Семинар сабақтары:
Ұлттық әдеп туралы теориялық тұжырымдар.
Ұлттық тәрбиедегі сөз мәдениеті.
Ұлттық тәрбиедегі іс-қимыл мәдениеті.
Үлттық тәрбиедегі қарым-қатынас мәдениеті.
Ұлттық тәрбиедегі мінез мәдениеті
Ұлттық тәрбедегі еңбек мәдениеті.
Аралық бақылау жұмыстары
«Ұлттық сыйласым» тақырыбына ойжарыс жобасы .
Ұлттық сананың тәрбиеге әсері
Ұлттық әдеп.
Ұлттық тілдің тәрбиелік мәні.
Ұлттық намыстың тәрбиелік мәні.
Ұлттық рұхтың тәрбиелік мәні.
Ұлттық мінездің тәрбиелік мәні.
Ұлттық тәрбиенің түрлері
Ұлттық тәрбие әдістемесі.
Теріс мінездерді тәрбиелеу тәсілдері.
Халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мәні.
Бір кейіпкердің мінезін талдап,тәрбие тәсілдерін жазыңыз.
Студенттердің өзіндік жұмыстары.:
«Ұлттық мінез» тақырыбына сызба түзіңіз.
«Отбасындағы тәрбие» тақырыбына сызба түзіңіз.
«Балабақшадағы ұлттық тәрбие» тақырыбына сызба түзіңіз.
«Мектептегі ұлттық тәрбие» тақырыбына сызба түзіңіз.
«Жоғары оқу орындарындағы ұлттық тәрбие» ( сызба)
«Тәлімгер ұстаз» тақырыбына сызба түзіңіз.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ұлттық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдiстемелiк негiздерi
Ұлттық тәрбие жұмысын жан-жақты, жеткiлiктi ұйымдастыру үшiн, ең әуелi оның әдiс-тәсiлдерiн жақсы бiлуiмiз керек. Тәрбиенiң әдiс-тәсiлдерiн бiлу, оны қолдану iсi отбасынан басталады, балабақшада, мектептерде жалғасын табады.
Тәрбие iсiнiң сендiру, iс-әрекеттi қалыптастыру, мiнез-құлықты қалыптастыру сияқты әдiстерi бар. Тәрбиенiң негiзгi әдiсi – сендiру. Адам үмiт, сенiм арқылы болашаққа ұмтылады. Сендiру әдiсiнiң негiзгi тәсiлдерi: көрсету, қызықтыру, ұғындыру, айқындау, дәлелдеу, қорытынды жасау.
Адам өмiрiн, оның адамдығын сақтап тұрған «төрт құдiреттiң» (күн, ауа, су, жер) құдiреттiлiгiн көрсетiп, ұғындырсақ, жаратылымның заңдылықтарын тәрбиеленушi дұрыс түсiнiп, өмiр заңдылықтары – бiртұтас құдiреттi дүние екендiгiн ұғынып, сол кереметке сенедi. Адам туғанына және өлетiнiне сенедi. Өмiр (жарық дүние) бәрiнен қымбат. Оны жасау үшiн, жеке адам алдына саналуан мақсаттар қояды: келешектен үмiттенедi, үмiтiне жетiп, одан арғы болашаққа сенедi. Адамды ертеңгi үмiт, болатын болашақ алға ұмтылдырады, ынталандырады. Бұл әрекеттердiң сендiру арқылы пiкiрлесу, пiкiрталас, әңгiме тәсiлдерi арқылы талданып, тұжырымдалады.
1. Жеке тұлғаның сенiмiн қалыптастыру үшiн, болатын iс-әрекеттi, бар құбылысты шәкiртке әсерлендiре көрсетуiмiз керек (мысалы, теледидар, кинофильм, компьюторлық көрiнiстер, қарапайым көрiнiстер т.б.). Тәрбиеде халықтың «көргендi» деген сөзi бар. Жақсы iс-әрекеттi, өнегелi адамның үлгi-өнегесiн көрiп өскен бала, игi iс-әрекетке бейiм болады. Сендiру әдiсiнiң «көрсету» тәсiлi осы iзгi әрекеттен басталады.
Сендiрудiң қызықты тәсiлi – қызықтыру. Әдетте қызықтыру тәсiлiнде, негiзiнен, жақсыны көрсетiп қызықтыру – тәрбиелiк нәтижесiн бередi. Ал, баланың «қызығуына» «қорқынышты», «қанқұйлық соғыс», «өлтiргiштер», «баскесерлер» туралы кинофильмдердi ұсыну - әрi қылмыс, әрi тәлiм-тәрбиеге жат құбылыс.
Тәрбиеленушiнiң сенiмiн қалыптастыру үшiн, сенiмдi iс-әрекеттiң пайдалы жақтарын дәлелдеп, айқындап, оның «көзiн жеткiзу» қажет. «Бiлiм – таусылмайтын қазына» деймiз. Сол ұғымның дұрыс екенiн өмiрден мысалдар келтiрiп, дәлелдеймiз, тәрбиеленушiнiң өз бiлiмiмен тәлiмдiк тәсiлiмiздi айқындаймыз, сөйтiп ой тұжырып, қорытынды жасаймыз. Сендiру тәрбиеленушiнiң жаңа қасиеттерiн қалыптастырады.
2. Тәрбиенiң екiншi әдiсi – тәрбиеленушiнiң iс-әрекетiн қалыптастыру. Ол үшiн: көрсету, үйрету, ұғындыру, жаттықтыру, дағдыландыру, талап ету, мәжбүр ету тәсiлдерi қолданылады.
Тәрбиеленушiнiң жақсы, ұнамды, пайдалы iс-әрекетiн қалыптастыру үшiн ең әуелi ол ұнататын, оған қызықты әсер ететiн, бiз үйретуге тиiстi игi iс-әрекеттi көрсетемiз (жеке өзiмiз немесе басқа кейiпкер арқылы, кинокадрлар арқылы т.б.). «Көрген – көргенiн iстейдi, көсеу – түрткенiн iстейдi» дегендей, жақсы, әсерлi iс-әрекеттi шәкiрт тез үйренiп алады.
Тәрбиеленушiнiң игi iс-әрекеттерiн қалыптастырудың негiзгi тәсiлi – үйрету. Үйретудiң де «жөнi» бар. Iс-әрекеттi бiрден үйренбеген шәкiртке «сенен түк шықпайды» десек, әрi оның сағын сындырамыз, әрi өзiмiздiң беделiмiз төгiледi. Үйрету - әсерлi, лайықты, қызықты, түсiнiктi болуға тиiс. Үйреткен нәрсенi шәкiрт құрғақ, жаттанды, бос қайталау ретiнде, ұғынбай қабылдаса, онда ұстаз тәрбие iсiнде өз мақсатына жетпейдi. Сондықтан ұстаз шәкiртiнiң үйренген нәрсесiн қалай ұққандығын зерлеп, зерттеп, әңгiмелесiп, толық бағалай бiлуге тиiс. Ол үшiн ұғындыру тәсiлдерiн (көз жеткiзу, дәлелдеу, байқау) кеңiнен, еркiн қолдануымыз керек.
Адамгершiлiк, имандылық тәсiлдерiн үйретiп, жеке тұлғаның бойына дарыту үшiн, iс-әрекеттi әсерлеп, қызықтыра ұғындыру, жаттықтыру, дағдыландыру, талап ету, мәжбүр ету тәсiлдерi қолданылады.
Имандылық тәлiмдерi, көбiнесе, халық педагогикасы және дiни тағылымдар арқылы жүргiзiледi. Иман – арабша сенiм деген ұғымды бiлдiредi. Дiнге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептiлiктiң, яғни адамгершiлiктiң мәнiн беретiн ұғыммен ұштасып, әлеуметтiк әдептiлiктi көрсететiн мәнге ие болған. Өмiр заңдылықтарына айқын сенiммен қарап, адамгершiлiк рәсiмдерi мен уәждерiн, мiндеттерi мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын, ақ ниеттi, адал жүректi, көпшiл адамды – иманды адам деймiз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкiл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейiр шапағатын төгiп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзiр тұрады, әркiмге әдеппен, iзетпен, инабатпен қарайды. Имандылық иiрiмдерi арқылы жеке тұлғаға имандылық үрдiстерiн үйреткенде, бiз, иманды адамның бойында болатын осы қасиеттердi қастерлеп көрсету, әсерлендiре баяндап, ынталандыра ұғындыруымыз абзал.
Тәрбиеленушiнiң iс-әрекеттiк қабiлетiн қалыптастырудың бiр тәсiлi – үйреткен iс-әрекет бойынша оны жаттықтыру. Мысалы, «ассаламу алайкум!» деп ниет бiлдiру, «төрге шығыңыз!» деп құрметтеу рәсiмдерiн тәрбиеленушi бiрнеше рет айтып, жаттыққан соң, ол игi дағдыға айналып, ал дағды бiржола санада қолданылмалы әдептiлiк дәстүрi болып қалыптасады. Мәдени өмiр имандылық тәлiмдерiнiң нәтижелi болуын талап етедi. Өмiр талабын орындамаған тұлға өзiнiң мәдениетсiздiгiн көрсетедi.
Жеке тұлғаның игi iс-әрекетпен қалыптастыруы үшiн тәрбиешi мәжбүр ету тәсiлiн қолданады. Мәжбүр етудiң үш түрi бар: өмiр мен жағдайдың мәжбүр етуi, жеке тұлғаның өзiн-өзi мәжбүр етуi, тәрбиелеушiнiң мәжбүр етуi. Сол сияқты талап қоюдың да тәлiмдiк тәсiлдегi мәнi зор. Мәжбүр етуде тәрбиеленушi iс-әрекеттi «амалсыздан», «сөзсiз» орындауға мәжбүр болса, «талап қоюда» тәрбиеленушi өмiр талабына, өзiнiң алға қойған талабына, тәрбиелеушiнiң талап қоюына байланысты iс-әрекет, iс-қимыл жасайды.
3. Тәрбиеленушiнiң мiнез-құлқын қалыптастыру әдiсi: Тәрбиеленушiнiң жеке тұлғалық, темпераменттiк өз ерекшелiктерiне, мiнез-құлқына, тұрмыс-жағдайына, денсаулығына байланысты, оның мiнез-құлқындағы келеңсiздiктердi түзеп, мiнез-құлқын жақсарту үшiн, оның мiнез-құлқындағы (психологиясындағы) игi қасиеттердi одан әрi дамыту үшiн, мадақтау және жазалау тәсiлдерi қолданылады.
«Жақсының жақысылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» дейдi халық. Ең әуелi, тәрбиеленушiнiң жақсы жақтарын анықтап, оны бағалай бiлу – тәрбиешiнiң бiрiншi парызы.
Достарыңызбен бөлісу: |