Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет18/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143
Кітап Тәрбие

Біліктілік - әдеп
Жеке тұлғаның ғылыми, мәдени, әдеби құндылықтарды жан–жақты жақсы біліп, оны әдептілікпен өмірде, іс-әрекетте пайдалана білуді біліктілік дейміз.
Біліктілік, көбінесе, ғылыммен байланысты болады. «Ғылым таппай мақтанба» деп Абай дана «Дүние де өзі мал да, өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз... Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда?» деп, «Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген насихаттарымен жастарды біліктілікке шақырады. Білікті адам өзі біліп қана қоймайды, білгенін басқаларға үйрете біледі. «Басқа білмей, сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл» деп, ақын біліктіліктің жауапкершілігін де басып айтады.
Ұлттық тұлға өз ұлтының мәдениетін: әдебін, дәстүрін, салтын, салт–санасын жақсы біледі де, өзінің мәдениеттілігін сол ұлттық құндылықтарды әдеппен көркем көрсете біледі, өзі өркениеттіліктің өнегесін, үлгісін, сипатын, мәнін, мазмұнын зиялы әрекеттерімен паш етеді. Ұлттық мәдениетті жан–жақты игерген адам сол мәдениеттің ұлттық мәнін ғаламдық өркениетпен байланыстырып, толықтырып пайдаланады.
Қазақ халқы – ақын, шешен халық. Білікті қазақ әдебиетші, шешен. Ол қазақ халқының мақал–мәтелдерін, әмбебап әдебиетін жақсы біледі. Білікті тұлға – сөз мәдениетін, сөйлеу ауқымын, ойды сөйлеу арқылы тартымды баяндауды игерген, білімпаз тұлға.
Жеке тұлғаның біліктілігі шешендік өнерінен де айқын көрінеді. Ол мысалдан, дәлелдеп, әсерлі сөйлеп, тіл өнерінің қазақи қасиеттерін көрсетеді.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп қазақ халқы көп оқу, көп үйрену – көпті білудің негізі, жаңғыртып, жаңаша үйрену қажет деп түйіндейді.
Қамқоршылық - әдеп
Адамға, табиғатқа, жан–жануарға жақсылық жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің әдепті көрінісі – қамқорлық деп аталады.
Әрбір ұлттық тұлға сол ұлттың қалыптасқан әдет–ғұрпы, әдебі, салты, салт–санасы бойынша, отбасындағы, айналасындағы, елдегі, жалпы адам баласына қамқорлық жасауға міндетті. Әсіресе, ата–ананың балаларына деген қамқорлығында шек болмайды. Ата–ананың балаға деген қамқорлығы балалар өскен соң парыздық салтпен өтеледі. Кез келген тұлға, қай ұлттан болса да, мүдделі адамға қамқорлық жасауға міндетті. Ұлттық салт–сана бойынша бұл игілік ғасырлар бойы ұрпақтан–ұрпаққа ауысып, сіңіскен. Қазақ ұлтының негізгі бір дәстүрі – осы.
Адам – саналы бейне. Ол бір–біріне ғана емес, туған жерге, тамылжыған табиғатқа қамқоршы болуға міндетті. Ауа тазалығын, су тазалығын, көше тазалығын сақтау үшін әрбір тұлға (адалжүректі адам) өзінің ұлттық дәрежеде қалыптасқан қамқорлық міндеттерін орындай білмесе, оның адамгершілігі айқын көрінбейді де, ол табиғат алдында нағыз күнәһар болады. Жерді суару, орманды баптау т.б.
Қазақ халқында «малды теппе», «малды кендір жіппен байлама», «киелі малдың иесі бар» т.б. мәтелдер және «Қамбар ата» (жылқы), «Ойсыл қара» (түйе), «Шопан ата» (қой), «Зеңгі баба» (сиыр), «Сексек ата» (ешкі) деп төрт түлік малдың пірін дәріптеп, мал күту салты бар. Табиғатта барлық жан–жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау – ақылды адамның міндеті.
Жеке тұлғаның қамқорлық сезімі оның ұлттық тілі шыға бастағаннан–ақ бірте–бірте қалыптасып, оның адамгершілік сапасын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет