Мейірімділік - әдеп
Адам баласының айналасына, табиғатқа мейір–шапағат көрсетуі – оның адамдық ақпейілділігі мен кісілік құндылығы болып табылады.
Мейірімді адам табиғаттағы, адам тіршілігіндегі құндылықтарды, көркемдік көріністерді айқын сезініп, сүйсініп, сүйіп, соған жақсылық жасап, қамқорлық көрсетеді, әзірлейді, толықтырады, дамытады.
Ата–ананың балаға деген мейір–шапағаты олардың қуаныш қуатын, бақыт баламын, өмірге деген құштарлық құлшынысын көрсетеді. «Алтыным», «айым», «жаным», «күнім», «ботам», «қоңыр қозым», «жарығым», «жан жүрегім» т.б. мейірбандық сөздер арқылы ата–ана ұлттық әдептің биігінен сезім қозған, баланың адами, сүйіспеншілік, махаббаттық сезімін дамытып, қалыптастырады. Ата–ана мейірімі – шексіз. Ана бала үшін жанын аямайды, өмірін қияды. «Бала – бауыр еті» деп сүйеді.
Жақсы адамдардың жаңашырлық іс-әрекеттері олардың мейірмандық салтанатынан көрінеді. Жақсылық – құттылық. Мейірмандық – құттылықтың құнды белгісі. Қазақ халқы ұрпағын мейір сезімге тәрбиелейді, құттылыққа құлшындырады.
Ата–ананың, әсіресе, немереге деген мейірімділігі ерекше болады. Табиғи тағлым, адами айшықты сезім, үйірілген үйлесім, жан – жүректі баураған сүйіспеншілік, марқайтқан махаббат ата–ана мен немере арасындағы бір–біріне деген мейір–шапағатын «көкке жеткізіп» көрсетеді. Ұлттық әдеп салты осы құдыретті сезімді қалыптастырып, қадірін арттырады.
Мейірімділік – қазақ халқының әдептілік кредосы. Мейірімді, меймандос халықтың осы ерекшелігін бүкіл адамзат біледі. «Өнер, саз, шеберлік алдық біз, Өнерпаз шешен, мәрт халықпыз».
Салауаттылық - әдеп
Жеке тұлғаның (қазақтың) сабырлы, салтанатты мінез–құлқының, жан тазалығының, арлылық болмысының үлгілі-өнегелі көрінісі салауаттылық деп аталады.
Салауатты тұлға артық сөз айтпайды. «Қоқсықтарды мыңжылдық қоқсытады мыңжылдық» демекші, тіл тазалығы, сөз айқындығы, сөздің шешендік мәні – салауаттылықтың нұры.
Салауатты тұлға арақ ішуден, құмар ойнаудан аулақ болады. «Барлық күнәнің кілті – ішкілікте» (хадис). Салауатты адам арақтан басқа да есті аударатын ішкіліктен безінеді. Салауатты адамның санасы тұнық болады.
Салауатты адам құмар ойнамайды, ол «құмарлықпен» күреседі. «Ойнаса құмар, ойсыз пес құлар», «құмар құн тартқызады», «бұзыққа еріме, қызыққа берілме» деп, халық ұрпағын салауаттылыққа тәрбиелейді.
Қазақ халқы темекі тартудан, нашақорлықтан ұрпағын аулақтатып, «темекі – тегіңе жат», «арақ атаңа жат», «өзіңді қыстама - өкпеңді ыстама», «ішіңе тартқан түтін - өміріңе жұтың», «тартсаң түтін, қашады құтың», «темекі тісіңді алады, тентек қып, күшіңді алады», - деп халық темекі тарту – салауатсыздық екенін дәлелдейді.
Жан тазалығы мен мән тазалығын сақтай білу де салауаттылық белгілері болып табылады. Қараниеттіліктен аулақ болу, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты, көпшіл, кеңпейілді болу – салауаттылықтың белгілері.
Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-өнеге көрсету салауаттылықты көрсетеді. Салауаттылықтың толық белгілері, көбінесе жасы келіп қалған адамдардан айқын көрінеді. Әдепті тұлғаның абыройлы белгілері (салауаттылық) осы салауаттылық арқылы айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |