Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет44/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
Кітап Тәрбие

Ашуланшақтық мінезді тәрбиелеу
Сабырсыздықтан, жек көруден, қараниеттіліктен, теріс ойлаудан, ызақорлықтан, кекшілдіктен, амалсыздықтан пайда болатын ашуланшақтық мінез жеке тұлғаның да, оның айналасын да абыройсыздыққа ұшыратады.
«Сабыр түбі – сары алтын» деп, халық сабыр сақтауды уағыздайды. Сабыр сақтамаған адам ашуға жол береді. Ашу ойды, іс-әрекетті бұзады. Ойы жеңіл адам абайламай қателік жасайды, қателік қасіретке ұшыратып, ашу шақырады.
Жек көру, көбінесе, іштарлықтан пайда болады да, қарсылық (қайшылық) туғызады. Әрбір адамның тек жамандық жағын көріп, жақсылық жағына зер салмаса, ол адам жеккөрінішті болып көрінеді, ашуланшақтың ашуын туғызады.
Қасарысқан қараниеттілік ой ақымақ адамның ашуын туғызады. Іштарлық, көреалмастық титығын құртқанда, қараниет адам қатты ашуланғанын сезбей де қалады. Оның «аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққанын», (дөрекі, былапыт сөйлегенін) айналасындағылар аңғарып, азаптанады.
Кейде ашу (албасты) теріс түсінуден пайда болады. Ондай кезде ашуланған адамға сабырлы түрде түсінік беру керек. Бірақ ашуланшақ адам тез түсіне қоймайды.
Ызақор адам ашуланшақ болады. Ыза болу – намыстану емес, өз кінәсін мойындамау, сабырлы адам санасыз мінез көрсетіп, ызаланбайды.
Кекшілдік кесірлі адамның ашуын туғызып, «кек алу» үшін ашуын құсады. Сабырлы адам ондай «құсудың» артын күтіп, ақыл–сабыр сақтауға тиіс.
«Ашу келсе, ақыл кетер, ақыл келсе, ашу не етер?», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», «ашу аянбайды, ақыл аялдайды» деп, халық ұрпағына ашуланшақтық мінезден қашық болуды үйретеді. Ашуланшақтық мінезді сабырлықпен тәрбиелеу керек.


Аңғалдық мінезді тәрбиелеу
Әбестік, аңғармаушылық, бағаламаушылық, білместік, тәжірибесіздік, әуейлік, әсірелік арқылы көрінетін бұл мінез жеке тұлғаны ұятқа қалдырады.
Әбестікпен байқамай сөйлеген, байқаусыз іс-әрекетте қателік жіберген адам туралы халық «аңғармай сөйлеген ауырмай өледі», «ауыздан шыққан түкірік қайтып жұтсаң мәкүрік» деп, қатты сынайды, «байқамасаң, басың кетеді» дейді.
Байқаусыздық аңғармаушылықтан пайда болады. «Аңғармаған ақылдан танады» деп халық аңғарымпаздықты уағыздап, ұрпағын байқаусыздықтан аулақ болуға тәрбиелейді, «аңғармасаң, арың төгіледі» дейді.
Жеке тұлға іс-әрекетті, жеке тұлғаны бағалай білмесе, байқаусыздықпен бағалауда көп кемшілік жіберіп, «бағасыздыққа» ие болып, беделі төгіледі. «Байқамай бағалаған» адамның қате бағасын халық кешірмейді, оның «қателігін» түзетуді талап етеді.
Байқаусыздық, көбінесе, білместіктен пайда болады. «Өз тіліңді білмесең, өкінесің, күнде сен» деп халық білместікпен (байқамай) айтылған сөз үшін жеке тұлғаны қатты жазғырады, ана тіліне жауапкершілікті талап етеді.
Байқаусыздық, кейде, тәжірибесіздіктен пайда болады. «Көргендінің ісі қонымды, сөзі орынды» деп, халық көргенді (тәжірибелі) адам байқампаз болатынын үлгі етіп көрсетеді.
Әуейлікпен (жеңілтектік) көрінетін байқаусыздық мінезді халық «әуейлік сөздік әрі жоқ» деп сынап, жастарды әуейліктен қамық болуға тәрбиелейді.
«Әсіре қызыл тез оңар» деп, халық әсірелікпен байқамай кесір мінез көрсетудің жаман екенін жастарға жария түсіндіреді.
Байқаусыздық мінезді ескерту, мойындату, талап ету тәсілдері арқылы тәрбиелеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет