Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет40/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Кітап Тәрбие

Салауаттылық мінез тәлімі
Салауаттылық-жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, саналығын, сергектігін көрсететін ұлттық мінез.
Жан тазалығы, тән тазалығы, сөз тазалығы, ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшемдері болып табылады. Жаны жайсаң, тәні таза, ана тілінде таза сөйлейтін, жамандық ойламайтын, жақсы ниетті адамды салауатты адам дейміз.
Өз тілін, өз ділін, өз дінін құрметтейтін тақуа адам нағыз адам. Тілдің құдыретін бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қалыптастыра білген тұлға - салауатты.
Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ. Ақ жүректі, ақпейілді адам жақсылық жасайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы -салауаттылығында».Салауатты адам денсаулығын сақтай біледі.
«Әр істің қалпын біл, арыстын салтын біл» деген қағиданы берік ұстанып, салауатты адам тіршілік салтын, күнделікті іс тәртібін қалыптастырып, оны дәстүрге айналдырып, өмір жүйесін өрнектеп өткізеді.
Саналы адам рухани құндылықтарды жансүйе қабылдап, жан тазалығын күтіп, ой кеселдерінен аман болады. «Ердің саналығы - салауаттылығында», «Барға салауат, жоққа - саламат» деп халық салауаттылықтың бір құндылығын - қанағат екенін өсиеттейді.
Салт-сананы игеріп саналы тұлға болған адам салауаттылық қасиеттерін бойына сіңіріп, ойына дарытады.
Салауатты адам сергек болады. Ол әрқашанда ішкіліктен, темекі тартудан, артық сөз айтудан, дөрекі сөйлеуден аулақ болып, өзгелерге өнеге көрсетеді.
Біз ұлттық тәрбиеде салауаттылық мінезді жастарға өнеге тұтып, оларды салауаттылыққа тәрбиелейміз.


Ұлтжандылық мінез тәлімі
Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық әдеп, ұлттық рух, ұлттық дәстүр, ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі.
«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» деп қазақ халқы ұрпағын отансүйгіштікке тәрбиелейді. Ұлы күрестерде, қилы–қилы замандарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелейді. Қазақ ұлты қан төкпеген, қанішерлерді ұлттық ақыл-айламен жеңіп, ұланғайыр жерін, ержүрек елін қорғап қалған.
Қазақ ұлтының ұлттық санасы адамзатты ардақтау, кісілік жасау: қайырымды, мейірімді болу, қонақжай, өнерпаз болу, ізетті, инабатты болу қағидаларын санаға сіңіру арқылы қалыптасқан. Сананы сансырату салдары болғанмен, қанға сіңіп, қалыптасқан ұлттық сана елдің ертеңінен де көрінері - қақ.
Қазақ халқы ұлттық әдепті бойына сіңіріп өскен ұрпақты ұлағаттайды, әдептілік мінез қалыптасқан ұлттық әдептіліктің үлгілерін уағыздайды. Әдепті халық ұлттық әдепті қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.
«Адамға екі нәрсе тірек – тегі. Бірі – тіл, бірі – ділі жүректегі» деп ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақтың ұлттық рухы оның ұлттық тілінен, ұлттық ұлағатты болмысынан көрінеді. Қазақ – рухы биік халық.
Қазақ халқының ұлттық салт–дәстүрлері (әдет–ғұрып, әдеп, дәстүр, салт–сана, одан туындайтын жөн–жарғы, кәде, рәсім, ырым, тыйым, сенім, обал - сауап) қадымнан қалыптасқан ұлттық мәдени кредосы (негізі) болып табылады.
Ұлтжандылық мінез қазақ халқының ержүректік, қонақжайлылық, қайырымдылық, имандылық, әдептілік қасиеттерімен қалыптасқан.
Ұлтжандылық мінез әрбір қазақтың қажеттілігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиетті жастардың бойына сіңіре білу үшін біз дидактикалық тәсілдерді қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет