Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет102/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Кітап Тәрбие

Пікірталастың даярлық кезінде (бір апта бұрын) даярлану апталығы өтеді; онда студенттер мына төмендегі күні бұрын тиісті орынға тізімі іліп қойылған сұрақтарға жауап беруге даярланады.
Пысықтау үшін қойылатын сұрақгар:

  1. "Әдеп" деген сөздің мағынасы, мәні туралы айтыңыз.

  1. "Әдеп" деген терминнің "этика", "этника" деген терминдерден айырмашылығы бар ма? Мысал келтіріңіз.

  1. Әдет-ғұрып, әдеп, әдептілік туралы пікіріңіздіайтыңыз.

  2. Сіз өзіңіз отбасында, көпшілік ортасында, ұжымда, көшеде әдеп сақтай білесіз бе?

  3. Студенттер арасындағы қалыптасқан әдептілік дәстүріне нұқсан келтіретін келеңсіз жағдайлар бар ма? Бар болса, оны қалай түзеуге болады?

  4. "Әдептілік", "тәртіптілік", "мәдениеттілік" деген сөздерді сіз қалай үғынасыз? Бұл сөздердің өзара байланыстылығын айқындаңыз.

  5. "Әдептілік" пен "имандылық" сөздерінің өзара байланысы туралы айтыңыз. Бұл ұғымдардың бір- бірімен сабақтастығы ұлттық ерекшелікті білдіретін үрдіс екенін айтыңыз.

Бұл пікірталас үрдісі әдептілік туралы "Әдептілік-әдемілік", "Әдеп-мәдениеттің белгісі", "Үлкеннен-ізет, кішіден-әдеп", "Әдептен озбайық", т.б. плакаттармен және "Әдептілік нұры" атты қабырға газетпен (немесе компьютерлік слайдпен) безендіріледі.
Жоғарғы жеті сұрақтың әр сұрағы талқыланған сайын, жеке студенттер сол сұраққа лайықты ән немесе тақпақ айтып, күй тартып, кеш қызығын түрлендіріп отырады.
Пікірталас кешінің соңында арнайы шақырылған ғалымдар төрелігін айтып, пікірталастығы талғамдылық пен талдау қабілеті басым студенттердің атын атап, оларға белгіленген сыйлықтарды ұсынады, немесе түрлі марапаттау тәсілдерін қолданады.
Пікірлесу, пікірталас тәсілі бойынша, әңгімелесу, дөңгелек стол ұйымдастыру, берілген сұрақтарға жазуша жауап жазу, радиода, теледидарда, басылымдарда пікірлесу және пікірталас ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Қазақ этнопедагогикасының тақырыптары мен негіздеріне байланысты пікірталас, көбінесе арнайы семинар сабақтарында іске асырылады. Мысалы:
Қазақтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні туралы тақырыптық талдау кезінде үйлену тойын өткізу дәстүріндегі "беташар" рәсімінің қәзіргі жаңа түрінің ертедегі түрлерінен қандай айырмашылығы бар?
Тойды жаңаша өткізу үшін қандай музыкалық және көркемсуреттік, аудиовизуалдық тәсілдерді қолдануға болады?
Сіз қандай жаңаша, өркениетті нұсқаларды білесіз?
Беташар рәсіміндегі беташар жырын сіз музыка аспабымен сүйемелдеп айта аласыз ба?
Тойда беташар бастап, өнер көрсеткендерге "ақы" төлеу әдептілікке жата ма?
Өнерді сыйлау мен ақы төлеудің қандай айырмашылықтары бар?
Беташар жырының көркемдігі қандай болуы керек?
Осы сияқгы тағы басқа тақырыпты сұрақтар қойып студенттердің пікірталас кезіндегі білімдарлығы мен әмбебап іскерлігін, ойшылдығын байқап, ұстаз ғалым ой тұжырымдайды.
Студенттердің ынтасын қоздырып, ықыласын арттыру үшін, оларды екі топқа бөліп, сол топтардағы белсенді қатысушыларды мадақтай отырып, әрбір топқа балл есебін белгілеп, ұстаз-ғалым пікірталастың жеңімпаздарын айқындап ондағы бағаларды жалпы рейтингтік есепке ендіріп отырса, пікірталастың тиімділігі мен нәтижелігі арта түсері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет