жасаушының білімі терең, қиялы биік болуға тиіс.
Жарнама — сөз құдіретін әрі көріп, әрі оқып, есте қалдырудың куатты құралы. Оны пайдалана білудің тәлімдік тәсілдері көп.
Арнайы оқу бөлмесінде, аудиторияларда, көрнекті орындарда қазақ этнопедагогикасы пәні бойынша мына төмендегідей жарнамаларды жазып, ол жарнамаларды көркем безендіріп қоюға болады: "Ғылым таппай, баптанба, Білім таппай мақтанба" (Абай) "Жақсы мұғалім мектептің жүрегі" (Ыбырай) "Қазақ халқының қозғаушы күші — ұлттық намыс" (Шоқан) "Тәрбие мен білім — жас ұрпақтың қос қанаты" (әл-Фараби) "Оқу — білім азығы. Білім - өмір қазығы" (Халық мақалы)
Газет шығаруды ұқыпты ұйымдастырып, онда халықтың әдет-ғұрыптары мен мейрам-тойларының тәрбиелік мәнін ашатын мақалалар мен безендірілудің көркемдік сапасына жауапкершілікпен қараудың мәні айтарлықгай. Мысалы, "Наурыз-жыл басы" деген тақырыптық кеште шығарылатын газетте мерекенің мәні, мерейлік сәні, көктемнің көркем көріністері — бәрі елді, жерді, табиғатты, Отанды сүюге бейімдейтіндей көркем де көрнекті болу керек. Онымен бірге газет бетінен оқушылардың шығармашылық шырақтары, дарындық, икемділік, бейімдік нышандары көрініп тұру қажет.
Әдетте, тақырыптық кешке студенттердің белгілі топтары "өнер жарыстырушылар", өз газеттерін шығарады, жарнамалар дайындап, бейнелі, сюжетті суреттер салып, оны көрме ретінде көрермендерге ұсынады. Кешті өткізу сайланған басқарушылар мен әділ қазылар алқасы бұл көркем жұмыстарды (газетпен қоса) балл қойып, бағалайды. Сөйтіп, әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша көркем де мәнді газеттер мен жарнамалар, суреттер бағасын алып, марапатталады.
Мысалы пәндік, тақырыптық кештерде студенттер ұйымдастырып шығаратын "Наурыз" атты қабырға газеттің бағдарламалық мәтіні мына төмендегіше болу керек. Газет төрт бағанадан тұрады. Оның бағдарламалық мәтіні:
Газеттің аты "Наурыз"



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет