Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу


Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмалары



бет26/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

10.Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмалары
1.«Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері» тақырыптарына қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ) жасаңыз
2. Бүгінгі тақырып бойынша глоссарий жасау.

9 - дәріс


1.Дәріс тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану


2.Дәрістің жоспары:
1.Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды (АКТ) пайдалану ерекшеліктері
2.Оқытудың компьютерлік технологиясы
3.АКТ құралдарының бірі электрондық басылымдар


3. Дәрістің мақсаты: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану туралы студент білімдерін теориялық, практикалық тұрғыдан дамыту. Практикада жұмсалу сипатын мысалдар арқылы нақтылау.

4. Дәріс мазмұны:
Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдануда «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім», -деп, Мұхтар Әуезов айтынындай, бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты болып отыр.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:
- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.
Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) кешенді пайдалану.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз.

Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады.Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет