Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет132/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   143
Кітап Тәрбие

Сабырлылық салты

Педагогикалық такт – ұстаздың сабырлылық салты. Үйрену, жаттығу, әдеттану, дағды мен салт, дәстүр ұстаз өміріндегі психологиялық, педагогикалық даму, қалыптасу сатылары болып табылады. Сабырлық қалпы ұстаздық және өмірлік тәжірибелердің нәтижесінде пайда болады. Ал «педагогикалық такт» деген терминді алатын болсақ, оның мазмұнын тереңдету, мағынасы кең. Педагогикалық тактысы қалыптасқан, сабыр салтанаты биік ұстаздың өнегелік үлгісін алған шәкірттері ұстазына еліктеп өсетіні белгілі. Дегенмен ұстазынан қанша үйренсе де, оқушының психологиялық темпераменті кейде үлгі-өнегеге еліктеген басқа бір шәкірттің ой-мақсатын орындап, сабырлылық салтын сақтауына кері әсер етуі де мүмкін, әйтсе де, ұстаз өнегесінің игі әсері түптің түбінде өз нәтижелерін берері анық.


... Төртінші сынып оқушысы Ғалияға мұғалім: «Сенің қабілетің жақсы, тек сабырлылық керек», деп, талай рет ескерткен болатын. Оқушы ұстазы сияқты сабырлы-салмақты, оймен қимылдайтын болам деп, оның өнегесін мақтан тұтатын.
Міне, Ғалия үйінде жалғыз өзі отыр. Ол биыл төртінші сыныпта оқиды. Оның көбірек қиналатын сабағы арифметика еді. Екі сағаттай болды, ол бір есепті шығара алмай, әуреге түсіп отыр. Басы қаңғырып, тұла бойы қызып бара жатқандай сезінеді. Оны бір нәрсе желкелеп, «бол-бол» деп тұрғандай, ол асығады. Кейде жүрегі лүпілдеп, тым қатты соғады. Оның қоңырқай жүзі қып-қызыл болып, мойылдай қасы жиырыла түседі. Ол өзіне-өзі іштей риза емес. Әйнектерін қырау басқан терезеден қысқы ызғар соғып тұр. Ғалияның денесі түршігіп, енді жүзі сұрлана бастады. Ол қанша әуреленсе де, есептің жауабы шықпай-ақ қойды. Ол әжесінің есікке таяу келіп қалғанын қайдан білсін, өзінше сөйлеп отыр:
- Апатай, жәрдем берсеңші!.. Шынымен-ақ мына бір есепті шығара алмадым ғой...
Оның көзінен мөлт-мөлт ыстық жас тамды. Ғалияның күбірлеген үнін естіген әжесі тоқтай қалып, оған білдірмей, есіктің жақтауынан сығалап қарады. Ту сыртынан қарап тұр әже. Немересінің сарғыш шашына тағылған жарасымды жасыл лентасы дір-дір етеді. Бір рет есікке қарай бұрылыңқырағанда, әжесі оның бет жүзінен жылағанын байқап қалды. Аяғыш! Ананың асыл жүрегі зу ете түсті.
Ғалияның анасы жұмыстан жаңа келді. Ғалия ауыз бөлмедегі дабырды естіп, көз жасын сүртіп, тез жинақыланды. Әжесі Ғалияның қандай күйде отырғанын оның шешесіне сыбырлап, айтып та үлгерді.
Аяулы ана қызының қиналып отырғанын көріп, оған дем бере, жарқын сөйлей кірді.
- Ғалияжан не істеп отырсың?
- Жай... Есеп шығарып...
- Кәне, көрсетші.
Анасы Ғалияның көп әуреленіп, осынша қиналғанын сезіп тұр. Шимайланған қағаздар. Мына бір парақтардың үстінен су тамшыларының дақтары байқалады. Анасы үңіліп, есеп кітапқа қарады. Анасының ақ мамасы жемпірдің астар жағын тебе керіп, Ғалияның бетіне тиіп тұр. Ананың сол сәттегі шуақты мейірімі Ғалияның жүрегін елжіретіп, тұла бойын қуаттандырып, жүзін жадыратып жіберді.
- Қызым, ең алдымен есебіңнің сұрағына көңіл бөлдің бе? Бірінші сұрағы қандай, кәне, көрейікші.
- Міне: «Алматыдан және Тараздан шыққан екі поезд қанша сағатта түйіседі?».
Ғалияның бадырақ танадай көзі күлімдеп, ойы ұшқырланып, қуанып тұр. «Мәселе бірінші сұрақта екен ғой. Оны неге сабыр тұтып, өзімше ойламағанмын?!»
Ол анасының мойнынан құшақтай алғысы келді де, «сабыр иесі» бола қалып, оған сыпайы тіл қатты:
- Рақмет, апа! Маған енді бәрі түсінікті.
Не бары бес-он минуттың ішінде Ғалия берілген есепті шығарып үлгерді. Сөйтті де, ол анасының тірлігіне көмек бермекші болды.
Ол түскі тамаққа арнап картоп аршып отыр. Үлкен көздері жайнап, пышақтың жүзіне тесіле қарап, терең ойға шомылды: «Сабыр сақтамай, асығыс қыймылдап, осынша әуреге түсіппін. Істі апайша асықпай бастап, ақылмен қыймылдау керек екен»...
Сүйікті ұстазының сабырлылық қасиеті шәкіртіне осылай жұғыса бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет