Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет131/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұжымда болу-бақыт


Жеке адамның жақсы мінез-құлқы тек ұжым арқылы, көпшіліктің игі ықпалының арқасында ғана дамып, қалыптасады. Балалық әбестікпен көптің қадірін білмей, әркімге бір тиісіп, ерке-шора, жеңілтек, ұшқалақ мінез көрсеткен баланы тәрбиелеу тәсілінде мінез-құлықты қалыптастыру әдісі ретінде жазалаудың алуан түрлі, лайықты, тиімді түрлерін шебер қолдану ұстаздың педагогтік тәжірбесіне байланысты.
Бірінші сынып оқушысы Кенен үнемі жұлқынып жүретін, әсіресе, қыздарға жуып кетсе, қыран-топан, қым-қуыт шу көтеріп, ер балалармен алыса кетіп, айғай шығаратын селтеңдегіш, бірақ сергек қимылды, өзінше қажыры қайнап жүретін бала еді. Кекілі селтиіп тұрған осы бір ақ сары тәмпіш бала кез келген құрбысын қойып қалып, «бокс» жасайтын. Қит етсе, қабағы тырыса қалып, көзін алартып, достарымен төбелесуден тайынбайтын. Не болса, соған аузын бұртитып, сүзеген танаша сүзіле қарап, достарының «есін шығаратын».
Мұғалім Раушан апай оның үйіне келе жатқанда, ол оқытушыны сырттан көрді де, үйден безіп, қораның сыртына жасырынып қалды. Ол мұғалімнің келгеніннен секем алып, сескенгенімен, анасының өзін қорғаштайтынана сенді. Өйткені анасы баласын, өте жақсы көретінін жасыра алмайтын. Енді оның мектептегі тентектігін мұғалім қанша айтып, дәлелдегенмен, анасы «балалық болған шығар, түзеледі» дейді де, қояды. Кененге әке-шешесі ешқашан қаттты ұрсып көрген емес.
Мұғалімнің кетуін аңдып тұрды да, Кенен үйіне келді. Оның анасы өзінің күндегі жайдары жүзін бұзбай:
- Балам, сен ертеңнен бастап мектептегі үзіліс кезінде сыныптан шығарылмайтын болдың, - деді.
- Оһо-о-о ол қалай?
- Ол солай... Барлық оқушылар үзіліс кезінде демалады, ойнайды, ал сен сыныпта отырасың.
- Менің не жазығым бар?
- Сен әркімге тиісіп, қой деген көпшілікті жек көреді екенсің. Сондықтан құрбыларыңмен араласпай, оңаша отырасың.
- Еһе-еее! Онда жақсы болды...
- Сен жолдастарыңды сыйламайды екенсің. Олармен бірге ойнамай, жеке отырып көр... Қалай болар екен?
Келесі күні мектептегі уақыт ол үшін өте көңілсіз өтті. Сабақ кезінде Кенен шат-шадымен сияқты еді. Енді, міне, үзіліс кезінде жеке отыр, онда үн жоқ. Ол қабағын шыда трүсіп, мұрны пысылдап, сыныпта не істерін білмей, зерікті. Оның жолдастары мектеп ауласында шарқ ұрып, еркін ойнап жүр. Мұғалім де сыныптан шықпай, кітап оқып отыр, шаршайтын емес. «Туу, Раушан апайдың қалайша іші пыспайды екен» деп күбірлейді Кенен. «Ең болмаса сыртқа бір рет шығармады... Жолдастарымен бірге қ алысып ойнау қандай көңілді болар еді... Енді ешкіммен ұрыспай, төбелеспей ойнар едім»... Ол тәмпіш мұрнын жиі тартты, қолын көтерді.
- Раушан апай, тысқа шығып келейінші.
- Әжетханаға ма?
- Ым-м жо-о-оқ!
Кенен жылап жіберді.
- Мен ... мен енді ешкімге тиіспеймін.
Раушан апай жай басып, Кененнің қасына келді, салалы, жұмсақ саусақтарымен оның басынан сипады.
- Жолдастарыңмен бірге ойнағың келді ме?
- Ін-ің! Ия!
- Сен жолдастарыңды жек көресің ғой. Қит етсе, ұрыса кетесің. Қолыңа не түссе, сонымен жіберіп ұрасың...
- Енді... Енді ешкіммен төбелеспеймін!
Раушан апай оның басынан сипап тұрып:
- Мен саған сенемін. Бара ғой, - деді.
Үлкен үзіліс кезі еді. Оқушылар «Қаздар мен қасқыр» ойынын ойнап жатыр екен. Кенен келіп, шетке тұрды. Ол достарының икемдеуімен қызған ойынға тез-ақ араласып кетті. Қоңырау соғылды. Оқушылар асыға басып, сыныпқа еніп барады. Сол кезде қасақана, әдейі істегендей екінші сыныптың оқушысы Сәт Кененнің құлағынан мықтап ұстап алды. Ол Кененді құлағынан тартып жетектеп барады. Кененде үн жоқ. Ол бетін тыжырайтып, құлағын ауырсынса да, екі қолын күрік басқан тауықтың қанатынша жайып, Сәттің тартқан жағына еріксіз кетіп барады.
Сәт Раушан апайды көріп қалып, Кененді жібере салды да, билей жөнелді. Кенен құлағын уқалап, қызараңдап тұрып қалды. Ол ләм деген жоқ. Мұғалім шәкіртінің бұл жолғы шыдамдылығына сүйсініп, риза болды.
Кененнің кейінгі, өсе келе, шыдамдылық, сабырлылық, көпшіл мінезінің қалыптасуы осылай көптің қадірін білуден басталған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет