Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Тақырыбы: жұмбақ айтысу. Мақсаты



бет96/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143
Кітап Тәрбие

Тақырыбы: жұмбақ айтысу.
Мақсаты: Студенттердің әмбебап білімдарлығын арттыру.
Көрнекілік: студенттердің жаңама жұмбақ ойлануына арналған заттар.
Әдісі: Семинар сабағын ойлану, ойын тәсілдерімен ұйымдастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: Ой жарысты бағалайтын әділ қазы алқасын сайлау.
1. Студенттерге "жұмбақ айтысу" ойынының шарттарын баяндау:
а) Студенттер екі топқа бөлінеді.
ә) Әуелі жалпы тақырып хабарланып, (мысалы, оқу, білім, ғылым туралы жұмбақ) сол тақырып бойынша белгілі уақытта әрбір топтың қанша жұмбақ тапқаны есептеледі.
б) Жұмбақ шешу ойжарысы ұйымдастырылады: әрбір топтың жетекшілері арқылы а) Бірінші топ жұмбақ айтады; ә) Екінші топ жұмбақ шешеді. Егер екінші топ жұмбақ шеше алмаса, бірінші топ ол жұмбақты өзі шешеді де, бүл топтың есебіне белгіленген балл қосылады. Әрбір 5 минөт сайын жұмбақ айту кезегі ауыстырылады.
в) Студенттерден (оқытушы ғалым бастаған) сайланған әділ қазылар алқасының қорытындысы. Хабарланады.
2.Студенттердің жаңаша жұмбақ ойлауы үшін заттар (немесе заттардың суреттері) көрсетіледі де, уақыт белгіленеді.
Белгіленген уақытта өрбір топтың ойлап тапқан жұмбақтарының есебі алынады.
З.Біліктілік танытып, үздік шыққан студенттер мен студенттер тобы марапатталады.
4.Студенттерге бірнеше тақырыпта жүмбақ тауып, өзі ойлап шығарған жұмбақтарын қосып жазып келу тапсырма беріледі:
а) Туған жер, Отан туралы жұмбақтар
ә) Білім, кітап, ғылым туралы жұмбақтар
б) Үй мүліктері туралы жұмбақтар
в) Табиғат туралы жұмбақтар.
(Жұмбақ тақырыптары студенттерге жеке-жеке және топ-топқа бөліп беріледі).
Қазақ этнопедагогикасы пәні бойынша белгіленген семинар сабағында санамақтар мен мақал-мәтелдерді жарыса айту ойыны студенттердің ынтасын, тапқырлығын арттырады.
Мақал-мәтелдерді жарыса айту ойыны.
1. Студенттер екі топқа бөлініп, олардың басшылары сайланады, жарыса айтысудың шарттар белгіленеді.
2. Жарыса айтысатын мақал-мәтелдердің тақырыптары түзіліп, тақтаға жазылады, немесе сол тақырыптар түзілген кесте тақтаға ілінеді:
Туған жер — Отан, ел, халық туралы; Еңбек пен кәсіп туралы; ЬІнтымақ, бірлік туралы; Батырлық, ерлік туралы; Адам жөне оның қасиеттері туралы; Өнер-білім туралы; Үлгі-өнеге, тәрбие туралы; Тіл өнері туралы; Отбасы туралы; Төрт түлік мал туралы; Түрлі кәсіптер туралы; Жақсылық пен жамандық туралы; Достық пен қастық туралы; Өмір, заман туралы; Денсаулық, тазалық туралы; Жан-жануар, табиғат туралы; Жаман және жақсы мінез туралы.

  1. Белгілі бір тақырып бойынша шақтаулы (5 минөт) уақыт белгіленіп, сол уақытта студенттердің тапқан не ойлап шығарған мақал-мәтелдің саны белгіленеді. Студенттер сол уақытта тапқан мақал-мәтелдерді жазып, соңынан баяндайды (жазғандарын оқып береді).

  2. Семинарлық сабақтың жарыса айтысуға арналған уақтысы аяқталған соң, оқытушы-ғалым (әділ қазылар алқасының төрешісі) жеңімпаздарды хабарлайды (әуелі жеке топты, содан соң үздік шыққан жеке студенттерді атайды).

Сол сияқты санамақты жарыса айту ойыны да жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолдану жолымен өткізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет