Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет76/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143
Кітап Тәрбие

2. Ұстаз шәкiрттерсүйедi, оларға қамқор болады. Егер ұстаз өз iсiн, шәкiрттерiн сүймесе, ол – ұстаз емес. Өз iсiн сүймейтiн, ықылассыз ұстазда бедел болмайды. Ал, шәкiрттерiн сүймейтiн «ұрысқақ» ұстазсымақтарды шәкiрттерi де сүймейдi, оның пәнiн жек көредi, оқушылар ұжымында тәртiп бұзылады, iстiң берекесi кетедi. Ондай жағдайда ұстаздың өмiрi – «қияметқайым» болады да, қоғамға да кесiрiн тигiзедi.
3. Ұстаздың саяси сауаттылығы, оның қоғамдық белсендiлiгi – ұстаздық беделiн арттыра түседi. Елiн сүймеген, ұлтын қастерлемеген «ұстаз» шәкiрттерiн отансүйгiштiкке тәрбиелей алмайды. Ұстаз өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдық құрылыстың мән-жайын, болашағын, мемлекеттiк өркениеттiк өмiрдiң ықпыл-жықпылын жақсы бiлiп, айқындай ажыратуға тиiс. Өйткенi ұстаз тәрбиесi қоғамдық өмiрмен байланысты болмаса, ол – баянсыз тiрлiк. Бiздiң қоғамда шәкiрттерге қоғам өмiрiн әсерлеп көрсету – қылмыс. Қоғамдық келеңсiздiктердi кесiп айту төрелiгi – ұстаздың бiр парызы болып табылады. Ұстаз философ, экономист, тарихшы, шешен, ойтапқыш болғандықтан қоғам алдына, тiптi мемлекеттiк басқарымға да өз ұсыныстарын, өз тұжырымдарын жайып салып, жариялауға тиiс болады.
4. Ұстаз өз пәнiн өте жақсы бiлумен қатар, барлық ғылым негiздерiн, әсiресе, әдебиет пен өнердi, халық педагогикасын жан-жақты терең бiлуге мiндеттi. Өз халқының әдебиетiн, дүниежүзi халықтарының таңдаулы әдеби шығармаларының, ұлттық өнер мен ұлттық тәрбиенi (халық педагогикасын) жақсы бiлмеген ұстаз, көп жағдайда, «әмбебап» емес екендiгiн шәкiрттерге сездiрiп қойып, өз беделiне нұқсан келтiредi. өз
5. Ұстаз халқының ұлттық мәдениетiн терең бiлiп, ол бiлiмiн оқу-тәрбие сабақтастығында саралап пайдалануға тиiс. Халық педагогикасы (этнопедагогика) – ұлттық мәдени мұра болғандықтан, ұлттық мәдениет – ұлттық тәрбиенiң нәтижесi болғандықтан, осы сабақтастықты тәрбие iсiнде қолдана бiлу – ұстаздық парыз. Ол үшiн ұстаз ұлттық әдебиеттi, этнографияны, әдеп пен рәсiмдердi, дәстүрлер мен салт-сананы, тiптi рәмiздердi де жақсы бiлiп оны тәрбие iсiнде тәптiштеп пайдалануға шебер болуға мiндеттi.
Ұстаз – иманды ұрпақты тәрбиелеушi. Ол - әдептi және әдептiлiктi шәкiрттерiне үйретушi үлгiлi тұлға. Иманды, әдептi, iлтифатты, iзеттi ұстаздың киiмi де, шаш қоюы да, жүрiс-тұрысы да – бәрi де жарасымды болуға тиiс. Таңдаусыз киiм, талғамсыз киiну – жарасымсыз болады да, ұстаздың беделiне үлкен нұқсан келтiредi. Ұстаздың жаны да, тәнi де, жолы да, орны да бәрi таза болуға тиiс. Хадисте «бiр күн ұстаздық еткен – бiр айлық ораза тұтып, намаз оқумен бiрдей» деп бекер айтылмаған. Мiне нағыз ұстаз болу үшiн ұстаз осы өмiр талаптарын толық орындауға тиiс.
Тәлiмгер ұстаздың тұлғалық бейнесi осылай толымды болса, ол нағыз ұстаз, халқының қадiрлiсi, шәкiрттерiнiң ең сыйласымды, сүйiктi жақыны болады.
Қазiргi және болашақ өмiр ұстаздардың алдына көп мiндеттердi қойып отыр:
а) өркениеттi елдердiң болашағы – жастарды жан-жақты тәрбиелеп, оларға терең бiлiм беру үшiн, ұстаз алдына қойылатын жоғарғы мiндеттердi толық орындауға тиiс;
ә) ұлағатты ұстаз өмiр сұраныстарына сәйкес өз бiлiмiн үздiксiз көтерiп, сана сапалығы мен жан тазалығын, ардың асқақтығын, ұлттық намысты қастерлеуге мiндеттi;
б) өскелең өмiр талаптары күн сайын жаңа мiндеттердi алға қойып, ұстаздарға көп нәрсенi жүктейдi. Ұстаз өзiне мiндеттегендi ғана атқармайды, ол үнемi «мiндеттенедi», жаңалық табады, iс-әрекеттi жаңғыртады (инновациялайды), ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарын үздiксiз дамытып отырады. Сонда ғана қазiргi және болашақ ұстаздардың қоғамдағы тұлғалық бейнесi айқындала түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет