Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет130/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143
Кітап Тәрбие

Оқытушының ісі мен сөзі

Егер ұстаздың ісі мен сөзі сәйкес келмесе, ол ұстаз емес. Сөзі көп, ісі жоқ «ұстаздың» беделі де жоқ, ондайларды шәкірттер де сыйламайды.


Біздің мектепте сонау бір жылдары еңбек сабағына қажетті станоктар болмады, сондықтан еңбек сабағы ат үсті өтіп жүрді де, ол жағдай мектеп директоры ретінде менің арыма тиіп, жанымды жасытты. Сөйтіп жүргенімізде, шала сауатты, бірақ темірмен ағашқа «жан бітіретін» Григорий деген жігіт бір күні мектепке келіп:
- Мен темір, ағаш станоктарын қолдан жасай аламын, тек үш фазалық мотор тауып берсеңіз болды,- деді.
- Керекті заттарыңызды тауып береміз, тек сөзіңізде тұрыңыз,- дедік біз.
Осы бір сақалы сапсайып тез өсетін, қалың мұртты, қара қасты,қолы күсті грек жігітіне сеніп, біз игілікті істі бастадық. Григорий көп сөйлемейді, тек «мынандай зат керек боп тұр» деп, бәсең дауыспен, күлімдеп айтады. Шаруашылық басшыларымен келісе жүріп, шеберханаға мотор орнаттырып алдық. Сол сол-ақ екен, ондағы жұмыс қарқындап, бір-екі айда темір әрлейтін, ағаш өңдейтін, ағаш тілетін станоктар пайда болды. Еңбек сабағында өз мақсатымызға жетіп, қуанышқа бөлендік. Мен мектеп директоры ретіндеГригорийдің ісіне тәнті болдым.
Ал, физкультура пәнінің мұғалімі Асылбай болса, кеудесін қағып сөзбен желіп, іске келгенде, ұжымды ұятқа қалдырды.Әріптестері сынағанда ол:
- Менің қадірімді білмейсіңдер, мені сыйламайсыңдар, мен кетемін!-деді ол, өзін өр тұтып, өршеленіп. Бұжыр беті қарауытып, келте мұрнын көтеріп, кердеңдеп сөйлегенде, оның көпірме сөзінен көбіктей пайда жоқ екенін сездік.
- Мен спорт алаңын безендірем, әлі көресіңдер, спорттық жарыстан жүлде әкелемін! – деген болатын ол алғаш осы мектепке келгенде.
Бұл мұғалім өз сөзі тұрмақ, дирекцияның нұсқауын да «мақұлмен» құрдымға ұшыратып жүрді.
- Асеке, белтемірді орнынан ауыстырып анау қосағаштың қасына орналастыр.
- Мақұл! Менің бұрынғы есуас, не бітірген өзі...
- Мынау жүгіретін жолды оқушыларға тазалатып, сөре, мәре дегенді белгілеп қой, жолдас оқытушы.
- Мақұл! Бұрын бұл іске әлгі Әлден жауапсыз қарапты.
- Оқушыларға футбол добын бере салып бейберекет ойнатпай, жөні түзу команда құру керек емес пе?
- Мақұл. Мен келгенге дейін, бұл мектепте футбол командасы болмаған екен. Енді амандық болса, әкесін танытып, төрт команда құрамын.
- Асеке, анау белтемірді неге өз орнына орнатпадыңдар!
- Мәселе былай! Жаңағы, мынау балалар менің тілімді алмайды. Жүгірмектер бұрынғы мұғалімнің тілін алмай, әбден жаман үйренген, жетесіз немелер.
- Жолдас оқытушы мынау жүгіретін жол дайын емес қой, бұл қалай?
- Мәселе былай! Жаңағы мынау, күз болса түсті, қыста келеді, жаңағы әуре болудың не керегі бар... Сіздер осы менің артыма түсіп алғанды қашан қоясыңдар?
Бұл оқытушы оқушылармен үнемі қайшыласып, ұстаздармен ұрсысып, ата-аналармен араздасып жүрді. Өз ісін орындай алмады. Құрғақ сөзбен құлдырап кетті. Ақырында Асылбай «жұмысын ауыстыруға» мәжбүр болды.
Оқытушының сөзі – берік, мінезі – көрік, ісі тиянақты болмаса, ол шын мәніндегі оқытушы бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет