Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет23/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143
Кітап Тәрбие

Ар-ұят әдебі
Қазақ халқы арды жаннан да биік қойып, ұрпағын «жаным – арымның садағасы» деген қағидамен арлы жан етіп тәрбиелейді. Ардың негіздері: ұят, намыс, қайрат, ақыл парасаты, жан тазалығы, ақниеттілік, адамгершілік.
Ұят – ізеттілікті, сыйласымды, өз кемшілігін мойындауды көрсететін құбылыс. Үлкен адамды, көпшілікті, ата–ананы сыйлайтын ұлттық тұлға, оларға сыйласымын көрсетіп, иманжүзділік білдіреді. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деп халық «ұяты барды» құрметтейді. Ұялу – ұялшақтық (жасқаншақ) емес. «Ұятым – арым: миятым барым» деп, ақын ұятты армен тіркес көрсетеді.
Ардың қозғаушы күші – намыс. Қазақ – намысшыл халық. Әрбір тұлға «намысқа тырысып», қатарынан қалмауға, алға қойған мақсаттарын орындауға бар күшін (намысын) салады. «Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан» деп Абай дана арсыз адам, табансыз, адамдығы жоқ пенде екендігін айтады.
«Ақыл, қайрат, жігерді бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деп, Абай дана арлылық қасиеттің қалыптасуы ақыл мен қайратқа байланысты екенін ғибраттап көрсетеді.
Арлылық – ақыл–парасатын көрсететін құбылыс. Ақылсыз адам – арсыз надан. Онда іс әдебі, сөз мәдениеті, ой жүйесі болмайды. Арсыз адам жарасым, талғам дегенді білмейді, көркемдікті қорлайды.
Арлылық – жан тазалығы мен тән тазалығын көрсететін қасиет. Ақниетті сана, ақжарқын тазалық болмаса, арлылықтың қадірі білінбейді.
Арлылық – адамгершіліктің биік шыңы. Ар–намысты халық – жеңімпаз халық. Біз – сол жеңімпаз халықтың ұрпағымыз.
Бірлікшілдік әдебі
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деп, қазақ халқы тіршіліктің тікелей негізі – бірлік екенін қағида етіп, ұрпағы бірлікке тәрбиелейді.
Бірлік бірлесу, достасу арқылы іске асырылып, адами өмірдің ерекшелігін көрсетеді.
Бірлесу бірігу, топтасу, қауымдасу, ұжым құрумен қалыптасады. Екі адамның бірігуі, бірнеше адамның топтасуы, бірнеше топтың қауымдасуы, қауымның, ұжым құруы – бірлікшілдіктің негіздері болып табылады.
Бірлікшілдік басшылардың біліктілігімен, даналығымен қалыптасатын қасиет (ұлттық әдеп). Қазақ халқының бірлігін Жәнібек хан, Есім хан, Қасым хан сынды хандар, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты билер мен дала данышпандары және көреген көсемдері, батырлары қалыптастырған болатын.
Бірлікшіл халықтың ұрпағы «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген ұлттық қағиданы берік ұстап, тірлікте жеміске, бірлікте жеңіске жетіп отырған. Әрбір тұлға бірлікшілдік қағиданы берік ұстанса, мақсатына жетеді.
Бірлікшілдіктің берік белгісі достықтан көрінеді. «Қанды көйлек киісіп, жүректері түйісіп» дос болу – ата салты. Дос – достық үшін жанын қияды. Шын достық – адамгершіліктің шыңы. Оны біз тарихта Исатай мен Махамбеттің достығынан көреміз. «Досыңа достық - қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол» деп Абай дана достық жолын ашып көрсетеді. «Кейбір дос бүгін тату, ертең – сату» деп, Абай табансыз дос дұшпандай болатынын сақтандырады.
Бірлікшілдік – адами қасиет, ұлы қағида.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет