Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


З. Драма үйірмесінің жұмыс тәсілі



бет94/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Кітап Тәрбие

З. Драма үйірмесінің жұмыс тәсілі. Драма үйірмесі арқылы да, және сахнада сценкалық, т.б. сахналық көріністерді ұйымдастыру арқылы да аудиовизуалдық үрдістердің әсерлік-тәрбиелік мәнін оқу ісіне пайдаланудың өз әдістері бар. Мысалы: "Ер Тарғын" жырынан "Ер Тарғын, Ақжүніс, Қарт Қожақ - үшеуінің кездесуін"; "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырынан Қарабай мен Сарыбайдың достасуынан басталатын диалогі мол үзінділерді сахнада ойнау үшін, рөлдерге бөліп, жаттап, безендірілген үрдісті сахнада актерлік дайындықпен көркемдеп көрсетуге болады. Әсіресе, эпостық шығармалардың этикалық, эстетикалық, отансүйгіштік (патриоттық) тарихи мәнін тереңірек түсіндіру үшін, эпостық шығармалардың инсценировкаларын толықтай немесе үзінді түрінде студенттер театры арқылы көркемдеп көрсетудің тәрбиелік, ұйымдастырушылық мәні зор.
Эпостық шығармалардың тәрбиелік мәнін лекцияда, аудиториядан тыс тәрбиелік жұмыстарда терең ашып, олардың тәрбиелік куатын шеберлікпен пайдалана білу ұстаздың дарыны мен жауапкершілігіне байланысты.
Драма үйірмесі драмалық шығарманы, инсценировканы, сценарийді, сценка мен тағы басқа сахналық көріністерді сахнаға қою үшін, ең әуелі сахнаға қойылатын қойылымдарды таңдап алып, содан кейін ондағы кейіпкерлердің рөлдерін әсерлі ойнай алатын студенттерді, бейімділігі мен қабілетіне қарай, рөлдерге белгілеп, одан соң, оларға актерлік іс-әрекеттерді үйрету қажет. Әрбір кейіпкер өзіне лайықты киім-кешектер мен қару-жарақтарды, аспаптарды даярлау арқылы дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Мысалы, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың диалогін сахнада көрсету үшін, сол рөлдерді ойнай алатын, соған лайықты студенттер белгіленеді де, сахнаны безендіру ісі талқыланады.
Драма үйірмесіне қатысатын студенттер түгелдей сахналық қойылымның мәтінін талқылауға, шығарма кейіпкерлерінің рөлін ойнаушыларды таңдауға белсене қатысады, сахнаны шығармадағы оқиға желісіне байланысты безендіруге қатысады.
Драма үйірмесінің жетекшісі студенттерге актерлық шеберліктерді үйретеді. Ол үшін студенттерге "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" кинофильмін, сахналық қойылымды көрсетіп, әңгіме желісі арқылы дарынды студенттерді актерлықты үйренуін ұйымдастырады.
Ұлтгық тәрбиеде айтыс, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет