Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу


Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз



бет27/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру үрдісі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т.б. Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да,үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлем бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды. Компьютерлік оқыту дегеніміз - оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атауда.Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады. Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.Осылайша сабақ тақырыбына сәйкес оқулықтан тыс қосымша материал пайдалану оқушылардың ой-өрісін өсіреді, шет елдік әріптестерін қиналмай түсінуге көмегін тигізеді. Қазіргі уақытта автоматтандырылған оқыту жүйеснің бір жіктелуі жоқ. Бірақ, көп жұмыстарда әдістемелік мақсатына қарай олардың жүзеге асырылуы компьютерлік оқыту бағдарламалары енгізуде олардың ортасында келесі типтер ерекшеленеді. 1. Тренажер-бағдарламалар іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және бекіту үшін тағайындалған және де оқытылатындардың өздерін дайындау үшін. Бұл бағдарламаларды қолданған кезде, оқитындар теориялық материалды біледі деп жорамалданады. 2. Бақылаушы бағдарламалар - нақты білім немесе іскерлік деңгейін бақылау үшін тағайындалған. Белгілі, оқитындардың білімін бақылау өзімен ең бір маңызды және сол уақытта ұйымдастыру мінездемесі бойынша және зерттеудің теориялық деңгейі бойынша оқыту үрдісінің ең бір нашар тізбегін ұсынады. Қазіргі бақылау формалары мен әдістердің негізгі кемшілігі мынада: олар көп жағдайларды, қажетті тұрақтылықты және оқу ақпаратын меңгеру сапасындағы бағаның инварианттылығын және де осы бағаны, ақиқат білім деңгейінің адекваттығын қамтамасыз етпейді. Оқу барысын бақылауын жетілдіру түйік проблемасының құрастырылатын білім, іскерлік және дағды бағасының ақиқатының жоғарлау проблемасы айналасында концентрациялануы керек. Бұл проблеманы екі аспектіде қарастыруға болады: біріншіден, оқитындардың шын білім деңгейлерінің педагогикалық бағасының сәйкестік дәрежесінің өсуі ретінде; екіншіден, мынадай құрастыру және тарату әдіс тәсілдерімен бақылау, олар мұғалімнің субъективті орнатуларынан және кездейсоқ факторлар бағасынан тәуелсіз болуын қамтамасыз етуден тұрады. Сәйкес бақылаушы бағдарламалар дестелерін қолдану оқыту нәтижесін және оқытушы еңбегінің үнемділігін көтеруге мүмкіндік береді, сонымен бірге бақылауға талап етілетін тұрақтылықты және мұғалімнің субъективті орнатуларынан тәуелсіздерін береді. 3. Жаңа түсініктерді меңгеру артықшылығымен бағдарланған тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалардың көмегімен оқыту диалог формасында жүргізіледі, бірақ үлкен бөлікте диалог оқытылатынның немесе түрлендіру жауабы негізінде құрастырылған фактілік диалогты құрайды.
4. Көрсетуші бағдарламалар оқу материалын көрнекі көрсетуде бейнелеп түсіндіру үшін тағайындалған. Оқытушы жаңа материалды түсіндірген кезде көрнекі құралдар ретінде компьютерді табысты қолдана алады. Оқу үрдісін интенсификациялау кезінде диалогты немесе интербелсенді графикада көрсетуші бағдарламаларды қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар.
5. Ақпаратты-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығару үшін тағайындалған. Келешекте оқитын оқуға дайындалған кезде немесе оқу кезінде модем және телефон байланыс жолы арқылы басқа компьютерлерге және кітапханаға қосылған дербес компьютерді қолдануға. Бұл жағдайда ол компьютерленген кітап каталогына немесе кезеңдік баспаға қатынауда ие болатын қажетті ақпаратты ала алады. Компьютер көмегімен оқушы ұйымдастырылған ақпарат қоймасына көптеген әртүрлі мәліметтер банкісімен қатынастар ұйымдастыра алады. Энциклопедия немесе кітапханалық қолдануды білу қалай маңызды болса, компьютер көмегімен ақпаратты алу солай қажет екенін білу керек.6. Имитациялық (еліктеуіштік) және модельдеуші бағдарламалары объекттер және оқиға “симуляция” үшін тағайындалған. 7. Егер оқиғаны іске асыру мүмкін болмаса немесе қиынға түссе онда бұл бағдарламаларды қолданудың маңызы өте зор. Бұндай бағдарламаларды қолдану кезінде абстрактілі түсінік нақты болады және оқытылатындардың арқасында жеңіл қабылданады. Одан басқа оқушылар жай массивті ақпаратты есте сақтауға қарағанда материалды белсенді меңгерген жағдайда көп білім алады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады: - оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау; оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау; мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру; оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал — компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту: жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету; бiлiм берудi телекоммуникациялық желiлерiн құру; Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АКТ құралдарының негізгі түрінің бірі электрондық басылымдар болып табылады. 
Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, математикалық өлшем бірліктер, графиктер, сызбалар және суреттер т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады. 
Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады. 
Сонымен, математика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математика саласы маманын педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалмағандары дұрыс. Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.Электрондық оқулықтар негізгі білім берудің электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады. Электрондық оқулық – ғылыми - педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі: теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі; сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақта сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.
Қорытындылай келе біздің мақсатымыз қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, оларды «оқи» білуге үйрету, стандартты емес жағдайлардан шыға білуге үйрету, қашықтан оқытуға үйрету, көп материалды аз уақытқа қабылдай білуге үйрету. Осылардың бәрін іске асыру үшін жаңа технологияларды сабаққа қолдана білу әрбір мұғалімнің міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет