Айтыс сабақтарын ұйымдастыру - студенттердің халық дәстүрін тұшына түсініп, қызыға ұғып, өлең өнерін жоғары бағалауға себеп болатын игілікті іс-әрекет. Семинар сабақтарында айтыстың жұмбақ айтысып, тақпақ айтысып, мақал-мәтел айтысып, санамақ айтысып, білім жарыстыру және көркем сөзбен, өлеңмен айтысып, өнер сынау сияқты түрлері бар. Оларды ұйымдастыру үшін, оқытушы күні бұрын бағдарлама түзіп, айтыс мақсаттарын белгілейді. Айтыс кезінде студенттер екі топқа бөлініп, әрбір топтың топ басшысы айқындалады да, белгілі бір уақытта студенттердің өнер білімі сыналады. Айтыстың тақырыбы мақсаты, студенттерге айқын болу керек. Мысалы, жұмбақ айтысын ұйымдастырған кезде, жұмбақтың түрі айтылып, жаңа жұмбақтардың болуы ескертіледі. Аудиториядағы бір топ көбірек балл алса, ол жеңіп шыққан болып саналады. Ал екінші топта балл саны аздау болғанмен, білім деңгейі төмен болмаса ол бағалану кезінде ескеріледі. Айтыстағы жеңісті бағалаушы тек оқытушы емес, сонымен қатар айтысты бағалайтын екі жақтан тең "әділ қазылар" белгіленуте тиіс. Айтысқа белсене қатысқан студенттер марапатталады.
Жұмбақ айтысының жарыса жұмбақ айтысу, ақындық өнермен жұмбақ айтысу, жұмбақ шешу сияқты түрлері бар. Студенттер Қазақ этнопедагогикасы пәні бойынша, көбінесе, жарыса жұмбақ айтысу, жұмбақ шешісу тәсілдерін қолданады. Егер студенттер арасынан ақындық дарыны бар студенттер ынта білдірсе, өлеңмен жұмбақ айтысу рәсімі іске асырылады.
Мақал-мәтел айтысының жарыса (ойтартыс) айтысы, белгілі бір уақытта, белгілі тақырыпта мақал-мөтелдерді айтып (не жазып) білім жарыстыру сияқты тәсілдері қолданылады. Мақал-мәтелдер, көбінесе, халық аузынан жиналғандықтан, естіп түйгендікті, көп оқығандықгы білдіретін болғандықтан, бүл айтыс кезінде студенттердің біліктілігі жоғары бағалан
Санамақ айтысы да студенттердің естігенді түйіп, оқығанды тоқып, біліктілігін арттырғанын айқындайтын тәсіл.
Тақпақ айтысы кезінде студенттерден, көбінесе, шешендер мен билердің, ғұламалар мен дала данышпандарының тақпақтап айтқан өнегелі сөздерін тауып айту талап етіледі.
"Қазақ этнопедагогикасы" пәні бойынша белгіленген семинар сабағында жұмбақ айтысу ойжарысын былайша өткізуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |